Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6736 7 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 16:46

АҚШ президенттері қандай критерийлермен бағаланады?

Қ.Тоқаев Астанада Н.Назарбаевтың ескерткішін ашып тұрып “Халықты ауқымды өзгерістерге талмай жетелеген Тұңғыш Президент аса жауапты өзгерістердің, ауқымды реформалардың нақты іске асырушысына және Тәуелсіздігіміздің символына айналды” депті.

“Өзгерістер” мен “реформалардың” жайы бәрімізге аян. Ал қашаннан бері экс-президент тәуелсіздігіміздің символына айналды? Қ.Тоқаев қандай критерийлерге сүйеніп Н.Назарбаевты тәуелсіздік символына теңеп тұр? 30 жыл бойы қол астында қызмет етіп келе жатқан адам өзінің бастығына қалай әділ баға бере алады?

Жалпы әлемде президенттердің саяси мұрасына саясаткерлердің, саясаттанушылардың, тарихшылардың, азаматтардың баға беруі қалыпты нәрсе. Мәселен, АҚШ-та C-SPAN ұйымының Historical Survey of Presidential Leadership атты рейтингі бар. Ол рейтингте 140-тан астам тәуелсіз тарихшы президенттерді келесідей 10 критерий бойынша бағалайды:

1. Елді артынан ерте алуы (Public persuasion);

2. Кризис кезіндегі көшбасшылық;

3. Экономиканы басқару;

4.Моральды авторитет болуы (Moral authority);

5. Сыртқы саясат;

6. Әкімшілік басқару қабілеті;

7. Конгресспен қарым-қатынас;

8. Ел-жұртты біріктіретін мақсат-мұрат қоя білу (Vision/Setting an Agenda);

9. Әділетті сүюі;

10. Уақыт контекстінде көшбасшылық таныта алуы.

Аталған рейтингте А.Линкольн, Дж.Вашингтон, Ф.Рузвельт, Т.Рузвельт, Д.Эйзенхауэр, Г.Трумэн, Т.Джэфферсон, Дж.Кеннеди, Р.Рейган және Б.Обама алғашқы ондықта тұр. Осы ондықтағы саясаткерлерді АҚШ тарихындағы ең үздік президенттер дегенмен америкалықтардың басым көпшілігі келіседі. Бірақ ешкім осы он президенттің ешқайсысын “АҚШ тәуелсіздігінің символы” деп атамайды. Себебі мемлекеттің тәуелсіздігі бір тұлғаның ұлылығына байлап қоятын құны бес тиын дүние емес.

Ал жоғарыдағы критерийлермен Н.Назарбаевтың саяси мұрасын баға беретін болсақ, менің ойымша, елді артынан ерте алу, сыртқы саясат және әкімшілік басқару қабілеті секілді 3 критерий бойынша ғана Н.Назарбаевтың президенттігін жоғары бағалауға болады.

Коронавирустан өзге елдің дәрігерлері арқасында емделіп шыққан, ел экономикасының 55%-і 165 адамның қолында шоғырланған экономика қалыптастырған, “Қазақстан-2050”-і ел-жұрттың күлкісін тудыратын, коррупция мен непотизм жайлаған мемлекетті жеке меншігіндей басқаратын саясаткерді қалайша “Қазақстан тәуелсіздігінің символы” деп атауға болады?

Тәуелсіздігіміздің символы – Н.Назарбаев, Қ.Тоқаев немесе одан кейін болатын президенттер емес.

Тәуелсіздігіміздің символы – өзінің және өзгенің конституциялық құқықтарын білетін, сыйлайтын, өз елінде өгейсімей, адал еңбекпен бай-қуатты өмір сүруге талпынатын санасы да, іс-әрекеті де тәуелсіз қазақстандықтар.

Шалқар Нұрсейітовтың жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371