Мал дәрігері Б.Тұрсынбеков жылқының «жазылмайтын» ауруының емін тапты
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қамбар ата тұқымының тік ішегіне ебелек пен жоңышқа араласып, желімдей тұтасып қатып қалуынан туындайтын «қу тезек» (закупор прямого кишка) дерті көбінесе көктемде, мамыр айының аяғында көптеп кездеседі екен.
«Ветеринарлық анықтамалықта» мұндай тік ішектің толуы дертінен малдың оңалып кетуі сирек екендігі, тіпті күрделі ота жасаудың да жақсы нәтиже бермейтіні жазылған. Осы мәселеге байланысты тиісті мекемелердің ветеринар мамандарынан да сұрастырып білгенбіз. Олар тік ішекке қатысты үш бірдей (ішектің оратылуы, тік ішектің ісінуі, толуы) дерт барын, оның қай-қайсысын болсын емдеп жазу, ота жасау тым қиынға түсетінінін, ота жасалған күннің өзінде күткендегідей нәтиже бермейтінін айтып, «ең дұрысы сойып тастау ғой» десті.
Ал, бұл дерттің емі бар болып шықты. Оны ойлап тауып жүрген басқа емес, қарапайым ғана ауыл ветеринары Бота (төлқұжаттағы есімі Кенішбек) Тұрсынбеков. Жуырда оның Ойық ауылының тұрғыны Артық Қойшыбаевтың тік ішегі бітеліп, «енді өледіге» сайып отырған мініс атын өзі білетін әдіс-амалға сай ота жасап, емдеп жазғанын естідік. «Ойпырм-ай, қолының епсектілігі-ай, жылқының жамбас қуысына ота жасағанды Ботадан көрдім» дейді мал иесі әрі қуанып, әрі таңырқап.

Кейін «емшінің» өзімен де жолығып, тілдескенбіз. Кезінде өзім ғана білетін осынау ота жасау әдісін жаңалық деп те ойламаппын. Содан да оны көпке жария етпей келдім. Қазір егде тартқанда барып, мұның еліміздің ветеринария ғылымы үшін өте-мөте қажеттігін түсіне бастағандаймын. Ғылыми әдебиеттерде тік ішек ауруының осы түрін емдеп жазуға қатысты мәлімет әлгіндей. Ал менікі қарапайым әдіс қой. Осы күнге дейін өзім емдеп, ота жасаған бірде-бір тұяқ шетінемепті, бәрі де аяғына тұрып кетті, деп Бота ағамыз ағынан жарылды сол жолы.
Айтқанының бір жалғаны жоқ. Алғаш рет, осыдан жиырма жылдай бұрын осы аурудан ауылда жылқы малы жаппай қырылып жатқанда, олардың 20-30-ын емдеп жазып, аман-сау алып қалғанын ауылдастары әлі де жырдай қылып айтады. Оның өзі ойлап тапқан ота жасау әдісі жуықта ауылындағы пышаққа ілінгелі тұрған және бір қылқұйрықтының қатарға қосылуына септесіпті. «Қу тезектен» қазір де аяқты малдарының көптеп қырылуына жол беріп жүрген Семей өңірінің жұртшылығы ауылдағы «алтын қолды» мал дәрігерінің емін қаншалықты қажетсініп отыр десеңізші!
«Қолда өскен құлынның тай аты қалмайды» дегендей, ауылда, күнбе-күн өзімізбен аралас-құраластықта, тап жанымызда жүрсе де, озық ойлы, жаңашыл іске бейім азаматтарды көзге аса іле қоймаймыз. Сондай талантты азаматтардың бірі - Б.Тұрсынбеков. Бүгінде ол өзінің жылқы ауруларын қарапайым жолмен емдеу әдісін патенттеуге кірісуде. Уақыт талабы сондай. Б.Тұрсынбековтің өткен ғасырдың 80-жылдары Луговой зоотехникалық-ветеринарлық техникумынан алған мамандығы бойынша шаруашылықта көп жылдар бойы мал дәрігері болып жұмыс істеп, жиған бай тәжірибесін елдің игілігіне жұмсамақ ниеті әбден құптарлық.
Дерек көз: «Егемен Қазақстан» газеті.