Ясин Төкенов. «Мистер Х-ДӨКЕЙ» кім емес, ол – «ӘДІЛДІК»!
Біләл Тағаевтың «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетіндегі сөзіне сенсек, соңғы он жылда Кеген, Сарыжаз, Тасашы ауылдарында 800 мал басы қолды болыпты. Былтырдың өзінде 83 жылқы ұрланған. Сол он жыл бойы ешкімнің шамасы келмеген ұрлықты өткен жылы Райымбек АІІБ төрт қызметкерінің ашқаны туралы бүкіл ел шулады. Бірақ, оның қандай жолмен ашылғаны көпшілікті аса ойландыра қоймаған сынды. Олай дейтініміз, полицейлердің А.Тастеев пен оның сыбайластарына балаған Е.Едігеев, Н.Шалабаев, Б.Азатов, К.Оқасовтарды қалайда ұры етіп шығару мақсатында қолданған айла-шарғы, азаптау нәтижесінде Алмасбек Тастеев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Онысымен қоймай, ұрланған-ұрланбағаны белгісіз 11жылқының құнын төлеп берді. Алайда, тәртіп сақшылары оған қанағаттанбай, бұлардың мойнына 72 бас малды тағы іліп отыр. Айыптау қорытындысында да, сотта да келтірілген заттай айғақ жалғыз тұсамыс болды. Басқа айғақ жоқ.
Біләл Тағаевтың «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетіндегі сөзіне сенсек, соңғы он жылда Кеген, Сарыжаз, Тасашы ауылдарында 800 мал басы қолды болыпты. Былтырдың өзінде 83 жылқы ұрланған. Сол он жыл бойы ешкімнің шамасы келмеген ұрлықты өткен жылы Райымбек АІІБ төрт қызметкерінің ашқаны туралы бүкіл ел шулады. Бірақ, оның қандай жолмен ашылғаны көпшілікті аса ойландыра қоймаған сынды. Олай дейтініміз, полицейлердің А.Тастеев пен оның сыбайластарына балаған Е.Едігеев, Н.Шалабаев, Б.Азатов, К.Оқасовтарды қалайда ұры етіп шығару мақсатында қолданған айла-шарғы, азаптау нәтижесінде Алмасбек Тастеев 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Онысымен қоймай, ұрланған-ұрланбағаны белгісіз 11жылқының құнын төлеп берді. Алайда, тәртіп сақшылары оған қанағаттанбай, бұлардың мойнына 72 бас малды тағы іліп отыр. Айыптау қорытындысында да, сотта да келтірілген заттай айғақ жалғыз тұсамыс болды. Басқа айғақ жоқ.
Бұл іс туралы бүкіл БАҚ көрсетіп, жазды. Біраз ел құлағдар. Мұны айтып отырғаным, «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеттерінде шыққан тәртіп сақшылары мен ата-аналарының сөздері көпшілікті «прокурорлар ұрыларды жақтап отыр ма?» деген де ойға қалдыруда. Үлкен кісілер көп нәрсені түсінбеуі мүмкін. Ал, көзі ашық, мемлекеттік қызмет сеніп тапсырылған жігіттердің бар мәселенің тек «дөкеймен» шешілетінін ашық тұспалдауы, жалпы, құқық қорғау органдарының атына кір келтіріп отырғандай. Мысалы, полиция қызметкері Саят Сатылғанов басылым бетінде: «Олардың облыстық прокуратурада сүйенер біреулері бар сияқты» десе, полиция капитаны Медет Сәлімбаев: «Қысқасы, прокуратура қызметкерлері бізге жала жауып отыр. Біздің үстімізден қозғаған істерін заңсыз»,-деп кесіп айтады. Жедел іздестіру тобының уәкілі Санат Демеуов те: «Айыпты деп танылып, қылмысы толық әшкереленген ұрыларды қорғау үшін Балнұр мырза қолынан келгенінің бәрін істеп жатыр. Егер ол біздің дәлелдерді тіркесе қылмыстық іс бірден қысқартылар еді» дейді. Алматы облысының арнайы прокуроры Балнұр Есенгелдинов: «Полицейлер іске тіркелмеді деген дәлел болатын айғақтардың бәрі тігілгенін» сол газеттерде де жоққа шығармайды. Сонда олар мұндай болжамдарды неге сүйеніп айтып, жұртқа кереғар көзқарас тудырып жүр.
