Жұма, 18 Қазан 2024
Жаңалықтар 2650 0 пікір 11 Маусым, 2012 сағат 09:15

Ғаббас Қабышұлы. Өзгелер қазақты ешуақытта жарылқаған емес және жарылқамайды да!

ОСЫ АЙДАЙ АҚИҚАТҚА КӨЗ ЖЕТКIЗЕТIН ДЕ УАҚЫТ БОЛДЫ, ӘЙТСЕ ДЕ...

Мен тарихшы да, тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушы да емеспiн. Мен оқырман ғанамын, бiрақ тарихтың саясат саласына үңiле жүрудi, ондағы өзiмнiң көзiм жеткен дұрыстықты да, бұрыстықты да айтуды жөн көремiн.

КСРО мен Ресейдiң тарихын бүлдiрген алаяқтың бiрi - Н.С.Хрущев. Н.Хрущевтiң СОКП-нiң ХХ съезiнде жасаған баяндамасы (әсiресе, Сталин туралы айтқандары) тұтас дерлiк "өсек-өтiрiктен құралғанын" соңғы жылдары тарихшылар айта бастады. Мәселен, кезiнде барлаушы болған генерал-полковник, жазушы В.Жухрай былай дейдi: "АҚШ ғалымы Говард Фрер мынандай зерттеу жүргiздi. Н.С.Хрущев СОКП-ның ХХ съезiнде Сталиндi әр қырынан 61 рет сынапты. АҚШ ғалымы осы 61 сынның 61-i де өтiрiк, жалған екенiн дәлелдеп шықты".

 

Шынында да, Н.С.Хрущев осы съезде "кезiнде В.И.Ленин­нiң "Сталин - өте дөрекi" деп жазып қалдырғанын, бiрақ бұл хатты Сталиннiң жасырып қалғанын" айтады. Ақиқатын айтар болсақ, В.И.Лениннiң бұл хаты ("Съезге хат") Сталиннiң ал­ғысөзiмен 1936 жылы жеке кi­тапша болып жарық көрген-дi.

Сондай-ақ Н.Хрущев Ленин­нiң Сталинмен ешқашан суретке түспегенiне "куә" болса, Ленин мен Сталиннiң бiрге түскен суретi 1922 жылы Лениннiң сау-саламат кезiнде "Правда" газе­тiнде басылған-ды.

ОСЫ АЙДАЙ АҚИҚАТҚА КӨЗ ЖЕТКIЗЕТIН ДЕ УАҚЫТ БОЛДЫ, ӘЙТСЕ ДЕ...

Мен тарихшы да, тарихи тақырыпқа қалам тартқан жазушы да емеспiн. Мен оқырман ғанамын, бiрақ тарихтың саясат саласына үңiле жүрудi, ондағы өзiмнiң көзiм жеткен дұрыстықты да, бұрыстықты да айтуды жөн көремiн.

КСРО мен Ресейдiң тарихын бүлдiрген алаяқтың бiрi - Н.С.Хрущев. Н.Хрущевтiң СОКП-нiң ХХ съезiнде жасаған баяндамасы (әсiресе, Сталин туралы айтқандары) тұтас дерлiк "өсек-өтiрiктен құралғанын" соңғы жылдары тарихшылар айта бастады. Мәселен, кезiнде барлаушы болған генерал-полковник, жазушы В.Жухрай былай дейдi: "АҚШ ғалымы Говард Фрер мынандай зерттеу жүргiздi. Н.С.Хрущев СОКП-ның ХХ съезiнде Сталиндi әр қырынан 61 рет сынапты. АҚШ ғалымы осы 61 сынның 61-i де өтiрiк, жалған екенiн дәлелдеп шықты".

 

Шынында да, Н.С.Хрущев осы съезде "кезiнде В.И.Ленин­нiң "Сталин - өте дөрекi" деп жазып қалдырғанын, бiрақ бұл хатты Сталиннiң жасырып қалғанын" айтады. Ақиқатын айтар болсақ, В.И.Лениннiң бұл хаты ("Съезге хат") Сталиннiң ал­ғысөзiмен 1936 жылы жеке кi­тапша болып жарық көрген-дi.

Сондай-ақ Н.Хрущев Ленин­нiң Сталинмен ешқашан суретке түспегенiне "куә" болса, Ленин мен Сталиннiң бiрге түскен суретi 1922 жылы Лениннiң сау-саламат кезiнде "Правда" газе­тiнде басылған-ды.

