Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 6493 0 пікір 20 Шілде, 2021 сағат 14:01

Ауылдағы шаруалардың мұң-мұқтажын кім шешеді?

Қазақстан халқының 40  пайызы ауылда тұрады. Ауыл тұрғындарының 80 пайыздан астамы -  қазақ. Олар  негізінен ауыл шаруашылығымен шұғылданады. Демек, ауылдағы шаруаларының мұңы түптеп келгенде - қазақтың мұңы. 

Қазақстан ауылында ауыл шаруашылық өнімдерін ауылда өңдеу мүмкіндігі жоқ. Ауыл тұрғындарының негізгі кірісі тек мал шаруашылығы мен егін  шаруашылығының табиғи өнімдерін өндірумен шектеледі.

Бүгінгі күнде ауыл тұрғындарының көбінің иелігінде мал жаятын жайлым, егін егетін жер жоқ. Ауыл шаруашылық жерлері төрт-бес байдың (шаруа қожалықтарының) иелігінде. Қазір бұл аз санды байлар барған сайын көп жер иеленіп, тойымсыздыққа кетіп бара жатса, көп санды ауыл тұрғындары кедейліктің қамытын мықтап киуде. Бұл Қазақстандағы барлық ауылға тән ортақ жағдай.

Ауыл тұрғындарының  бұл  басты проблемасы әдетте ауылда газ жоқ, таза  ауыз су, сапалы емдеу, интернет жоқ деген мәселелердің тасасында қалып  келген еді. 2016 жылы басталған жер дауы, жер дауын шешу үшін құрылған жер комииссиясы бұл проблеманы ашыққа шығарды. Биыл  ауылдағы ауыл шаруашылық жерлер аз санды адамдардың жеке меншігіне өтіп кетпеуі  үшін, ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беруге бес жыл мароторий жарияланды.

Ауылдағы ауыл шаруашылық жерлерін ат төбеліндей байлардың иемденіп, қара шаруаның жерсіз қалуы Қазақстанның дамуымен саяси орнықтылығына үлкен әсер ететін маңызды қоғамдық мәселе. Әлеуметтік проблема.

Қазір ауыл шаруалары оянды. Әр ауылда жер дауы шығып жатыр. Жергілікті әр дәрежелі биліктегілер бұл мәселеге қалай қарайды?.. Шаруалар жер мәселесін қалай шешуді талап етіп  жатыр? Біз бұл мәселеге өз бетімізше талдау жасап көрдік.

Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қайнарлы ауылы 500 отбасы 2000-нан астам жан саны бар, қазақи ауыл. Бұл ауылдағы ауыл шаруашылық жері Черкашина Зинаида бастаған санаулы ғана  байлардың қолында. Бұл Черкашина Зинаида  игеретін жер жыл сайын көбейіп келеді. Ауылдағы мал табыны жайылатын жер барған сайын тарылып кетті. Ауыл тұрғындарының көбінде егістік  шаппалық жер жоқ. Ауыл тұрғындарының қолындағы аз малды бағу барған сайын қиындаған.  Жағдайдың мәжбүрлеуімен ауылдағы көзі ашық, халықшыл жігіттердің бастамасымен шабындық  жер, жайлымдық жер мәселесі бойынша байлардың алған жер телімдерінен жері жоқ ауыл  тұрғындарына үлестіріп беру ұсынысы жергілікті билікке қойылды. 17.06.2021 жыл ауыл  тұрғындары ауылдық мәдениет үйінің ауласында ауданның орынбасар әкімінің қатысуымен жоғарыдағы талаптар бойынша кездесу болды. Бас қосудың қорытындысында ауданнан арнаулы комиссия құрылып бұл мәселеге жауап беретін болды.

Ескелді ауданның орынбасар әкімі, ауылшаруашылық бөлім бастығы, аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы бастаған аталмыш комиссия 22.06.2021 жылы Қайнарлы ауылына келді. Ауыл  тұрғындары ауылдық мәдениет үйінің ауласына жиналды. Комиссия ауылдағы белсенді  тұрғындармен бетпе-бет кездескісі келмеді. Сан түрлі сылтау айтылды. Ауыл тұрғындары комииссия мен бетпе-бет кездесуді талап етті. Осыдан соң ғана мәдениет үйінің  жиналыс залында  ауыл тұрғындары мен комиссия мүшелерінің кездесуі болды. Ауыл  тұрғындары бір-бірлеп алдыға  шығып, арыз-талаптарын ортаға қойды. Бұл кездесуді комиссия арыз-талаптарды «тексереміз, қараймыз» деген кәнігі қалыптасқан жауаппен құтылды.