Тасашы ауылының тұрғыны Байқонақ Нүптағаевтың «Облыстық прокуратура істің әділ шешілуіне кедергі келтіріп, төленген 11 баспен ғана істі бітіргісі келетіндей» деген сөзі полицейлердің әу баста-ақ, осы төртеуіне ауданда жоғалған бүкіл малды жабуды мақсат еткендерін көрсетпей ме? Райымбек АІІБ бастығының орынбасары Ермек Баймолда: «Оқасов аудандық тергеу бөлімінің абақтысында қамалған да жоқ, таяқ та жеген жоқ. Оны таяқтаған қамауда жатқан Алмасбек Тәстеевтің нағашысы Сәкен»,- деуінің өзі АІІБ басшылығының да істің анық-қанығына бармай сөйлей беретінін байқатып отыр. Біріншіден, Сәкен Алмасбектің нағашысы емес, туған ағасы. Екіншіден, К.Оқасовтың тергеу абақтысында қамалғанына нақты дәлелдер бар. Енді мына қызыққа қараңыздар. Қайрат Сатаев «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетінде «Ұрылар көрсеткен Тасашы ауылындағы көмген жерді бір күн кешке дейін қазып, бас-сирақ, ішек-қарын, терілерді шығардық. Сасып-жидіген иіске шыдау мүмкін емес. Ол жерден менің жылқыларымның мүшелері шықпады. Тек, кейіннен Азатов, Едігеев, Шалабаевтар менің жылқыларымның түр-түсін, қайдан айдап әкеткенін, екі құлынды жібере салғанын, бәрін ұрмай-соқпай-ақ айтып берді. Қалған өмірімді осы ұрыларға берсем де қырып кетемін әкеңнің... »,-депті.
Тергеушілердің дәлелдеуінше, бір түнде топтап ұрлаған жылқылардың енін, түр-түсін, тіпті, жасын, таңбасын ұры атанған төрт жігіт өздері дәлме-дәл айтып беріпті. Айыптау қорытындысында осылай жазылған. Сот та осы уәжге сүйенген. Жылқы таңбасының қай жеріне басылғанын, жасын білсе тек иесі біледі. Пайда табудан басқа мақсаттары жоқ ұрылардың, оның үстіне түн мезгілінде олардың бәріне көңіл бөліп, жаттауы, тіпті, қисынсыз. Алматы облыстық прокуратурасы тексеру барысында Е.Едігеев жазғандай, дене жарақатының салынғаны анықталғанын растап отыр. Бұл мәселе жоғарыда айтқан басылымдарда да жазылған. Қысқасы, алдын ала тергеу барысында да, сотта да А.Тастевке тағылған айып дәлелін таппады. Менің бұлай деуіме толық негіз бар. Бұл істе қолдан жасалған дәлелдер сансыз. Ата Заңымыздың 77-бабының 9-тармаңына сүйенер болсақ «Заңсыз тәсілдермен, жолдармен алынған дәлелдердің заңдық күші жоқ». Ешкім де өзінің кінәсін мойындағаны үшін және мойындау негізінде сотталуы тиіс емес. Сол ұрлықты жасағаны туралы бұлтартпас дәлелдер мен заттай айғақтар болса онда кез келген ұры жазасын алсын. Ал, Райымбек АІІБ қызметкерлерінің бүкіл үш ауылдың малын төрт жігіттің мойнына мәжбүрлеп салуы - еш заңға сыймайды. Жедел уәкіл Алмас Тағаевтың әкесі Б.Тағаев «Облыстық прокуратурадағылар ұрылардың сөзін сөйлеп келеді. Кімде болса жоғарыда қылмысты жасыруға мүдделі бір «дөкей» бар сияқты. Әзірге «Кімсің сен, «мистер Х-ДӨКЕЙ?»,-деп, сол дөкейдің кім екенін біле алмай жатырмыз»- деп «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті арқылы жар салыпты. Біздің айтарымыз, сіздер сабылып іздеп жатқан «мистер Х-ДӨКЕЙ» ешкім де емес, ол - «ӘДІЛДІК» әрі оның жеңеріне сенеміз дегіміз келеді.
Ясин ТӨКЕНОВ, қорғаушы
«Masa.kz» интернет газеті