"Біз сенімен біргеміз" деген дипломатиялық қадамы
Кеше ғана Қазақстан Үкіметі Ресейдің "Сбер" компаниясымен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатта Қазақстан мемлекеттік басқарудағы цифрландыруды, халыққа қызмет көрсетуді жылдамдату мен тиімді етуге жол ашады делінген.
Платформа "Үлкен деректер" мен жасанды интеллект негізінде жасалған.
Үлкен деректер (большие данные) дегеніміз - қазақстандықтар туралы терең мағлұматтар. Мысалы азаматтардың қаржылық ахуалы, отбасылық жағдайы, діни сенімі, миграция, мекенжайы, жұмыс орны, денсаулығына байланысты т.б. толып жатқан мәліметтер.
Мұндай ақпараттарды өзге елдің компаниясының қолына бере салу, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп ойлаймын. Оның үстіне "Сбер" компаниясының 51% акциясы Ресей үкіметіне тиесілі.
Мұндай "Жоғары Ресейлік технологиядан" бас тартуға негіз көп. БҰҰ электрондық үкіметті дамыту бойынша 2020 жылы жүргізген есебіне сүйенсек Қазақстан 29 орында, ал көршіміз 36 орынға жайғасқан.
Иә, көп қаржы жұмсалып, көп қателіктер кетсе де онлайн қызмет көрсетуден ілгерілеуміз. Халықты әуреге салатын көп құжаттар айналымнан алынып, күшін жойды. Бірдебір құжатсыз, тек смартфонмен ғана жүруге аз қалдық. Көлікті сатып алу, некеге тұру, жаңа туған нәрсетені тіркеуге дейін цифрланды. Ал Ресейде әлі де көп құжат айналымда.
Меморандум деген шарттық міндеттемелері бар құжат емес. Сондықтанда Цифрлық даму министрі Б.Мусин мырзаның қазақстандықтар туралы деректердің көрші мемлекетке берілмеуіне жол бермейді деп үміттенемін.
Бұл жәй ғана Тоқаев мырзаның Путинге жасаған "Біз сенімен біргеміз" деген дипломатиялық қадамы деп ұғу керек сияқты. Әйтпегенде бұл өзге мемлекеттің ішкі ісіне араласу, суверенитетіне қолу сұғу болар еді.
Абзал Досым
Abai.kz