Осыдан кейін комиссия мүшелері ауыл табынының жайылымдық жерін көруге қыратқа шықты. Ауыл өмірі, малшаруашылығынан хабары аздау аудандық ауылшаруашылық бөлім жауаптысы  мал табыны жайылатын жерді көрген «табыныдық жерлеріңіз недеген кең» деп таңқалды. Ауыл  табынын бағып жүрген жігіт: «мына егіндік арасымен екі жүздей сиырды қалай айдап өтуге болады? Мына жер осыдан екі жыл бұрын ақ жатқан болатын, былтырдан бастап Черкашина Зинаида деген қожайын ағаштарды қопарып, жерді кеңейтіп, егін салды. Оған ағаштарды жұлуға  кім  құқық  берді? Жерді қалай алды? Жері жетпей  жатыр ма, біз күн көрмейміз бе», деді.  Комиссия мүшелері оның сөзін тыңдамады. Бір ауыл тұрғыны ауыл әкіміне: «Сіз табынды екі күн өзіңіз бағып көріңізші. Жан -жағы егістікпен қоршалған тар жерде табынды бағуға болатын-болмайтынын білесіз», деді. Бұл  сұраққа ауыл әкімі: «әкімге сиыр  бақ  дейтін сен  кімсің?  Бұл әкімді қорлағандық», деп ашуға булықты. Таңқалдық, «халық  үшін  қызмет  етеміз», деп серт берген  бұл атақамінерлер халықтың  табынын бағуды қорлау деп сезінсе, бұлар халықтың мұң-мұқтажын жүрегімен тыңдайды, түсінеді  деп қалай айтуға болады. Комиссия Черкашина Зинаиданың  игеріп  отырған жерлерінің  барлығы заңды деп айытты. Ауыл тұрғындарының айтуынша,  ол  осы  ауылдың алпыс пайыздан астам жерін игеріп отыр. Бұл жерлердің барлығын заңсыз жолмен заңдастырап алған-мыс. Оны анықтап шығу  мүмкін емес.

Ауылдың бір тұрғыны: «мен 2014 жылы Президентке хат жазып, жер  сұрағамын. Ауыл әкімі келіп  жер жоқ деген. Үйімнің маңайындағы жерлер сол кезде бос жатқан болатын. Екі жыл болды Черкашина Зинаида егін салып жүр. Сонда маған жер жоқ, Черкашина Зинаидаға жер бар, бұны  қалай түсінуге болады?», - деді. Жауап жоқ. Биыл Черкашина Зинаида ауыл  іргесіндегі егістік жерін ауыл малынан қорғау үшін ені 1.90 метр тереңдігі 1.90 метр  ормен алты гектар жерін қоршап қойған. Бұл қазылған жерлер оның  иелігінде емес. Егістік жерді бұлайша бүлдіру заңға  қайшы. Эколо́гияны бүлдіргендік деп есептеледі. Черкашина Зинаиданың бұл әрекеті жер ананы  қорлағандық, ауыл халқын көзге  ілмегендік. Заңды таптағандық. Бұл  ауылдың әкімі не істеп жүр? Бұл  сұрақтар комиссия мүшелеріне қойылды.  Комиcся мүшелері мен ауыл тұрғындары қазылған орды барып көрді. Ор  қаздырушы Черкашина Зинаида да болды. Черкашина Зинаида орды  ертең  жаптырамын деді. Ауыл тұрғындары жаптырмаймыз, прокуратура  келіп тексерсін, заң бойынша басқарыласын деді. Бірақ, келесі  күні  полицияның  қорғауымен ор  жабылды. Черкашина Зинаида қазғысы келген жерді қазды, жапқысы келгенде жапты.

