Сейсенбі, 29 Сәуір 2025
Билік 3977 0 пікір 16 Маусым, 2021 сағат 10:55

Мәжіліс: Комитет төрағасы сайланды

Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин  «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңға сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот - құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды.

Нұрлан Нығматулин ұсынып отырған кандидаттың білікті заңгер осы салада көптеген қызметтерді абыроймен атқарып келе жатқанын алға тарта келіп:

- Арман Төлешұлы үш шақырылымда Мәжіліс депутаты, соның ішінде, осы  Заңнама және сот – құқықтық реформа комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді. Осы Комитеттің жұмысын жақсы біледі, тәжірибесі де, білімі де  жеткілікті, - деді.

Айта кету керек, жалпы отырыс барысында осы уақытқа дейін Мәжілістің Комитетін басқарып келген Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің өкілеттігін  мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қаулы қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2479
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5409
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4697