"Сталин соғыс басталғанын естiгенде есiнен жаңыла жаздады. Саяжайына кетiп қалып, бiрнеше күн үн-түнсiз жатып алды" дегенiн өзiнiң досы А.Микоян жоққа шығарды. Ол Сталиннiң 23-маусым күнi кеште Бас штабқа барып, ондағыларды: "Не қарап отырдыңдар?!" деп қысқанда Г.Жуковтың жылап жiбергенiне дейiн жазды.

Тарих ғылымының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдiнiң "Жас қазақ" газетiнде (20.04.2012жыл) жарияланған "қазақ тарихын тек қана қазақ және бiлгiр адал, әдiл тарихшы жазуы керек" деген пiкiрiн оқыған сәтте тарихты ең әуелi "тарихшылар" және қолында шексiз билiгi бар Хрущевтай "диiрменшiлер" бұрмалайтыны ойыма оралды. Тарихтың ерiк­кен­нiң ермегiне айналмауы керек-ақ!

Мәмбет Қойгелдiнiң жоғарыдағы басылымда Шыңғыс хан, "Көшпендiлер" және Мұстафа Шоқай, Леон Мирзоян жайында айтқандары да ақиқат!

"Көшпендiлер" фильмi, расында да, қазақ үшiн емес, доллар үшiн түсiрiлген болып шықты. Әу баста Абылай хан және оның дәуiрi туралы түсiрiлмек киноның сценарийiне бәйге жарияланып, бiрiншi орынды Сәкен Жүнiсовтiң пьесасы жеңiп алды. Өте әдiл шешiм едi. Драматург-жазушы Сәкеннiң шығармашылық жаңа табысына бәрiмiз қуандық. Бiрақ, ғайыптан, кенеттен Қазақстаннан тыс жердегi Р.Ибрагимбеков дегеннiң сценарийi пайда болып, фильмнiң осы сценарий бойынша түсiрiлетiнi, мұнда Iлияс Есенберлин мен Әнуар Әлiмжановтың тарихи романдары негiзге алынатыны   мәлiм етiлдi. Одан кейiн ол екi жазушының аты-жөнi де аталмай қалды. Егер жаңылмасам, Талғат Теменев қой деймiн, фильмдi түсiруге дайындықтың басталып кеткенi, түсiрiле бастағаны жөнiнде желдей есiп жазды бiр дейсiң! Ибрагимбековтiң мақтауын асырды. Ал оның ақыры не болғаны белгiлi. Ондаған мил­лион доллар иектерi қышыған иелерiн тапты да, "Көшпендiлер" американдық арзан боевиктiң бiрi болып шықты.

Осыдан кейiн Т.Теменовке қалай сенуге болады?!

Мәмбеттiң: "Ал Мирзоян репрессияны бастап бердi. Қазақтар болса, оны "Мырзажан" деп құрметтедi. Оның тұсында қазақтың зиялыларын қудалау жүрiп жатты" дегенiне тоқталсам, танымал журналист, сол кезеңдегi оқиғаларға куә болған ақсақал Мадат Аққозиннiң   былай деп жазғаны есiме түседi: "Голощекиннен кейiн Мирзоянды халық құтқарушыдай қабылдады. Рас, дүкенге нан түстi. Жұмыссыздық азая бастады. Бiрақ ендi жаппай аштықтың орнын жаппай тұт­қындау, жаппай атып-асу алмастырды..." Бұл әдiл сөз, әри­не, "мырзажаншылдарға" ұнаған жоқ.

Мирзоянның Қазақстанды бас­қаруға келген бетте халықтың тұрмысына, мәдениетiне, өнерiне, ғылымына көңiл бөлiп, бiрсыпыра жақсылық, жеңiлдiк жасағаны рас. Алайда Мирзоянның елеулi шара атаулының бә­рiн Кремльдiң келiсiмiмен, тiке­лей көмегiмен жүргiзгенi даусыз.

1933-38-жылдары "халық жа­уы" лақабымен айдалып, атылып кеткен азаматтарымыздың жүз­деген мың екенi аян. Ал бiздiң әдебиет ауылымызда сол кезеңде бас-аяғы қырық шақты жазушы түгел дерлiк қасiретке ұшырапты. Он жылға Сiбiрге айдалып, мерзiмiн өтеп, әйтеуiр, отбасына аман оралғандарды атамағанда, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Iлияс Жансүгiров, Бейiмбет Майлин, Әбдiрахман Айсарин, Орынбек Беков, Абдолла Асылбеков, Мәжит Дәулетбаев... атылды. Бұл ақын-жазушылардың тiзiмi Кремльде жасалған жоқ, оны жасатып, қолын қойып, мөрiн басқан - Мирзоян!

