Сенбі, 23 Қараша 2024
Тарих 8971 11 пікір 22 Шілде, 2021 сағат 13:31

Александр Бушков. Алтын Орда тарихы жайында...

Алтын орда тарихына қатысты КСРО тарағаннан кейін жазылған тарихи еңбектер

2 бөлік

Классикалық, яғни, «Руске моңғол-татар шапқыншылығы», «моңғол-татар езгісі» және орданың билеп-төсеуінен азат етудің» заманалық ғылыми версиясы кеңінен танымал, бірақ жадыға ой сала отырып, тағы бір рет селт еткізу артық бола қоймас.

...Татар-моңғол жасақтарының көмегімен кейбір кінәздар өз тағында сақтап қалу үшін ішкі мәселелерін шешіп, Алтын Орда үшін алым-салықты өз күштерімен жинап беріп отырды.

Өз аяғынан қаз тұрып алған Рус уақыты жеткенде азуын көрсетті.  1380 ж. мәскеудің ұлы кінәзі Дмитрий Донской орда ханы Мамайды татарларымен қоса тас-талқан етсе, жүз жыл өткеннен соң, «Өгүрдегі текетіресте» ұлы кінәз Иван III пен орда ханы Ахмат бір-бірлерімен бетпе бет келді. Қарсыластардың қосыны Өгүр өзенінің екі жағалауына ұзақ тұрып қалады да, ақыр соңында хан Ахмат орыстардың күшейгенін, соғысса жеңе алмайтындығын түсініп, шегінуге жарлық береді де, өз ордасын Еділге алып кетеді. Міне, осы оқиға «татар-моңғол езгісінің аяқталуы» деп саналады.

ВЕРСИЯ.

Жоғарыда келтірілгендердің бәрі – қысқаша сығымдау немесе шетелдік мәнерде сөз саптасақ, дайджест. Оның үстіне бұны «кез келген зиялы жан» білуге міндетті...

Әуелі орыс тарихының ордалық дәуірінің өзімдік версиясын баяндап, кейін барып, өзімнің топшалауымды бірнеше жүздеген беттерді өздік түйінуім мен «аян алуыма», сонымен бірге, орынсыз естен шығарылған жылнамалар, өткендегі тарихшылардың еңбектеріне негіздеп рет-ретімен мазмұндап щығу.

Сонымен. Мен оқырманға жоғарыда қысқартылып келтірілген қателік өріп жүрген классикалық гипотезаны төмендегідей тезистер бойынша дәлелеп беруден мүдделімін:

  1. Руске өз даласынан ешбір «моңғол» келген жоқ.
  2. Татарлар келімсектер емес, бәлдір-бәду «шапқыншылыққа» дейін орыстармен қоңсы тіршілік кескен Еділ маңының тұрғындары болып табылады.
  3. Татар-моңғол шапқыншылығы деп атап жүргеніміз, шын мәнісінде, кінәз Всеволод Үлкен отағасының (Ярославтың ұлы, Александрдың немересінің) ұрпақтарының Руске жеке дара билік жүргізуі үшін бақталас кінәздармен болған күресі. Бұдан келіп шығатыны, Шыңғысхан мен Батудың орнын Ярослав пен Александр Невскийлер басады.
  4. Мамай пен Ахмат қарақшы-келімсектер болған емес, бекзада ақсүйектертұғын, орыс-татар патшаларының әулеттік қанараласуы бойынша ұлы кінәздікке құқығы бар тұлғалар. Бұдан келіп шығатыны, «Мамай қырғын» және «Өгүрдегі текетірес» – эпизодтары жатжерлік басқыншылармен болған күрес емес, Русте орын алған кезекті азамат соғысы болып табылады.
  5. Жоғарыдағы сөз етілгендердің бәрінің ақиқат шындығын дәлелдеу үшін бүгінгі күнгі қолдағы бар тарихи дерек көздерін басынан аяғына қарай төңкеріп қоюдың еш керегі де жоқ. Көптеген орыс жылнамалары мен ертеректегі тарихшылардың еңбектерін ойға шома отырып, қайыра оқып шығудың өзі жетіп жатыр. Ашық ертегілік сәттерді бұлттай сейілтіп, қайта «классикалық теорияның» дәлелділігінің салмақтылығы оның ғасырлар бойы қатып қалғандығында болып келетін ресми теорияға деген көзсіз иланудың орнына жөндімді логикалық түйіндеулер жасаған ләзім. Сол шақта: «Шаңыраққа қарасаңшы, бұның барлығы БӘРІНЕ ДЕ БЕЛГІЛІ ҒОЙ!» деп семіп қатып қалған темірдей берік аргументтерге уәж айта алатын дәрегейге қол жеткізе аламыз.