Черкашина Зинаида: «Бұл шуды шығаруға Жаңажылұлы Ержан бастамашы болды. Ауыл тұрғындарының арасына жік салды. Ауыл тұрғындарын маған қарсы шығуға ұйымдастырды, ұлтаралық  араздық  тудырды, жұмыс жасауыма  кедерні  келтірді»,  деген арызбен  полицияға  жүгінген. Полиция Жаңажыл ұлы Ержанды тергеуге алды.

Біз бұл комиссияның арнаулы ауыл тұрғындарының арыз-талаптарын  тыңдау үшін ат арылтып келіп тұрып, белсенді тұрғындармен бетпе-бет   кездесуге нараулық танытуынан, қалыптасқан сырғытпа жауаптарынан, байларға мін тақпай, ауыл тұрғындарына мысқылдай қараған бейнелерінен,  бұл комиссияның мәселені шешуге емес, ауыл тұрғындарының мысын  басып, бетін қайтаруға келгенін білдік. Біз бұл ауылдағы ең үлкен шаруа қожалық  - Черкашина Зинаида қожалығының жәй жапсарына талдау жасап көрдік.

Бұл шаруа қожалығында 2500 гектар егістік жер, 2000 гектар шабыстық жер, 1500 гектар  жайылымдық жер бар екен. Бұл жерлер ауылдың ауыл  шаруашылық жерлерінің алпыс пайыздан астамын құрайды. Бұл жердің кадастрлік құрамы жүзден астам пай үлескерлерінің жер телімдерінен,  шаруа қожалығы отбасындағы әрбір мүшенің атындағы жер телім  үлестерінен, конкурс арқылы алған жер телімдерінен құралған. Елімізде  жер  телімдерін үлестіру конкурсы ненің кункөріс екенін барлығымызға түсінікті. Бұл  шаруа қожалығының қармағындағы барлық жер телімдері қарамаққа заңды.

«Мен Қайнарлы ауылының тұрғынымын. Менің айтайындегенім жер мен пай мәселесі. Менің көшіп келгеніме 4 жыл. 5 миллион теңгеге 3 үйді орнымен, пайымен сатып алғанмын. Бірінші жылы Черкашина Зинаида «сен сатып алыпсың жерді, пайың бізде» деп маған тиесілі шөп пен арпаны берді. 3 пайға  3 тонна арпа, 390 түк шөп берді. Ал келесі жылы Черкашина Зинаиданың ұлы келіп енді маған пай берілмейтінін айтты. Себебі бұл кісілер құжат жасап алған екен. Қайнарлы ауылының шетіндегі жазық даланың бәрін өзі иемденіп алған. Не малды, не адамды аттатпайды. Мал түссе штраф салады. Адамдардың бәрі  малын жаятын жер таппай, ақша төлеп жайлауға жіберуге мәжбүр  болды. Қос сиыр алып, ауылда кәсібіңді дөңгелет деген Елбасының тапсырмасы қайда қалды? Неше сиыр бағып отырса да сүтке жарымай отырған халық ашынбағанда қайтеді», - дейді  Санат мырза (Мінбер  сайытынан).

Бұл ауылда алғашқы жер телімдерін бөліске салу 1991 жылы болды. Бұл  кезде көптеген адамдар бір жанын бағудың қамында жүрді, олар жерді игеруге қауқарсыз еді. Басы қатқан жұрт нан іздеп қалаға үдіре көшті. Орыстар Ресейге қоныс аударды. Черкашина Зинаида сияқты байлар осы кезде орайды тиімді пайдаланды, ауылдың бос қалған жерін меншік иелерімен келісіп, жер телімдерінің пайдалану құқығын сатып алды.  Шаруа  қожалық иелері өз  атына немесе сенімді адамдарының атына құжаттын жасатты. Көріністе еш заң бұзушылық жоқ, бәрі жеке тұлғаның келісімен  жасалған. Шаруа қожалық конкурс арқылы жерді имденді.

Қазақстанның ауылдағы шаруа қожалықтары дерліктей жоғардағыдай жолдармен бар тірлігін заңдастырып  алған. Бұл  заңдастыруға  елімізді жайлаған  жемқорлық  үлкен жол ашқан.  Кімнен  көру керек?  Шаруа қожалықтарынан  ба, әлде солқылдық заңнан ба?..

