Сенбі, 23 Қараша 2024
Кеше мен бүгін 8118 3 пікір 10 Маусым, 2021 сағат 15:03

Тұрғыт Озал һәм қазақ-түрік достығының бастауы

Түркия Республикасының сегізінші президенті Тұрғытт Озал Малатья қаласының тумасы. Аанасы жағынан күрді қаны болған. Ол мұны ешқашан жасырмаған да. Тұрғыттың әкесі банк қызметкері болғандықтан, отбасы үнемі әр қалаға көшіп жүретін. Ол орта білімді Кония қаласында аяқтаған.

Тұрғыт Озал бала кезінен ұшқыш болуды армандапты. Алайда есектен құлап, қолын жарақаттаған Тұрғыт бұл бала арманын орындай алмаған. Оның қолдары зақымдандықтан кеміс өсіп, бір қолы екіншісінен қысқа болған. Мектептті тәмамдағаннан кейін Тұрғыт Озал Түркияның сол кездегі саяси кадрлар ұстаханасы - Ыстамбұл техникалық университетіне оқуға түседі.

Кейіннен аталған университеттің көптеген түлектері маңызды үкіметтік қызметтерде істеген. Олардың ішінде, елдің Премьер-министрі мен Президенті де осы университеттің түлегі еді. Университет оқытып шығарған саясаттағы шоқжұлдыздардың ең көрнекті өкілдері – Сүлеймен Демирел мен Нейметдин Ербакан.

Бұл университетте инженер-электрик мамандығы бойынша білім алған «болашақ президент» (Тұрғыт Озал) Техастың технологиялық университетіне оқуға түсіп, экономист мамандығын оқып шығады. Отанына оралып, электрлендіру жөніндегі бас дирекцияда директордың орынбасары ретінде жұмыс істей бастайды және сол кезден бастап елді электрлендіру мәселелерімен айналысады.

Әрі қарай, әскери борышын өтеп келгеннен кейін түрлі қызметтерде болып, университтетте дәріс оқиды. Кейінірек, Сүлеймен Демирелдің кеңесшісі, онда да Мемлекеттік жоспарлау ұйымына басшылыққа барады.

Әрі қарай, тағдыр бір-біріне ұқсас саясаткерлерді бірнеше мәрте тоқайластырған. Ал кейбір түрік тарихшылары тіпті, «Озал премьер-министрліктен кетіп, Сүлеймен Демирелмен текетіреске бармас үшін президент болды», - деп санайды.

Тұрғыт Озал Түркияда нарықтық реформалар жүргізді (1980 жылдың қаңтары):

*Ұлттық валюта девальвацияға ұшырады (32,7%). Валюта бағамының күнделікті бағасына көшу жүзеге асырылды;

*Мемлекеттің экономикадағы үлесі азайды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдаудың үлесі азайды;

*Энергетика, көлік және тыңайтқыштарды жеткізуден басқа барлық мемлекеттік субсидиялар жойылды;

*Сыртқы сауда ырықтандырылды. Шетелдік инвесторларға қолдау жасалды;

*Шетелдік мердігерлерге қолдау жасалды;

*Импорт пен экспортты ырықтандыру біртіндеп жүзеге асырылды;

*Салықты қайтару процессі реттелді;

*Несие бойынша пайыздық мқлшерлеме төмендетілді;

*Экспорттаушы тауар өндірушілерге кедендік баж салықтары алынып тасталды;

*Экономика саласы бойынша мемлекеттік қолдау жүйесі дамыды.

Бұл сандардың өзі Тұрғыт Озалдың экономикалық реформаларының тиімділігін көрсетеді. Түркияның экспорты 1980-90 жылдары, он жылдың ішінше 6 есе өсіп, 12 миллиард долларға жеткен. Оның үстіне Түркияның өнеркәсіп өнімдері ЖІӨ-нің 80 пайызын құрады. Бүгінде Түркия, әсіресе Ыстамбұл қаласы шетелдік туристер ағылған еуропалық жәрмеңкеге айналды. Оларды ежелгі ескерткіштер мен тарихи орындар ғана емес, сапалы және салыстырмалы түрде арзан түрік тауарлары да қызықтыратыны рас.

1992 жылға қарай Түркияның экспорт көлемі 20 миллиард долларға жетіпті. Бұл уақытта туризмнің табысы 2,5 миддиардтан 4 миллиард долларға дейін өскен. Ал Оңтүстік-Шығыс Анадолыны дамыту бағдарламасының маңызды бөлігі жүзеге асырылған кезде (ХХ-шы ғасырдың аяғында), Түркияда ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі екі есеге өсіпті. Осылайша, ХХІ ғасырдың басында Түркия әлемнің дамыған елдерінің біріне айналды.

КСРО ыдырағаннан кейін Т.Озал Орта Азия елдерімен, соның ішінде ең алдымен Қазақстанмен байланыс орната бастады. Тұрғыт Озал Түркияның жаңа сыртқы саясат тұжырымдамасын алға шығарды. Оның нәтижесінде Түркия аймақтық көшбасшыға айналуына тиіс еді.

1991 жылы наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен, Түркия президенті Тұрғыт Озал Қазақстанға келді. Бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы шет мемлекет басшылары ішінде Қазақстанға ресми сапармен келген алғашқы адам еді.

Келіссөздер Н.Назарбаев пен Т.Озал арасында өтті. Олар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты орнатуға және кеңейтуге қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Екі ел басшылары «Қазақ КСР мен Түрік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойды. Бұл Қазақстанның алғашқы халықаралық келісімі болды.

1991 жылы 25-26 қыркүйекте президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде екі ел басшылары «Өзара келісімдер туралы меморандумға» қол қойды. Онда олар іскерлік кеңес құру және осы саладағы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы мәлімдеме жасады. Көлік, әуе қатынасы, телекоммуникация, несие беру, сауда қатынастары, Қазақстаннан Түркияға табиғи газ жеткізуі, экономикалық ынтымақтастық, туризм және спорт, білім және технология саласындағы ынтымақтастық орнатылды.

Осылайша, 1991 жылғы наурыздағы президент Т.Озал мен 1991 жылғы қыркүйектегі президенті Н. Назарбаевтың алғашқы сапарлары Қазақстан тәуелсіздігінің соңғы 30 жылында табысты дамып және нығайып келе жатқан Қазақстан мен Түркия арасындағы жемісті ынтымақтастықтың берік негіздерін қалады.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434