Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 10498 12 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:40

Бізге екінші культ керек емес!

Президент Тоқаевтың қызметке кіріскенінің 2 жылдығына арналған материалдардың біразымен таныстым.

Содан бір түйгенім: бізде жеке басқа табынудың екінші кезеңі басталған сыңайлы. Өйткені, ол материалдардың дені - аспанға бөрік лақтырып, тек қана жетістіктерге тоқталу. Жағымпаздану элементтері де бой көрсете бастаған сияқты.

Меніңше, қоғам да, билік те Нұрсұлтан Назарбаевтың тұсында орын алған культті еш қайталамауымыз керек! Сол да жетеді. Бір адамның айтқанынан шықпайтын авторитарлы, волюнтаристік жүйеге қайта оралу - қате!

Меніңше, Тоқаевқа деген көзқарас мейлінше объективті болуы шарт.

Жақсы бастамасы боп жатса, қолдайық.

Халыққа кесірі тиетін шешім қабылдап жатса, ашық та өркениетті түрде сынайық, балама ұсыныс айтайық.

Және де президентке орынды сын айтқан адам міндетті түрде қудалануы шарт емес. Оны да бастан өткердік. Жетеді!

Жаңа Қазақстанда осындай озық әрі азат ойлы ұлттың менталитетіне сай келетін саяси дәстүр орната алса, Тоқаевтың жарағаны!

Осы күндері жарияланған бір жақты мақтау материалдарындағы бір қызық тенденцияны байқадыңыздар ма? "Екі жылдың ішіндегі олқылықтар мен кемшіліктерге президент емес, әлемдік дағдарыс, КОВИД, үкімет пен әкімдер кінәлі" деген ой қоғам санасына мықтап енгізіліп жатқандай.

Жанр заңдылығы бойынша, бұдан кейін "ол кемшіліктерге бұрынғы президент кінәлі" деген ақталуды да еститін шығармыз...

Президенттің бір де бір кемшілігі не қателігі айтылмайды.

Бір кемшілігін мен айтайын: парламентке, өзі құрған НСОД-қа билікке ашықтан-ашық, принципті әрі табанды сын айтып, сонымен бірге, ұлттық, мемлекеттік тұрғыда билікпен диалогқа баруға дайын демократиялық күштердің енгізілмеуі!

Әміржан Қосанның жазбасы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523