Черкашина Зинаида шару  қожалығында  жүзден астам адамның пай үлестері бар. Бір пай үлескерінде бес гектар егістік жер, төрт гектарға жуық шаппалықжер, бір жарым гектар  жайылымдық жер  бар. Егістік жеріне арпа  егеді. Бір пайдың бес гактар егістік жерінен бір жылда жирма бесте, отыз  бес тонна арпа орады. Қожалық үлескерлерге биылға дейін бес гактар егістік  жері үшін жылына бір тонна арпа беріп келді. Шаппалық төрт гектарға жуық  жерден он бес сент шөп шабылады. Үлескерлерге жүз отыз түп шөп береді.  Қожалықтың өнімнің елуде-елу бойынша есеп жасасатын үлескерлері де  бар. Олардың кім екенін айтпасақ та түсінікті деп ойлаймын. Жайлымдық жер үшін үлескерлерге ештеңе бермейді.

Қайнарлы ауылдығындағы бұл қожайын тек шаруа қожалығының қожайыны  емес, ауыл әкімінің әмірі оған жүрмейді. Егер сөзі өтсе жерді беталды қазғызбас еді.

Черкашина Зинаида және Ескелді ауданындағы Хилышиеңке деп аталатын шаруа қожайыны туралы ел аузында: «Бұлар Елбасы  Н.Назарбаевпен қарым-қатынасы жақсы. Елбасымыз бұларды қолдайды, қорғайды екен.  Бұларға қарсы тұрып ештеңе жасай  алмайсың» деген әңгіме желдей еседі.

Қазір аталмыш Қайнарлы ауылдығындағы белсенді Жаңажылұлы Ержан, Қариполданов Санат, Бекенұлы Шалқа қатарлы азаматтар Черкашина Зинаидадан қысым көруде. Бұл  қожайын шөпті  жергілікті тұрғындарға сатпай қойды. Әсіресе жоғардағы белсенділер мен олардың артынан  ергендерге мүлде бермейді. Әділін айтар төрешісі жоқ, қорғансыз бұқараның көрер күні осы болды. Аудан әкімі өзім барып мәселелеріңді шешеіп берем деп  айытқанына апта  аунады. Шөп  шабылып болды. Жарылқайтын әкім жоқ. Ауыл малы шөпсіз қалды. Ауыл тұрғындары ақшаға шөп таба алмай  сарсаңға түсті. Черкашина Зинаида  бар шөпті сыртқа сатты. Қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Бұл  ауыл  халқының малы қыста не жейді? Ел аман, жұрт тынышта байлармен атқа мінерлердің қысымынан халық таяқ жеуде. Халықтың үніне құлақ  асатын үкімет қайда?

Біз бұл реткі  оқиғаны өзек ете отырып, ауылдағы шаруалардың хал  жағдайына зерттеу жасау арқылы төмендегідей мәселелерді танып жеттік.

Ауылда жер нарығы  қалыптаспаған. Бұның бірден-бір себебі -  шаруа  қожалықтарының ауылдағы жерді  монополиялап алуы. Әсет, Алмасбек Садырбай айтқандай жердің жеке меншікке берілмеуінен емес. Аталмыш Қайнарлы ауылындағы Черкашина Зинаида шаруа қожалығында  үлескерлерге  берілетін төлемнің  өте төмен екендігін, әділетсіз  екендігін  айттық. Бұның басты себебі - бұл  ауылда  үлескерлерге  маған  қосылыңдар, мен Черкашина Зинаидадан да  артық үлес берем дейтін екінші бір  бәсекелес шаруа қожалығы жоқ. Үлескерлерде өз  үлесімдегі  жерді  кім көп пайда берсе соған берем деп айтатын құқық (заңда қарастырылған) мүмкіндігі де жоқ. Бұндай  құқықты үлескерлердің қырық тоғыз жылдық жалдау меншік құқын бір жолата сатып алу арқылы жоқ қылған. Үлескерлерде пайданы ғана көздейтін сана да жоқ. Өйткені жер нарығы  қалыптаспаған жерде үлес жерінен түсер пайданы салыстыра алмайды, сезіне алмайды. Сезінгендерді түрлі  жолмен жаныштайды. Монополиа күш алған жерде жеке тұлғалардың  экономикалық еркіндігі  шектеледі. Бұндай еркіндік бәсекенің алғы шарты. Бәсеке жоқ жерде нарықтық экономика  дамымайды. Біз  нарықтық  экономиканы жолға  қойғанымызға отыз жыл  болсада, ауылда әлі де жеке тұлғалардың экономикалық  еркіндігі заңды  кепілдік  беретін құқықтық база қалыптастыра алмаптық.