Тек қана олар (аргумент-дәлелдер) кең шалқар ойға емес, көрер көзге ғана темірдей… Күн Жерді айналады деген бұдан 500 жыл бұрын «бәріне де белгілі»  болды. Француз ғылым  академиясы 200 жыл бұрын өздерінің ресми қағаздарында аспаннан тас құлайды дегенді мансұқтай келеке етті. Қатаң кесік айтып, академиктерді мүйіздемей-ақ қоялық, өйткені ол кезде аспан қатты емес, ауадан ғана тұратындықтан онда қалайша тас болуы мүмкін. Осы орайда бұған кірістіре кететін бір нақтылау: атмосфераның шегінен тысқары тастардың ұшып жүретіні, әрі оның жерге құлауға қабілеттілігі ешкімге мәлім емес еді…

Шын мәнісінде, біз көбіне тозығы жеткен жылнамаларға асқан құрметпен қарап, оның қателіктен қашып құтылмайтын пенделер жазғанын есімізден шығарып аламыз. Пендеге тән алақұйын сезімдерге бой алғызып, басы артық сөздер мен өзіне ұнамаған боярлар турасында өз кінәзінің жарлығымен өтірікті қойша өргізгендермен, дау-дамайға түсе алмайсың ғой. Адамды алдамшылықтың құзына құлату мен жалған ақпарат өңмеңдейді…

Петрге дейінгі дәуірде барша әскербасылар құжаттарда лақап аттарымен аталып келді...

Тура, Темер, Туратемирь (авторлық орфографияны керек жерінде сақтап отырамыз – Абай.кз)… Бұл – бір ғана адамның Городецкий кінәзінің переяславтықтарға қарсы одақтасы болған алтын ордалық мырза Тоқатемірдің бізге белгілі аттары.

Тамерлан, Тимурленг, Темир-Аксак та – бір ғана адам. Ол сонымен бірге – Темир-Кутлу…

Көріп отырғанымыздай, географиялық атаулар мен кісі есімдері құныттамаған жанның тісін сындырады. Біріншісі карта бойынша «саяхаттап» жүрсе, екіншісі «қаққа жарылу» арқылы келесі дәуірлердегі ғалымдардың кітабында қатып қалған тұрақты үрдіске айналып, шатысып-бытысып жүреді… ...тарихтың исі мұрынына бармайтын жан түріктердің Топал-паша деп кімді атағанын білер ме екен, өзі!?. Сөз, әрине, фельдмаршал Суворов турасында…

...Географиялық атаулар (тек қалалар ғана емес, сонымен бірге елдер де!) карта бетіне түскен шақта өңін өзгертіп, ал, бір кісінің аттары түрлінше беріліп, адамды алжастырады да, белгілі бір оқиғаның түрлінше таңбалануы (өйткені, бабалар мен ұрпақтар түрлінше жыл санауды қолданғандықтан) тоңы сірескен белгісіздікті туындатады. Жылнамашы өзі ісіне адал болса – құдайдың бергені, ал, ол – әлдебіреудің жыртысын жыртса ше…

Сонымен медальдің үшінші жағы бар. Кей жағдайда, жылнамашы жүз пайыздық адалдықты танытып отырғанда, замана тарихшысы өзі көзімен көрмеген дүниеге ағынан жарылып баға беріп отырған жанның дерегіне сұғанақ қолын сұғып, «түзетіп» жіберуге бейім тұрады. Олар бұнысын мән-жайды «асқан сұңғұлалықпен» білетіндіктермен ұғындырады.

