Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5558 0 пікір 5 Маусым, 2012 сағат 11:28

Елі танымайтын Елтаңба авторы

Биыл Қазақстанның ұлттық нышандары жасалғанына 20 жыл толса, Елтаңба авторы 70-ке келді. Бірақ оны елеген ешкім жоқ. Тіпті ол туралы интернетте де дерек тапшы. Тек оның Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші екендігі, көрші елде көп атақтар мен сыйлықтар алғаны жазылыпты. Ал қазақ елінің мемлекеттік құрылымы мен өткен тарихын, дәстүрі мен дүниетанымын 20-дан астам деталь арқылы бір Елтаңбаға сиғыза білген Жандарбек МӘЛІБЕКҰЛЫ - атажұртында әлі беймәлім тұлға.

- Елтаңба жасауға басқа адамның, дәлірек айтқанда, Шота Уәлихановтың қатысы бар ма?

- Ең алдымен неге Елтаңбаны жасадым? Жиырма жыл бұрын «қазақтың мәдениеті, дәстүрі, тарихы жоқ» демесін деп, оның дана халық екенін дәлелдеу үшін намыстан осы жұмысқа кірістім. Содан Жоғарғы кеңестің кеңсесіне 173-ші болып, эскиз бен макеттерді әкеп тастап кеттім. Бір ай қалғанда мені шақырды. Алматыға аптасына бір мәрте келіп, мағынасын түсіндіріп кететінмін. Бұл жұмысқа басқа ешкім араласқан да емес, айтқан да емес. Ташкентте архитектор болып істеп жүргенмін. 7-8 ұлттың өкілдері жабылып, елтаңба макетін жасады. Олар ондағы киіз үйдің, оның құрылымын, тарихтың елтаңбада пайдалануын қайдан білсін?! Соның барлығын айтып отырып, жасатқыздым. Сіз айтып отырған мәселе тұсау кесер болғаннан кейін қосылған ғой. Егер бір жерлерін қосса, бірге істесе, айтып берсін.

- Қарсылық танытқан жоқсыз ба?

- Мүмкін емес. Қазірдің өзінде. Оны айтуға да тұрмайды. Өйткені қиянат жасайтын, ұрлық істейтін, басқаратын, өзінің сөзін жүргізетін адамдар әркез болады. Олар өз дәуірін пайдаланады. Ол кезде жұмысты атқаратын - бір адам, сыйлықты алатын - басқасы болатын. Менің ең басты жетістігім: еліме арнаған жұмысым оның қажетіне жарады. Одан асқан маған сыйлық жоқ! Ал менен кейін бір адамды, әлде онын жазса да, бұл мені қызықтырмайды. Ең бір күйіндіретіні: мен 70-ке келіп жатырмын, ешкім танымайды. Ешкім мені білмейді ғой... Бірақ оның есесіне басқа адамды таниды. Өйткені ол - осы жердің адамы. Ал біз «келген» адам болып есептелеміз. Жетпіс жасқа толғанымда бір адам: «Бүгін елтаңба авторының туған күні» деген жоқ. Неге?

- Авторға деген құрмет болмаған соң...

- Мәселе онда да емес. Жанашырлары болса, солар жасауы мүмкін. Көп дана адамдарды көріп жүрмін, жақын достары, шәкірттері көкке көтереді. Мен өмірден озып, Елтаңбаны ел тани бастағаннан кейін ғана: «Мұны кім жасаған?» деп іздей бастайды. Соны білемін. Менен кейін 10-15 есімді жаза берсін. Елтаңбаның түпнұсқасы, идеясы менен шықты. Сығанақтың қасында туғаныма да мың мәрте шүкір деймін.

Сұхбаттың толық нұсқасын - www.arasha.kz - http://arasha.kz/post/843 cайтынан оқи аласыздар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404