Биліктің қайнары халықғ деп Ата Заңға  жазғанымызбен, ауыл  тұрғындарында билікке  араласатын ешқандай жол жоқ. Ауыл тұрғындары өз жерлерін өздері бөліске салуға да қатыспайды. Ауылдың жерін аудандағы  комиссия конкурс арқылы шешеді. Өз ауылындағы жерді кім, қалай  алғандығын білугеде қақы жоқ. Ауыл халқын ешқандай шенеунік көзге  ілмейді. Бұл отыз жылда жемқорлықты дамытып, жергілікті өзін-өзі  басқару инистиутын дамытпағанымыздың, демократиаға мән бермегеніміздің  салдары.

Қазір ауыл тұрғындары шаруа қожалықтарының үстінен билікге арыз айтып жеңе алмасын білді. Заңсыздықты біле тұрса да, соттасып жеңудің мүмкін  еместігін түсінді. Бүгінгі күні шаруалар біз ауылда тұрып, өзіміздің  аз  малымызды ақша төлеп бақтырып, жем шөпті сатып алып жүре беруіміз  керек пе? Әділдік қайда, теңдік қайда, ауыл да тірлікті түзер жол бар ма? деген сұрақтармен бас қатырып, дағдарып шығар жол іздеуде. Шығар жол  біреу-ақ. Ол - жерді жалға берудің қырық тоғыз жылдық мерізімінің  аяақталуын тоспай, ауылдағы ауыл шаруашылық жерлерін бір  тұтас  қайталай бөліске салу.

Барлығымызға түсінікті деп ойлаймын. Елімізде әділ сот жоқ, жемқор билік бар. Шеннеуніктер бұқараның мүддесін қорғаушылар емес, байлардың  сойылын соғушы адвокаттарға айналып кеткен. Ауылда Черкашина Зинаидалар жергілікті билікге қандай ықпал етіп, сөзін өткізіп, әмірін жүргізіп  отырса, жоғарғы билікте олигахтар мен латифундистер сондай ықпал етіп,  әмірін жүргізіп отыр. Әйітпесе, Ауыл шаруаларының жерге қатысты  бұл  мәселелері 2016 жылы құрылған мемлекеттік жер комиссиясында ашыққа  шықпас еді. Ауыл маңайындағы жайлымдық жерлерді ауыл тұрғындарының ортақ пайдалануына қайтару туралы, жер кадастрын ашық көрсету қатарлы  халыққа тиімді қарарлар қабылданған. Бес жылда осы бағыт бойынша жібі түзу бір жұмыс атқарылмапты. Оның үстіне ортақ жайылым ауыл  тұрғындарының мәселесін шешпейді. Ауылдағы әр шаруаның жеке иелігінде егіндік, шаппалық жері болу  керек. Бұл  талапты орындауға бүгінгі билік қауқарсыз. Бұны орындатуға халықтың қаһары ғана қауқарлы. Халық осы жолмен ғана билікті айытқанына көндіре алады. Халықтың  үніне  құлақ  асатын мемлекет қалыптастырамыз деген бұл билік шаруалардың мұң-мұқтажын негізге алып, жер рефорасын жүргізіп, шаруаларға жерді тең бөліп берсе, бөркімізді аспанға атар едік.Әй  қайдам?!

Ауыл тұрғындары ояну керек. Қазір ел мен жер  үшін алаңдаған қоғам  қайраткерлері, қазақ ұлтшылдары түрлі қоғамдық ұйымдар мен  қозғалыстар  құрды. Бұл ұйымдар ауыл халқының пробламасын зерттеуі, ауыл халқын оятуға күш салуы керек.

Ағыбай Әкбарұлы,

Ержан Жаңажылұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371