Ғалым тарихшылар айды аспанға бірақ шығаруға қашанда бейім…

Сонымен, бұл мәтін «Орыс жерінің құруы туралы Сөз» деп аталады, әр жарияланған сайын бізге жетпеген... «ТАТАР-МОҢҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ»... тұтас туындының үзігі деп мәлім етіледі!

Жалқаулыққа баспай құжатты тағы бір оқып шығыңыз. Сол кезде өздеріңізде мынандай қорытынды шығара аласыздар: осында татар-моңғол шапқыншылығы туралы хабарлама жәнеде жат жерлік басқыншылық турасында бір ауыз сөз бар ма өзі?

Ондай ештеңке де жоқ. Тек шағын ғана «...христиандарға зор апаттың бұлты төнді…» деген түйіндеу бар. Бірақ оның қандай апат екені еш басы ашылып айтылмайды да…

Тап осы ежелгі орыс әдеби ескерткіші мен үшін жол ашар болды. Осыдан бастап, мен өзімінің тарихи зерттеуімді қолға алып, татар-моңғол шапқыншылығы жайындағы әлденің арты былғанышты екенін мойындап, батыл айтуға күш-жігерім жете алды.

Бізге бұған дейін ежелгі қазба жұмыстарына қатысты дәуірді анықтаудың ғажайып амалын алдымызға жайып салған В. Янин одан ары төмендегідей рәпетте: «Тарихшы қолына жарым жартылай күйген парақты ұстап қалды, қалғаны моңғол-татар шапқыншылығы кезінде отқа оранып жанып кеткен еді. Сондықтан кітаптар тұтастай жанып, жел олардың күлін ұшырып әкетті» деп жазады.

Бұл арада оның жазғанының жөні бар. Не бәрі жанып кетеді, не... «Орыс жерінің құруы туралы Сөз» (кейбір болжамдар бойынша «әулие Александр Невскийдің өмірінің» кіріспесі болып табылады), тек екі тізімде ұшырасады – оның өзінде де сіз жаңа ғана оқып шыққан күйіңізде. Дұрысын айтсақ: «жартылай жанған бет» емес, ұқыптылықпен және арыдан ойластырып, белгілі бір версия құруға болатынын ғана қалдырып, қалғандарын жойып жіберіп, қасақана қаққа айырған құжатты танытады... (олар мәңгіге жойылды)… Соның өзінде жойылып жіберген бөлікте «моңғол шапқыншылғы» туралы сөз болуы еш мүмкін емес. Ең дұрысы ресми версияны жоққа шығаратын әлдебір мәлімет болғандықтан, жел тұрып, күлін ұшырып әкетті…

«Классикалық версияны» жақтаушылардың қисыны тым қарапайым. «Сөзде» аттары аталған ағайынды кінәздар Ярослав және Юрий Всеволодовичтер дәл сол татар-моңғол шапқыншылығы  уағында өмір сүрген тұлғалар. Бұдан шығатыны, онда сөз болатын «апатты» тек татар-моңғол шапқыншылығымен ғана байланыстыруға болады. Амал не, бәріне белгілі қисыннан бас тартуға болмайды.

