Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2749 0 пікір 8 Шілде, 2009 сағат 09:30

Кәкима Нысанова. Қазақстан білімді, білікті мамандармен күшті болмақ

Қазақстан — 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) негізгі мүшелерінің бірі. Қазір бұл ұйымның жұмысына бақылаушы мәртебесіне ие Үндістан, Пәкстан, Иран және Монғолия елдері қатысуда. Ұйым Ауғанстанмен байланыс тобын құрған.

Қазақстан — 2001 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) негізгі мүшелерінің бірі. Қазір бұл ұйымның жұмысына бақылаушы мәртебесіне ие Үндістан, Пәкстан, Иран және Монғолия елдері қатысуда. Ұйым Ауғанстанмен байланыс тобын құрған.
Бұл, сөзсіз, халқының саны жер шарының жартысына жуығын қамтитын елдер кірген ұйымның беделінің өсуіне айырықша ықпал етері анық.  ШЫҰ қазірдің өзінде өңірлік және ғаламдық саясаттың өмір шынайылығы ретінде қалыптасып келеді. Алдағы 10-15 жылдан кейін Қытай экономикасы АҚпен пара-пар болады. Оның себебі, Қытайдың “алтын қоры” — елден сырт жерде тұратын білімдар, патриот, іскер 56 миллион қытайлық азаматтар өздерінің тарихи Отанынан инвестиция құйып отыр. Қытай — Жапония мен Германия секілді өзінің ішкі мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білген ел. Соның арқасында Дэн Сяопин 15 жыл бұрын елде экономикалық реформалар бастап, қиындықтарды жеңіп шықты. Мысалы, 1995 жылға дейін елдің жылдық жалпы ұлттық өнімі (ЖҰӨ) орташа есеппен 12 пайызға артса, 1995 жылы 693 миллиард доллардан асып жығылды. ЖҰО 1980 жылмен салыстырғанда 5 жылға мерзімінен бұрын орындалды. Мұндай ғажайып табысқа жету экономикалық реформаларды тиімді жүргізу мен қатаң қаржылық саясат ұстану және негізгі қорларға түскен инвестицияларға бақылауды күшейту мен бағаның өсуіне жауапкершілік жүйесін енгізу арқасында ғана мүмкін болды. Шындықты жасырып қайтеміз, Қытайдағы секілді оңды факторлар мен қаржыны қатаң басқару жағы бізде жетіспейді. Қазақстанда халық капиталы да, Үкімет бөлген қаражат та миллиондап, миллиардтап із-түзсіз жоғалып жатады. Бірақ, бұл үшін ешкім де — не басшы, не әкім, не министр Үкімет алдында есеп бермегені былай тұрсын, заң талабынап сай  сотталмайды да. Жемқорларды ауыздықтау тек 2008 жылдан бері ғана қолға алына бастады.  Бұл ақшаның бәрі ел халқының табан ақы, маңдай терімен тапқан пұл емес пе? Оны әкім-қараларға жөн-жосықсыз желге шашуға кім құқық берген? Осы жағы түсініксіз. Қытайда жүргізілген экономикалық реформалар осы елде бөлек салықтан тұратын жаңа қаржы және салық жүйелерін (мұнда оның негізін қосымша құн салығы құрады) құруға мүмкіндік берсе, соның нәтижесінде билік экономиканың әр түрлі салаларын дамыту мен ресурстарды орналастыруда нарық тегершіктерінің рөлін күшейтті. Бұл жолдың дағдарысқа тосқауыл болары анық. Эксперименттік реформалар аспан асты елінде 2000-нан астам кәсіпорында жүргізілді. Капитал құрылымын (қаржы жүйесін) жақсарту мақсатында 305 кәсіпорын басқа өнім өндіретін құрылымдармен бірігу жолымен ірілендірілді. 92 кәсіпорын банкрот деп жарияланды. Бұл Қытай үшін онша көп сан емес. Жалпы мұнда қазір 1,5 миллард халық тұрса, 2015-2020 жылдары бұл сан 2,5 миллардқа жетпек. 1997 жылдың бас кезінде Қытайда шет ел капиталының қатысуымен жұмыс істейтін 278 кәсіпорын тіркелсе, онда 17 миллион адам жұмыс істеді. Ал, пайдаланылған шетелдік капитал 167 миллиард доллардан асып түсті. Шетелдік капиталдың қатысуымен машина жасау, электротехникалық өнімдер шығару мен өндірістік шикізаттардың маңызды түрлерін қайта өңдейтін өндіріске бағытталған ірі жобалардың саны қарқынды артып, мемлекетті әлем бойынша алға шығарды. Қазақстанға Қытай басып өткен осы жолға түсу керек-ақ. Алматыда қаншама күшті зауыттар “жоғалып” жатыр (АЗТМЗ,  20-Октября, т.