Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3740 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:11

Бірыңғай экономикалық кеңістік аясы...

Ғаламторда қазақ мүддесін қорғауға талпынған тағы бір мәлімдеме пайда болды. Қазақстанның барлық азаматтарына, Президентке, үкімет пен парламентке бағытталған бұл ашық хаттың мәтінін белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан әзірлеп, оған бірнеше азамат қол қойған. Онда Еуразиялық одаққа бірігудің қазақ елі үшін тиімсіз екені айтылады. Ал бұл одақты Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында құру 2015 жылға жоспарланып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Осы іске қарсы топ, егер Еуразиялақ одаққа біріксек, тәуелсіздігі­мізден айырылып, баяғы Кеңес Одағына қайта ораламыз деп есептейді.

Геннадий Шестаков, Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының төрағасы:

Ғаламторда қазақ мүддесін қорғауға талпынған тағы бір мәлімдеме пайда болды. Қазақстанның барлық азаматтарына, Президентке, үкімет пен парламентке бағытталған бұл ашық хаттың мәтінін белгілі саясаткер, экономист Мұхтар Тайжан әзірлеп, оған бірнеше азамат қол қойған. Онда Еуразиялық одаққа бірігудің қазақ елі үшін тиімсіз екені айтылады. Ал бұл одақты Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында құру 2015 жылға жоспарланып отырғанын естеріңізге сала кетейік. Осы іске қарсы топ, егер Еуразиялақ одаққа біріксек, тәуелсіздігі­мізден айырылып, баяғы Кеңес Одағына қайта ораламыз деп есептейді.

Геннадий Шестаков, Қазақстан кеден брокерлері қауымдастығының төрағасы:

Кеңес Одағына ешқашан оралмаймыз

- Біз Кеңес Одағына ешқашан оралмаймыз. Өйткені, қазіргі еларалық достық тікелей ақшаға байланысты. Бұл жерде қаржы белгілі бір саяси шешімге қатысты бөлінейін деп жатқан жоқ. Тараптар әңгімелеседі, ақылдасады. Әр тарап қаржысын бөледі. Сол арқылы олар өз дивидендтерін де алып отырады. Ол дивидендтер алдын ала бөлініп қойған. Қай елдің қанша алатыны мәлім.
КСРО-ның кезінде бәрін Мәскеу шешуші еді ғой. Оның құрамында болған әр ел қазір өз бетінше шешім қабылдайды. Бұл жерде Қазақстан, Ресей, Беларусь - бәрі тең. Оларға қосылуы мүмкін төртінші, бесінші және тағы басқа мемлекеттерге қатысты да осындай саясат қолданылады. Яғни бәрі дербес ел болып қалады. Дәл бұрынғыдай одаққа айналып, таз қалпына түсуге ешкім құлшынып жатқан жоқ.
Бұл бір ғана елдің саяси идеясы емес. Мұндағы салық заңдары, кеден заңдары арқылы кәсіпкерлердің өздерін өте жайлы сезінуіне, өндірісін дамытуына, салығын лайықты түрде төлеуіне жағдай жасалады. Қазір осы қағида жүзеге асырылып жатыр.
Мен осылай бірігуге, сосын Кеден одағына қарсы емеспін. Тек осы одаққа зиянын тигізетін кейбір шараларға қарсымын. Мысалы, қазіргі Кеден кодексін осындай кедергі келтіретін шара деуге болады. Бірақ оны тез арада түзеуге болады. Алайда әзірге Кеден одағындағы іс-әрекеттер кеден саласындағы процедураларды жеңілдетуге бағытталмаған.
Ендігі жерде сол түрлі заңдарды реформалау қажеттігі туындап отыр. Мәселен, еңбек құқығын жақындастыру керек. Бұл ретте әжептәуір айырмашылықтарымыз бар. Салық жүйесінде де біркелкілік болғаны жөн. Әрине, қазір саяси еркіндік бар. Әр ел өз қөзқарасын білдіріп жатыр. Оның бәрі түсінікті әр дұрыс. Дегенмен, осыны терең ойланып, экономикалық тұрғыдан кесіп-пішіп жасаған жөн болады. Ішкі есебін білген ел ешқашан ұтылмайды.