Бірақ та, тек мифтік «моңғол-татар» рөліне өзге  үміткерлерді іздестіруді жалғастырған кезде мұндай ой қисындылғының қатаң өз шегі барлығы танылады…

Шын мәнісінде, асқан «зерделі тең жарым» ауыздарынан тастамайтын «моңғол-татар» ордасы қайда? Кейбір ыждаһатты авторлар Руске баса-көктеп енген әскердің әлдебір асыл тегін құраған деп түйіндейтін моңғолдар қайдан?

Сонымен, жердің тесігіне кіріп кетсеңдерде! Бұл мәселенің ең қызықтысы да, әрі ең құпиялысы да сол болған оқиғаларды көзімен көргендер де (не болмаса сол кезеңге жақын уақытта өмір сүргендер де) моғолдарды бізге тауып беру үшін дәрменсіз! Ақиқатында данышпандыққа салынып: олар – қара шашты, қысық көз жандар деп ділмарсысақ та, ал, антропология «монголоид» деп атайтындар олардың арасында мүлдем жоқ.

Тек еш күмәнсіз Орталық Азиядан бізге келген екі тайпаның – джалаир мен барластардың іздерінің ұштығын қолға іліктірдік. Олар Шыңғыс әскерінің құрамында Руске емес... Жетісуға (Бүгінгі Қазақ жерінің аумағына) келген. Осы жерде XIII ғасырдың екінші жартысында жалайылар бүгінгі Ходжент маңында, ал, барластар –Қашқандария өзені бойында көшіп-қонып жүрді. Олар Жетісуға «…тілі түркілене бастаған сәтте келген еді. Жаңа жерде олар мүлдем  түркіленіп, XIV ғ., түгесе айтсақ, оның екінші жартысында түркі тілін өз ана тілдері деп санады» (Б.Д. Греков пен А.Ю. Якубовскийлерді «Рус пен Алтын Орда» (1950) іргелі еңбегінен – екі ғалымда барды жоқ, жоқты бар қылып – тегі түркі тайпаларды халхаландырып – моңолдың құрамында халхалар да болған деген жалған оймен оқырманын шатастырып отыр. Өйткені, бір жалғандық екіншісін туындататын – А.Бушковтың ой түйіндеуі танытып отыр. Оған өзгелерді жоққа шығару үшін шын моңғол керек – ол оны ежелгі түркі тайпасынан тауып отыр. Бушковтың орыстарға өтетін амалы бізге өте қояма екен? – Abai.kz).

Бар болғаны осы. Бұдан басқа моңғолдарды тарихшылар қанша жерден барын салғанымен табуға қауқарсыз (Таба да алмайды, автордың өзі сияқты сан соға шатасады. Ұлы қаһан армиясының құрамында болмаған ұлтты қалайша табуға болады – Абай кз). Орыс жылнамашылары Бату ордасымен Руске келген халықтар арасында «құмандарды» алға шығарады, ал, олар болса – қыпшақ-половецтер! Олар бүгінгі Монголия жерінде орыс қала-шәрлерімен қарын-шектей араласып (мен кейін бұны дәлелдеп шығатын боламын)  өмір сүрді!

Араб тарихшысы Эломари: «Көне дәуірде бұл мемлекет (Алтын Орда XIV ғ. – А.Б.) қыпшақтар елі еді, қай кезде оларды татарлар басып алды, сол кезде қыпшақтар олардың боданына айналды. Одан соң олар, яғни, татарлар, қыпшақтармен қаны араласып, бір атаның баласына айналып шыға келді».

