Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6002 8 пікір 8 Шілде, 2021 сағат 13:42

Министр Цойды қызметінен алу керек

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға үндеу!

Құрметті Президент мырза, заңгер ретінде айтар датымды назарға алуды талап етемін! Халықтың құқығын тікелей, өрескел бұзып, ұяттан безіп, адам құқықтарын надандар секілді таптайтын үкіметті тоқтатыңыз, болмаса тоқтату үшін өзім әрекетке көшемін.

Әсіресе, мәжбүрлеп вакцинаны салдыруға ешкімнің құқығы жоқ. Ондай өкілеттік тіпті, сотқа берілмеген, ешкімнің жеке өміріне, денсаулығына қол сұғуға жол жоқ. Әркімнің өз таңдауы бар. Біздің Конституциямызға, азаматтық кодекске қарсы шығу - қылмыс жасағанмен тең, феодал дәуірде өмір сүріп жатқан жоқпыз жоқ.

«Вакцина иммунитетті қалыптастырады» деген әнгіме бос әпсанаға айналып бара жатыр, халықты азаптауға, қинауға, еркінен тыс мәжбүрлеп, қайдағы бір Цой шығарған қаулыны орындатуға құқық сіз тұрмақ, сотта жоқ. Халыққа саналы түрде қарым-қатынас жасап, өздері саналы түрде вакцина алуға таңдау жасап, әрекет ету туралы қанша рет жаздым, бір құлақ аспайсыздар. Біз зайырлы мемлекетте тұрғандықтан халықтың көзқарасымен санасу, халықтың уәжін тыңдауға міндеттісіздер. Кімдер үшін қызмет ету керегін Үкімет ұмытып қалмаған шығар. Халық үкіметке бағынышты емес. Вакцина тек жемқорлықты үдетіп, халықты жәбірлеп, бойындағы ауруын қоздырып, мүшкіл хәлде өлуге дейін апаратын жол секілді. Қазір вакцинадан кейін не бір реакция берген адамдардың видеосын көріп, халықтың үрейі ұшқанын білесіз бе? Ешкім оның зиянына, не болмаса нәтижесіне 10 жыл зерттеу жасап көрген жоқ, тек көңіл алдау секілді.

Цой әлі талай халықтың көз жасына жауап береді. Цой, Бекшин Қиясовтарды, былыққа батқан министрлікті Біртановтың жанына айдау керек. Бюджет қаражатының опырып, түбі тесілгенше үндемей қалай қарап отырасыз. Өткен жылғы медицинаның салғыртығы сізге неге сабақ болмады?

Сіз маған Президент ретінде айтыңыз, Цой халық үшін не істей алды? Өткен жылы халық ӨЖЖ апаратты өздері қамтамасыз етті, қаладағы дезинфекция көзбояушылық болады, халыққа салынған модульді ауруханамыз құлады. Өзі вакцинаны міндет санап, мен айғайды салып құқықты талап еткен соң ҚР заңына вакцинаны тіркеп барып, бір жылдан соң салғызды.

Цой аса ақымақ емес, оның бір сауаттылығы халықты мәжбүрлеп вакцина салдыру үшін, сіздерге жүгінді. Меніңше, бұл ойы ертеңгі күні адам шығыны болатын болса, жауапкершілікктен сытылып, халықты, Үкімет пен Президентке тіреп қою. Себебі халық сізге қарсы келмейтінін біледі. Сол айласына көнген Үкіметке не деуге болады? Сөйте тұра халықтың сенімін, адамдардың тағдырын соларға сеніп отырғаныңызға таңым бар.

Ауру әрқашанда болған, оған қарсы күресу үшін біз жылында бір рет халықты медтексерістен өткізіп, салауатты өмір сүруге жол нұсқау керекпіз. Үкіметте бәрі керісінше, қинап салдырады, денсаулығы нашарлағанын күтіп отырады. Халық ызасымен ойнауға, ал құқығына балта шабуға жол бермеуіңізді талап етемін. Уақыт емші бәрін өз сәтімен көрсін.

Біз Үкіметке, Цойға тәжірбие жасайтын қоян емеспіз. Бұл күнде ешкім өз өміріне немқұрай қарап отырған жоқ, себебі Шымкентік имуннолог медицинаның былығын ашты. Яғни, короновирус пен пневмонияны шатастырып емдеп, дұрыс емес ем-шараларының кесірінен ауру асқынған. Қазіргі бизнес кейбір өлген адамдарды да ауырмаған ковидпен байланыстыру, жоспарды орындау дәрігерлерге басты мақсат секілді. Себебі өлгенің сұрауы жоқ деп отыра береді. Мұндай сұмдыққа тек санасыз Үкімет жол бермесе, ақылды Үкімет берген тиының нәтижесін сұрап, іс-әрекетіне бақылау жүргізер еді.

Цой жақсы министр болса Бекшинмен қоса қанша халықты емдегенін айтар еді Сөзімнің түйінін халық өз көзімен барлық жағдайға баға беріп, өз еркімен вакцина алуға келсін. Халыққа айыппұл саламыз деп, қорқытып, ызасын тудыруға, заңсыз қаулымен адамдарды міндеттеуге құқықтарыңыз жоқ. Үкіметтің қисық әрекетін тоқтатыңыз және Цой, Бекшин мырзалардың медицинаны басқарудағы біліксіздігі үшін қызметінен алып тастауды сұраймын!

Камиша Есмұхаметқызы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404