Гүлнұр Рахматуллина, Инвестицияның тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысы:


Ресей бізді «жұтып» қояды деп қорқуға болмайды

- Ғаламдану кезінде, әлем болып дамып жатқан тұста «ұлттық пәтерімізді» іштен кілттеп алып, өз қазанымызда «қайнап» отыра беруге болмайды. Бұл ретте Ресей Федерациясы біздің стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Өйткені, осы елмен арада құрлықтағы ең ұзын шекарамыз бар. Сондықтан Қазақстанның энергоресурстарын тасымалдауға байланысты мәселенің бәрін, посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық жайын конструктивті түрде Ресеймен бірге шешу керек. Бұл елдің экономикалық әлеуеті, геосаяси жағдайы мықты екені аян.
Ресейге жаңа басшылық келгендіктен, енді Еуразиялық одақты құруға қатысты мәселе одан сайын маңызды бола түседі. Меніңше, ғаламдану жағдайында аймақтық интеграциядан асқан тиімді нәрсе жоқ. Мұндағы елдер сыртқы экономикалық саясатты келісе отырып жүргізуі керек. Келетін қиындықтардан шығудың бірден-бір жолы сол.
Біздің капиталдың Ресей капиталымен бірлесу мүмкіндігі бар. Бірлескен кәсіпорындар құрып, жұмыс орындарын ашу қажет. Үзіліп қалған байланыстарды қалпына келтірген жөн. Ресеймен осылайша ынтымақтастық орнату бүгінде өте маңызды.
Ресей бізді «жұтып» қояды деп қорқуға болмайды. Ондай қисынға салсақ, мына жақтан Қытай «жұтып» қоюы мүмкін. Бұл екі ортада бізге Ресей бағыты тиімдірек.
Бұл - кейбіреулер ойлағандай, баяғы Кеңес одағына оралу емес, жаңа деңгейдегі интеграция. Еуразия кеңістігіндегі елдердің, соның ішінде Қазақстанның мүдделері Еуразиялық экономикалық комиссияда қаралады. Оның саясатын Ресей ғана жасамайды. Бұл жерде үш ел бәрін келісіп істеп отыр. Мәселені шешуге біздің даусымыз да ықпал етеді. Аталған комиссияда адамдарымыз бар. Олар өзіміздің ұлттық мүддемізді қорғайды.
Ал ортақ валюта дегеніңіз әлі алыстағы мәселе. Ол Қытайға жаяу барғанмен бірдей ғой. Әзірге ортақ валюта жасайтындай уақыт емес. Оны ендіру үшін аймақтағы елдердің экономикасы қатты дамуы қажет. Сондықтан қазір тек келісілген валюта саясатын жүргізу мәселесі қаралуда.

Петр Своик, экономист:

Ресей мен Беларусь өндірушілеріне ғана тиімді

- Еуразиялық одақ Қазақстан мен Ресейдегі мұнай және газ өндірушілер арасындағы мүдделер қақтығысын бәсеңдетіп, құбыр желісі және теміржол тарифтерін теңестіруге көмектесетін шығар. Алайда қазір осы мәселелерге қатысты өзара байланыстардың жақсы жолға қойылғаны соншалық, Кеден одағынан да, Еуразиялық одақтан да керемет өзгерістерді күтудің қажеті жоқ.
Ресейдің экспорты Беларусь транзитіне байланып қалған. Бұл елдердің арасында осы жағынан қайшылықтар жеткілікті. Ал Қазақстан экономикасындағы шикізаттан кейінгі сала - елімізге дайын өнеркәсіп және тұтыну өнімдерін әкелу. 2011 жылы біздегі импорт көлемі 52,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл - ЖІӨ-нің үштен бір бөлігі. Сосын көлік және сауда инфрақұрылымдарын есепке алсақ, сырттан тасылатын тауар көлемі ұлттық жиынтық өніміміздің жартысынан асып жығылмақ.
Негізі, Ресей мен Беларусьтен импорт жеткізу біз үшін біршама маңызды. Бірақ, бұл - ынтымақтастықтың бір бағыты ғана. Әрі олардың тауарларының сапасы мен бағасы керемет дей алмаймыз. Ең бастысы - импорт бір жақты басымдықпен жүріп жатыр. Ресей мен Беларусь тауарлары Қазақстанға қаптап келуде. Сондықтан кеден, өндіріс және сауда кеңістіктерінің бірлесіп, соның салдарынан қытайлық, еуропалық және басқа да тасымалдаушыларға қатысты баж салықтарының өсуі Ресей және Беларусь өндірушілеріне сөзсіз тиімді, Қазақстанның тұтынушыларына сөзсіз тиімсіз.
Қазақстан қаржы жағынан да ештеңе ұтпайды, қайта ұтылуы мүмкін. Бұл жерде мәселе Ресейдің ақша нарығының ірі болғандығында емес. Бұл екі ел Халықаралық валюта қорының ережелерін орындау жөнінде міндеттеме алған. Яғни шетелдік валютаның еркін жүруіне жағдай жасалған. Сондықтан Ресей де, Қазақстан да шын мәніндегі ұлттық валютаға ие емес. Теңге де, рубль де «жергілікті доллар» тәрізді. Яғни қаржы мәселесінде көп кілтипан болайын деп тұр.
Жалпы алғанда, өз басым Ресеймен интеграция құрудың тиімділігін көріп отырған жоқпын. Қалай десек те, ортақ аумақта осы елдің артықшылығы байқалып тұрады.

Оразәлі БАЙМҰРАТ

«Жас қазақ» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475