б.) Олардың ішінде тіпті соғыс кезінде қару-жарақ дайындаған зауыттар да бар. Осы зауыттардың базасын пайдаланып, неге кәдеге жаратпасқа? Қазақстанда соларда істей алатын Мәскеудің техникалық институттарын бітірген қаншама білікті, білімді әрі тәжірибелі инженерлер бар десеңші?! Қазақстан осындай білімді мамандардың біліктілігін пайдалануы тиіс. Жапония, Израиль, Үнді мұхиты елдерінің басшылары үнемі: “Біздің басты байлығымыз — оқыған, білімді, тәжірибелі  (интеллектуалдық ресурс) адамдарымыз”,— деуден бір танбайды. Осы сөзді айтып қана қоймай, олардың білімін тиімді пайдалана да біледі. Қазақстанда жағдай мүлде басқаша. Бізде қажетсіз бос сөзбен уақыт өткізу, мамандарды шет елдерден шақыртып, мемлекеттің (халықтың деп түсініңіз) миллиондаған қаржысын соларға төлеу үрдіске айналған. Қалтаға сыймай жатса, сол ақшаны өзіміздің интеллектуалдарға неге төлемейміз? Ал, шет елдің білімді “мұғалімдерін” шақырсақ, тек жапондарды ғана шақырған жөн болар еді. Шет елдердегі озық білім деңгейіне қол жеткізу үшін,  Қазақстан өзінің білім жүйесін заман талабына сай нығайтып, жақсы білім беретін оқытушылар мен көп жыл ұстаздық еткен тәжірибелі жандарды ғана жұмысқа алуы керек сияқты.
Қытай бұрын жоғарыдағы тауарларды шет елдерден алса, өндірісті іске қосқаннан кейін, енді оларды өздері экспортқа шығара бастады. Индустрализациялауға кешірек кіріссе де, Қытай шет елдің инвестициясы мен технологиясын (құрал-жабдықтарын) алып, тауарларды өндіру жолына түсті. Мысалы, Шығыс Азия елдерінің ЖІӨ-і 1985 жылы 3 триллион, 1995 жылы 7 триллион долларды құраса, 2005 жылы бұл көрсеткіш 14 триллион долларға дейін артты. Көріп отырғанымыздай, ішкі рыноктың шектеулілігі экспорттық өндіріске бағыт ұстану саясатына көшуге мәжбүр еткен Шығыс Азия елдеріндегі аймақ ішіндегі ынтымақтастықтың тез қарқынмен дамуы назар аудартады. Бұлар ауыр еңбекті қажет ететін өндірісті әлсіз дамыған елдер үлесіне қалдырып, технологиялық басқыш арқылы жоғары көтеріліп келеді. Осылайша, Жапония, Қытай, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т.б. осы секілді Оңтүстік Азияның ірі елдері өздерінде диверсификацияланған өнеркәсіптік кешендер құрды. Қазақстанның АТР елдерімен ынтымақтыстықты дамытуға күш-жігер жұмсауы, әрине, шынай ниеттен туған әрекет. Себебі, бұл аймақ инвестиция, жаңа технология, құрал-жабдық алу мүмкіндігі мен энергия қуаты және шикізатты өткізу көзқарасы тұрғысынан Батысқа балама рынок ретінде танылып отыр. Экономикалық және геосаяси талдау қорытындысында біз Қытайдың шынында да бізге жақын көрші әрі сенімді серіктес екендігіне көз жеткізудеміз. Жалпы, Қазақстанның АТР елдерімен ынтымақтастықты дамытуға құлшыныс білдіруі өзін-өзі ақтайтын іс-әрекет екені даусыз. Басқаша айтсақ, біз дұрыс жолмен дамып келеміз. Ендеше, қазіргі экономикалық даңғдарыстан да шығатынымызға сеніммен қарауға болады.
Еске сала кететін бір жағдай қытайлар өндірістегі еңбегіне жалақыны аз алады. Себебі, ол елде киім-кешек, азық-түлік өте арзан. Олардың табыстарының негізгі көзі — әр түрлі бонустар мен шет елге шығарылған тауарлардан түсетін табыс пайдасы. Олардың өндірген тауарларын шет елдерге экспорттауға ынталы болатындығы да сондықтан. Қытайлақтыр да жапондықтар секілді “Сар ариман” (бұл “жалақыға өмір сүруші адам” дегенді білдіреді) ұстанымымен жұмыс істейті. Бұлар да жапондықтар сияқты еңбекқор, тәртіпті, кәсіпқой. Экономистері, инженерлері мен технологтары шетінен білімді әрі тәжірибелі. Қытайлықтарды осы қасиеттері экономикалық дағдарыстан алып шығып отырғаны анық.

 

Кәкима Нысанова   
“Қазақстан Заман” газеті 2 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5441