"Сәбит Мұқанов және басқа да ағаларымыздың бiразы Мирзоянды "Мырзажан" дептi, ол Мирзоянға халық берген ат едi" дейдi кейбiр тарихшылар, журналистер, әртiстер. Ал қаламдас дос-жолдастары топ-тобымен жазықсыз тұтқындала бастағанда сол Сәбит Мұқанов қатты абыржып, Мирзоянға өзiн қабылдауды өтiнiп екi рет хат жазады. Бiрақ   Мирзоян маңайлатпапты. Неге? Сәбеңнiң "Мыр­­­за­жанының" онысы несi?

Мәселен, Мирзоянның өзi Халық ағарту комиссарлығына тағайындаған Темiрбек Жүрге­невтiң "халық жауы" тiзiмiне iлiккенi қалай? Себебi: Темкең Қазақстанда iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде - қазақ тiлiнде жүргiзудi талап еткен. Қазақтың ән-күй өнерiне көп үлес қосқан сазгер Евгений Брусиловский "Дүйiм дүлдүлдер" атты кiта­бында Темiрбек Жүргенев мәжi­лiстi ұдайы қазақ тiлiнде жүргi­зетiнiн, сондай бiр басқосуда Қарағандыдан келген Борис Орловтың министрден орысша сөйлеудi талап еткенiн айтады. "Жүргеневтiң қара көзi ұшқындап кеттi, - дейдi автор, - Темiрбек: «Орлов жолдас, сiз қайда отырсыз? Қазақстанға келдiңiз екен, мұнда жұмыс iстегiңiз келедi екен, сiз республиканың мемлекеттiк тiлiн бiлуге мiндеттiсiз! Әлде сiз қазақ әндерiн де орыс тiлiнде зерт­темекшiсiз бе? - дедi". Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Мирзоянға қазақы намысы барлар қажет болмаған. Бұл пiкiрiме дау айтушыларға жауап төмендегiдей:

"...Мысалға Мирзоян мен Вайнов жолдастарды алайық. Мұның бiрiншiсi - Қазақстан өлкелiк партия ұйымының хатшысы... Ал бұл не iстеген дейсiз ғой? Өзi бұрын жұмыс iстеген Әзiрбайжан мен Оралдан (бұл жерде Ресейдiң Оралын айтып отыр - Ғ.Қ.) 30-40 адамды Қа­зақстанға алып барып, оларды аса жауапты қызметке тағайындаған. Демек, Мирзоян Қазақстанға жеке өзiнiң артелi сияқты қараған. Әйтпесе, жауапты кадр­ларды жергiлiктi жерден табуға болады ғой. Әрине, болады! Менiң өзiм оған бiрнеше рет ескерту айттым: "Әзiрбайжан мен Оралдағы бұрынғы тамыр-таныстарыңды Қазақстанға тасуды доғар, олар Қазақстанның елiнiң жағдайын да, жерiнiң жағдайын да бiлмейдi ..." деп. Осылайша Мирзоян Орталық Комитеттiң де талап-тiлегiн, Қазақстан хал­қының да талап-тiлегiн аяққа таптады. Өзiнiң тамыр-таныстарын айналасына жинау арқылы өзiнiң қандай адам екенiн көрсеттi... Жергiлiктi кадрларды менсiнбедi, жергiлiктi кадрларға сенбедi..." (И. Сталиннiң 1937 жылы партияның Орталық коми­те­тi пленумында сөйлеген сөзi­нен).

Мирзоянның Қапқаз бен iшкi Ресейден алып келген кадрлары 30-40 қана емес, одан да көп болған және партияның, Iшкi iстер комиссариатының аса жауапты қызметтерiне қойылған. Ол жергiлiктi кадрларға сенбедi, қаны басқа қазақтан "халық жауын" жасады. Оның бiрден-бiр дәлелi - "Мырзажанның" Мәскеуге жылына бiрнеше хат жазып, пәленбай мың "халық жауын" жазалауға лимит сұрап отырғаны. Мысалы, 1937 жылғы шiлде айында - 6 мыңнан астам, желтоқсан айында -10 мыңға жуық "жауды" жазаласа, оның үстiне Ежов оған 1-1,5 мың «жау­ды» тағы қосып берiп отырған.   Мирзоянның "сұранысына" орай. Ендi ресейлiк белгiлi публицист, тарихшы Ю.Жуковтың «Бiз бiлмейтiн Сталин" атты кiтабына көз жүгiртелiк:

