Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7188 4 пікір 21 Маусым, 2021 сағат 16:34

10 жылда Қытай факторы бірінші орынға шығады

Қытай 3 астронавтын «Аспан сарайы» атанған өз ғарыш станциясының құрылысы үшін 3 айға сапарға аттандырды. Мемлекеттік саясаттың мақсаты аспанасты елі «Халықаралық ғарыш станциясынан» бөлек, тәуелсіз жеке өзі жаңа жаңа ғарыш станциясын салмақшы. Құрылыс 2022 жылы аяқталады. Қазіргі таңда станцияның бөліктері ғарышқа шығарылған. Астронавттар сол бөліктерді қосу мен өзге де құрылыс жұмыстарын атқарады.

Бүгінгі таңда бүкіл әлем елдері бірігіп пайдаланатын «Халықаралық ғарыш станциясының» қолдану мерзімі 2028 жылы аяқталады. Егер ғарыш державасына жататын басқа бір ел жаңа станция салмаса Қытай ғарыш станциясы бар әлемде жалғыз мемлекет болады. Әлем елдері Қытайдың шарттарында, шығыстағы ағайынның ғарыш станциясын қолдануға мәжбүр халге түседі. Бүгінгі күннің өзінде әлемнің 17 елі Қытаймен бірлесе жұмыс істеуге өтініш білдірген. Оның ішінде Ресей де бар.

Ресейдің 2025 жылы «РОСС» атты өз ғарыш станциясын салады деген жоспары бар. Сонымен бірге Қытай мамандарымен де бірлесе жұмыс істеуге әзір.

Осы жылы Марсқа зерттеу аппаратын сәтті қондырған Қытай кең көлемді мемлекеттік қолдау мен саясаттың арқасында ғарыш державаларының қатарына қосылды деп айтуға толық болады. Біз қалайық, қаламайық алдағы 10 жылда әлемдік экономикада, саясатта, ғылымда Қытай факторы бірінші орынға шығады.

Бірақ бұл фактор тілі бай, тарихы терең біздің елге әсер етпеуі тиіс. Қытай біздің терең тарихымызды, асқақ рухымызды мойындап, халықаралық саясатта тең әріптестік орнатады деп сенемін.

Бауыржан Серікбаевтың жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396