Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6113 4 пікір 22 Шілде, 2021 сағат 16:37

Пассионерлік рух

Ихсан ілімінде «digerham» атты алтын тұғыр (мақам) бар. Қазақ тілінде бір сөзбен нақ қалай тәржімаланатынын білмеймін? Тарқатып айтар болсақ, «digerham» - өзіңнен бұрын өзгенің қамын жеу, қарабасыңнан қалың бұқараның қамын жоғары қою, халқың үшін жанқияр бола білу, жансебіл рухта қоғамға қалтықсыз қызмет ету - дегенге саяды.

Әлбетте, «digerham» мақамында Хақтың разылығы үшін халқыңның қамын жеп, жансебіл рухта күресесің. Ықылас-ындынында Тәңірге деген махаббаты жоқ шарғы басты пенденің қарабасынан халқының қамын жоғары қоюы әсте мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда халқының арын арлап, зарын зарлап өткен Әзірет Сұлтан, Асан қайғы, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Хакім Абай және халқы үшін қан төккен жүрегі түкті батыр-баһадүрлеріміздің, сондай-ақ қараша халқын ілім-біліммен арайға бөлегесі келген Алаш қайраткерлерінің "digerham" мақамына көтерілген жанқияр тұлғалар екені талассыз ақиқат.

Қазақ «digerham» мақамындағы қайраткерді бәлкім ілгеріде – «қас жақсы», «игі-жақсы», «зиялы», «алып-ерен», «жанқияр», «жансебіл», «сахи», «құт», «атымтай-жомарт» деп бағалаған. Қазіргі таңда заманауи шарттарға орай оның баламасы ретінде «пассионер» атауын көбірек қолданып жүрміз.

Жалпы, әлем тарихына көз салсаңыз, халықты өрге сүйреген осы пассионерлік рух екеніне куә боласың. Пассионерлік рухсыз ешбір игі жаңалық болған емес. Ғаламды заманақырдан құтқарып келе жатқанда жанқияр жандардың жансебіл рухта жасаған ерен-ерліктері. Бұл рух семгенде қоғамда ашкөздік, әділетсіздік, жемқорлық, екіжүзділік, самарқаулық, бейғамдық, опасыздық, надандық, жағымпаздық, мақтангершілік жайлайды. Қазақ қоғамында аталған індеттердің белең алғанына қарағанда, онда демек бізде арай бәсең, халықтың қамын жеуге деген махаббат төмен, пассионерлік рухымыз семген.

Кеше ауыл баласы Құрмет Талапқазының батыстағы халықтың қамын жеп, өз ықырарымен жылу жинап, вагон-вагон пішен жіберуі әрине жанқиярлықтың ұшқыны. Жер-жердегі осындай ізгіліктің жұрнағын көріп, қанымыздан «еншісі бөлінбеген қазақ» деген рухтың әлі өшпегені көз қуантады. Әлбетте, бұл құлазыған көңілге медеу ғана. Ал тәмам елді өрге сүйрер, тұтас халықты биікке көтерер ұлы идея үшін күресетін пассионерлік пиғыл - отты рухты көру біз үшін әзірге сағым...

Мұхан Исаханның жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321