Татарлар ешқайдан ауып келген жоқ, олар бағзыдан бастап, ғасырлар бойы орыстармен қоңсы тұрып келді, мен бұл турасында ақ адалын айтар болсам, кейінрек сөз ететін боламын, қай кезде өзімінің дайындап қойған өрелілік бомбамды жарған сәтте. Әл-әзір бар назарымызды ең маңызды жағдаят: ешқандай моңғолдардың болмағандығына аударайық. Алтын Орданы монголоидтерге еш қатысы жоқ, қалыпты европеоид текті /автор – діни таңдау жасауда – мәсіхтенген (европеоид текті сақтап қалған//тілді жоғалтып түрді сақтаған) – қазақтар мен мұсылманданған (европеоид тектен айырылып қалған//түрді жоғалтып тілді сақтаған) – казақтардың антропологиясын әдейі шатастырып тұр: моңғол және сарттармен болған аралас неке бабалар тілін сақтап қалған қазақтардың түрін ғана өзгерткен жоқ: атақты Иман-Жүсіп бабамызға: «Көзі көк, аузы түкті сары орысты лақтай бауыздар едім» деген өлеңде шығартты/ (Жәнеде олардың тілі славян тіліне ұқсас еді – А.Бушковтың өзге тарихшылардан артықшылығы барды жоққа шығармайды, қайта оны панславяндықпен орысқа бейімдеуге даяр тұрады, осысы біздің тарихты «болмаған орыс ұлтының» иеленіп кетуі үшін тарихи үрей тудырады) ақшыл шашты, көк көзді, ешқандай қисық көзді емес... татар және қыпшақ-половецтер құрады.

Шыңысхан мен Батудың кейпі тап осындай еді (автордікі дұрыс). Көне дерек көздері Шыңғысты еңгезердей, ұзын «жирен» сақалды, жасыл-сары көзді жан ретінде сипаттайды. Парсы тарихшысы Рашид ад-Дин («моңғол» шапқыншылығының куәгері) былай деп жазады: Шыңғыс тұқымында нәрестелер «көбіне шағыр көзді және ақ шашты болып туатын еді». Г.Е. Грумм-Гржимайло Шыңғыстың оныншы атасы  Бодуаньчар – ақ шашты және көк көзді болған деген «моңғол» аңызын (халханікі ме өзі?!) еске салады! Ал, өз кезегінде Рашид ад-Дин Бодуаньчардың ұрпақтарының рулық атауы Борджигин шағыр көзді дегенді білдіретінін алға тартады (Алтын Орда тарихы біз орыс пен қытай пайдасына жоғалтқан тарих қана емес – ұлтымыздың 80 пайызы жоғалтқан – антропология – осы жанды жерімізден А.Бушков аярлықпен ұстап алып отыр  –Abai.kz).

Демек, Батудың келбетін – ақшыл шашты, ақ сақалды, көк көзді деп… айқындап суреттеп береді. Осы жолдардың авторы алыпқашпалықпен «Шыңғысхан өзінің қисапсыз әскерін құрған» деп танылатын аймақтан тым алыста емес өңірде өзінің саналы ғұмырын өткерді. Қандай десеңізші, бағзыдан монголоид халықтар – хакас, тува, алтайлықтарға, әрі халхалардың тап өздеріне назар салудан тойып болдық (Тәржімашы – түркі-моңғол туыстығына қарсы, сан ғасыр бойы біздің пайдамызға оларды ассмилацияға ұшыратып (әсіресе, хан иеміз, Абылайдың кезінде) қан араласқанмен діл араласпады – оған себеп: біз олармен туыс болуымыз үшін – есептік сан есімдеріміз ұқсауы керек, бір дінді тұтынуымыз керек. Бұндай басты екі факторға байөлкелік қандастарымыз еш көнбей – түркі-моңғол туыстығын алға тартуынан еш тыймайды//қазақ айырылған ата мекеніміз өзгеге бұйырып, өз жерінде жат атанып отырғандықтан өздері қарайтын елдің саясаты үшін ұлттық рухты және милети ділді сақтап қалу үшін осындай қадамға амалсыз барады//әрі ондағы және бүгіндері тарихи отанындағы қазақ ғалымдарының жазғандарындағы халханы адам қылған біздің бабаларымыз деген астар мәтінді ұғына білуіміз керек). Моңғолдар арасында ақшыл шашты, көк көзді жандар кездеспейді, мүлдем өзге антропологиялық тип…

Оның үстіне, моңғол тіліне жататын топтарда «Бату» немесе «Батый» деген кісі есімі мүлдем ұшыраспайды. Есесіне «Бату» башқұрт тілінде, біз жоғарыда айтып кеткендей: «Бастый» – қыпшақ тілінде ұшырасады. Шыңғыс әулетіндегі есімдер Моңғолиядан шыққан жоқ.

