Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1387 0 пікір 13 Шілде, 2021 сағат 11:50

«Рухани жаңғыру»: БҰҰ мен «Жастар» орталығы қандай жобаларды іске асырады?

Қазақстанда бірнеше жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан «Рухани жаңғыру» атты арнайы бағдарлама бар. Онда еліміздің мәдени-рухани дамуымен қатар, жастардың да болашағына көп көңіл бөлінген.

Осы бағдарламаның аясында жуырда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры жаңа меморандумға қол қойды. Сөйтіп, ынтымақтастық шеңберінде жастар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған жобаларды біріге іске асыру жоспарланған.

Аталған меморандум талаптарына сай, жастар мен жасөспірімдердің құзыреті мен дағдысын қалыптастыру бойынша модельдер құру, Қазсқатндағы жастар сааясатын дамыту, жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіру, серіктестік пен менторлық қолдауды көтермелеу, жастар қызметкерлерін оқыту және жастар ресурстық орталықтарын көбейту, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша ынтымақтастық секілді бағыттарды дамыту мен өз ара іс қимыл жасасуға уәделесті.

Ынтымақтастықтың негізгі векторы ретінде осал топтағы жастар мен жасөспірімдердің мүмкіндігін кеңейту үшін олардың әлеуметтік салада жетістікке жетуіне ықпал ететін Samgau (Upshift) жобасын іске асыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, Samgau жобасы – Біріккен Ұлттар Қйымының Балалар қоры мен (ЮНИСЕФ) қр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірлескен жобасы. Аталған бағдарлама аясында дайын және тәлімгерлік шешімдерді басқаруға арналған шағын гранттар, өмірлік әдеттерді нығайту бойынша онлайн-тренингтер, инновациялық жобалар бойынша практикалық семинарлар өткізу қарастырылған. Онда оқытудың эмпирикалық әдістері қолданылады және бағдарламада жастар мен жасөспірімдерді туындайтын мәселелерді анықтауға, зерттеуге және өнім немесе қызмет түрінде тиімді шешімдер жасауға баулиды.

Қазіргі таңда Samgau жобасы еліміздің 6 өңірінде жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба Алматы қаласымен қатар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау облыстарының Жастар ресурстық орталықтары базасында іске асып жатыр. Екі кезең барысында жобаға 1 мыңнан астам жастар қатысқан. Бағдарлама аясындағы өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету бойынша 2 онлайн буткамп, 30-дан астам семинар өткізілген. Бүгінгі таңда 13 команда шағын грант алып, өз жобаларын жүзеге асырып жатыр. Одан бөлек, аталған жобаға 11 мектеп қатысып жатыр.

Айта кетейік, осы айдың басында Алматы қаласындағы Алмалы жастар ресурстық орталығында “Samgau Digital” кеңсесі ашылған болатын. Оған Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары В.Ващенко, “Жастар” ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Н.Наурызбаев пен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысқан болатын. Онда жастардың жан-жақты дамуы мен көшбасшылық, шығармашылық, сыни ойлау және командамен жұмыс істеу бойынша қызметтер ұсынылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504