Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3035 0 пікір 7 Шілде, 2009 сағат 04:10

Ләззат Кемелбаева. Сингапурдегі дағдарыс «саясаты»

Жаһанға жайылған дағдарыс «жүгі» әр елге әрқилы салмақ салуда. Сондықтан қаржылық тоқырауға мемлекеттің төтеп беру тәсілі де түрліше. Мәселен, Сингапур Үкіметі елді жаппай экономикалық дағдарыс жайлаған тұста халықтың оңды-солды «шашылмай» ақшаны үнемдеп, тиімді пайдалануын қатаң түрде бақылауға алды. Әсіресе, мұндағы билік басындағылар қымбат мейрамханалардан дәм татуға дағдыланған мырзалардың мейлінше аз қыдырып, анағұрлым арзан азық-түлікпен тамақтануына кеңес беруде.
Осындай әлеуметтік үгіт-насихат жұмыстары бүгінгі таңда Сингапурде қызу қолға алынды. Елдің саяси көсемдері тарапынан көтеріліп жүрген келелі кеңес күнделікті теледидар хабарламаларынан көрсетіліп, тіпті ақшаны үнемдеу жарнамасы көшелерден де жиі көріне бастады. Насихаттық  жұмыстың нәтижесі жаман емес. Бүгінде сингапурлықтар бағасы «ұшып» тұрған қалта телефондарына қызықпайтын жағдайға жетті.

Сингапур халқының кіріс деңгейі жөнінен әлемдік рейтингтің үшінші сатысында тұр. Соған қарамастан олардың дағдарысқа қарсы дайындаған саясаты өзгелерге ұқсамайды, мүлде тың жолды таңдаған. Мәселен, АҚШ, Қытай, Еуропа және Жапония елдері халықтың қаржысын жұмсауына басымдық беріп, қолдан келгенше жағдай жасап отыр. Ал Сингапурде  бәрі керісінше, олар жұртшылықтың қаржысын тиімді тұтынуын қатаң қадағалауға алған. Өйткені мұндағы 4,8 млн. тұрғын мемлекеттің ішкі нарығын «ұршықша» иіруге қауқарсыз. Елдің экономикасына қуат беріп тұрған экспорт кірісі де дағдарыс салдарынан  «құрдымға» кеткен.
Биылғы жыл Сингапурдың ауылшаруашылық саласына оңай соққалы тұрған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, мемлекетті соңғы 43 жылда болмаған тоқырау күтіп тұр. Бұдан екі жыл бұрын 7,7 пайызға күрт көтерілген елдегі ІЖӨ-нің өсу қарқыны былтыр 1,5 пайызға бір-ақ «сынып», биліктегілердің әжептәуір көңіл күйін бұзды. Дүниежүзілік банктің болжамынша, биыл мемлекет 2 пайыздық құлдырауға белді бекем бууы тиіс. Өйткені сиыр жылы сингапурліктерді жарылқайын деп тұрған жоқ. Керісінше, биыл мемлекеттің экономикалық ахуалы бүкіл Азия елдерінің ішінде ең төменгі көрсеткішті көрсетуі ықтимал.   
Әлемдік сарапшылардың сөзіне сенсек, жыл соңына қарай елдегі жұмыссыздар саны 2,2 пайыздан 5 пайызға «секіруі» мүмкін. Соңғы екі жылда жұмыс көзін 400 мыңға жеткізген сингапурліктердің биыл 30 мың жұмыс орнының «орнын» сипап қалуы ғажап емес. Сондықтан бүгінде қарапайым халық сарыуайымға салынбай, билік басындағылардың бұйрығын бұлжытпай орындауға ықыласты. Өйткені қаржыны тиімді пайдалану жөніндегі мемлекеттің ұстанған бағыты халыққа әжептәуір дем беріп тұр. Қысқасы, дағдарысқа дейін қаржысын қалағанынша «шашып» келген жұртшылық осы күндері шашылып-төгілмей жинақы жүретін болған. Мұндай жинақылықты қазақ өкіметі қазақтардан талап етсе қалай болар екен? Бірақ, ол үшін алдымен биліктің өзі үнемшілдік мәселесінде үлгі көрсете алуы керек.

«Нұр Астана» апталығы.

0 пікір