Ең қызықтысы, бүгінгі «нағыз» Моғолстандағы оның тайпаластары өздерінің даңқты бабасы Шыңғысхан туралы не деп жазды екен, ә!?

Жауап көңіл құншытпайды: XIII ғасырда моңғол әліпбиі деген еш болған емес (Шыңғыс құрған империяның кейін моңғол жазуына негіз болған түркі жазуының наймандық вариантын қолданғанын А.Бушков қолында дерегі болмағандықтан білмей отыр – Abai.kz). Моңғолдардың барша жылнамалары ертеркетегі XVII ғасырдың еншісіне тиеді. Ал, бұдан шығатыны, кез келген Шыңғысхан Моңғолиядан шыққан дегеніміз өңі айналдырылып үш жүз жылдан кейін жазылып алған ескі аңыздардың жаңғырығы (Бұл арада автор мәселенің байбына бармай отыр: Ұлы Қаһан өзі туып өскен Шығыс Түркістанның алаштан халхаға кеткен бөлігі ата-жұрты Байөлкеден қуылып, қазақтан РФ Алтай өлкесіне екі елдің шекарасында қалған алаш баласы бір-бірімен шектеспес үшін, тікелей байланыспас үшін 1957 жылы тартып алынып берілген ШҚО Қосағаш ауданы арқылы қазіргі ШҚО Абай ауданында Орда тауы мен Найман тауда (Шыңғыстауда) болашақ империясын құруға негіз салған деген де пікірлер бар (осы және басқа да түркі-қазақ тарихына қатысты құпиялардың жабулы қалуы үшін – археологиялық қазба жүргізбеу үшін – полигон әдейі құрылғандығы Мұрат Әжіде сөз болады) – Abai.kz) …  Әлбетте түркінің көлеңкесінде қалып келген екінші сортты ұлтқа сендер "нағыз" моңғолсыңдар деген, бабаларың қару кезеп, тұлпарының тұяғы басып, ауасын жұтпаған  Адриатикаға дейін соққан құйындата бәрін жайпай жеткен деу... қатты ұнады (бұл түркіні жабайы көшпенді етіп, оның үстіне – құны бізден төмен нағыз көшпендіге атқосшы шабарман етіп көрсету үшін даңқты бабаларымыздың 300 жылдан кейінгі өтірік тарихын жазушы мәсіхші иезуиттерге түркі өркениетін «Болмаған Ресейдің» пайдасына өмірге әкелу үшін өте керек болды (Иезуиттердің Ұлы Қаһанымыз Шыңғысханның кіндік кескен жері Байөлкеде қазақтар тұратынын білмей қалғаны қандай өкінішті). Осыны  А.Бушков өз концепциясын түзудегі пікірі бізбен қосылмаса да, санасыздықпен ақиқатқа жақаурата айтып отыр – Abai.kz)

Осылайша, біз өзіміз үшін ең маңызды жағдаят: шындық өмірде ешқандай «моңғол-татар» ордасының ешқашанда болмағандығының басын ашып алдық, яғни, қара шашты, қысық көз Орталық Азияны мекендеушілер ХІІІ ғасырда мамыржайлықпен өз беттерінше көшіп-қонып жүрді. Керісінше Руске мүлде басқалар еуротекті ақ шашты, шағыр көзді, көк көзді бөтен жандар «келді». Ал, шын мәнісінде, олар тым алыстан ат арытқан жоқ, қоңсы жатқан қыпшақ даласынан келді.

(Жалғасы бар)

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371