«...1937 жылдың 13 шiлде­сiнде Қазақстан КП (б) Орталық Комитетiнiң бiрiншi хатшысы Л.И.Мирзоян Мәскеуге, Сталин­нiң атына төмендегiдей телеграмма жолдады: "Қазақстан компартиясының кезектi съе­зiнде Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң (ҚазЦИК) төрағалығына Құлымбетов жолдастың кандидатурасы өтпей қалды. Дауыс құпия түрде берiлген едi. Мұның басты себебi, 1919-жылдары Құлымбетов қолына қару алып, жау жағына өтiп кеткен болатын. Рысқұлов пен Нұрмақовтың революцияға қарсы ұйымдарының тұтқындалған мүшеле­рi­нен тергеу барысында естiп-бiлдiк, Құлымбетов осы ұлттық-фашистiк ұйымдардың жұмысына да белсене араласыпты. Құ­лымбетовтi көп ұзатпай тұтқындаған жөн сияқты. Бiз Құлым­бетовтi Қазақ Орталық Атқару Комитетiнiң төрағалығы қыз­метiнен босатуды жөн санап отырмыз. Жақын күндерi ҚАЗЦИК-тiң төрағалығына жаңа кандидатура ұсынамыз". Осыдан екi күннен кейiн Саяси Бюро Мирзоян­ның ұсынысын қолдады: Ұ.Құлымбетов орнынан алынды, артынша тұтқындалып, атылды".

Егер Мирзоян өз хатында "рысқұловшылдар мен нұрмақовшылдар революцияға қарсы топ құрды", "Құлымбетов ұлтшыл-фашистiк ұйымның белсендi мүшелерiнiң бiрi" деп дабыл қағып жатса, оған Кремль неге сенбесiн?!

Мирзоянды әспеттеушiлер ол қазаға ұшыратқан, жоғарыда аттары аталған аяулы ағаларымыздың, басқа да жүздеген мың қандастарымыздың аруағынан неге аттап кетiп отыр? Оларға әлде "Мырзажанның" аруағы қымбат па?

Бұл сұрақты 2009 жылдың қазан айында республикалық екi газетте жариялаған мақалаларымда жұртшылықтың алдына қойып, Алматы мен Астана көшелерiнен Мирзоянның атын алып тастауды ұсындым. 2010 жылы Алматы қаласының әкiм­дiгiне, Республика парламен­тiне, 2011 жылы президент Н. Назарбаевқа хат жаздым. Ешқайсысы ләм-мим демедi.

Алматы әкiмдiгiне 2011 жылы жолдаған екiншi хатымда "Л.Мир­зоян көшесiн "Қайым Мұхамедханов көшесi" деп өз­герту туралы тiлек бiлдiрдiм. Мұхтар Әуезовтiң дос-шәкiртi болған, Абайтануға зор үлес қосқан, Шәкәрiмтанудың негiзiн қалаған ғалым, ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Мем­лекеттiк сыйлығының иегерi Қайым Мұхамедханов ағамызға Алматының ортасынан көше бұйырмай-ақ қойды. Жеке кiсi­лердiң де, ұжымдардың да тiлегi қабыл болар емес. Қала ортасында "Клочков көшесi" екеу еке­нiн    атап көрсетiп, соның бi­рiн өзгертудi сұрағанымыз да жауапсыз қалды. Алматының бiр шетiнде, орталықтан отыз шақырымдай қашықта шағын аудан салынбақшы екен де, Қайым Мұхамедханов аты сондағы бiр көшеге берiлмекшi екен. Қашан? "Алдағы уақытта...".

Мiне, тарихымызды, тарихи тұлғаларымызды сыйлауымыздың сиқы осындай. Тарихты әдiлеттiлiкпен жазуда, мысалы, мен тоқталып өткен мәселеде ескi көзқарас, қасаңдық, сыңаржақтық әлi басым. Бiздiң   тарихымызда осындай "сырқат" барын ашып айтқан, одан айығу жолдарын iздеген, талап еткен бiлiктi ғалымдарға өздерiнiң атақ-дәрежелерiн көзiр ете қарсы атойлаушы солақайлар аз      емес. Танымал тарихшы Мәмбет Қойгелдiнiң Тарих институтымыздан шеттетiлуi де соның бiр мысалы деп бiлемiн. Иә, бiр жерiмен диiрмен тартқыштарға дауа болмай тұр...

«Жас Алаш» газеті

0 пікір