Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2538 0 пікір 19 Маусым, 2012 сағат 12:56

Ереуіл жайлаған ел

Ресейдің жаппай ереуілші елге айналғанына біраз болды. Мәскеудегі екінші «Миллиондар шеруі» Ресей күнімен тұспа-тұс келді. Бұл - 12 маусым. Біріншісі Вламидир Путинді ұлықтау рәсімінің алдында, яғни 6 мамырда өткен еді. 
Көрші елде кең көлемдегі жаппай наразылық шараларының өткен жылы желтоқсан айындағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін басталғаны мәлім. Мыңдаған адам қатысқан алғашқы ереуіл 5 желтоқсанда өтті. Ал 10 желтоқсанда наразылық шаралары Ресейдің 99 қаласы мен шетелдердің 42 қаласында ұйымдастырылды. Мәскеудегі Болотная алаңында болған оппозиция митингісі соңғы он жылдағы, тіпті сонау 1990 жылдардан бергі ең ірі ереуіл деп есептелді. Осы наразылықтар биылғы 4 наурызда Владимир Путин жеңген президент сайлауына дейін және кейін де жалғасты ғой. Басты талап «Сайлау әділ өтсін» дегенге саяды. Белсенділер наразылықтың бір белгісі ретінде ақ лентаны таңдапты. Олар түрлі сайлау барысында заң өрескел бұзылып, бұра тартуға жол берілді деп еспетейді. Әйтеуір, Путинге қарсы, үкіметке қарсы ұрандарды қарша боратуда.

Шоу сипатты шеру

Ресейдің жаппай ереуілші елге айналғанына біраз болды. Мәскеудегі екінші «Миллиондар шеруі» Ресей күнімен тұспа-тұс келді. Бұл - 12 маусым. Біріншісі Вламидир Путинді ұлықтау рәсімінің алдында, яғни 6 мамырда өткен еді. 
Көрші елде кең көлемдегі жаппай наразылық шараларының өткен жылы желтоқсан айындағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін басталғаны мәлім. Мыңдаған адам қатысқан алғашқы ереуіл 5 желтоқсанда өтті. Ал 10 желтоқсанда наразылық шаралары Ресейдің 99 қаласы мен шетелдердің 42 қаласында ұйымдастырылды. Мәскеудегі Болотная алаңында болған оппозиция митингісі соңғы он жылдағы, тіпті сонау 1990 жылдардан бергі ең ірі ереуіл деп есептелді. Осы наразылықтар биылғы 4 наурызда Владимир Путин жеңген президент сайлауына дейін және кейін де жалғасты ғой. Басты талап «Сайлау әділ өтсін» дегенге саяды. Белсенділер наразылықтың бір белгісі ретінде ақ лентаны таңдапты. Олар түрлі сайлау барысында заң өрескел бұзылып, бұра тартуға жол берілді деп еспетейді. Әйтеуір, Путинге қарсы, үкіметке қарсы ұрандарды қарша боратуда.

Шоу сипатты шеру

7 мамырда өткен Ресей президентін ұлықтау рәсімі алдында Мәскеудегі жаппай наразылық шараларына жаңа реңк қосылды. Оған «Миллиондар шеруі» деген ат қойылды. Бұған жүз мыңдай адам қатысты деген мәлімет бар. Ол кезде наразы топ пен полиция арасында қақтығыстар да болды. Билік халық толқуын аяусыз басып тастады. Бірақ ешкім адам атып өлтірген жоқ.
Бұдан кейін наразылықтар рұқсат етілмеген шараларға ұласты. Ол кезеңде орыс оппозициясы қазақтың ұлы ақынын біраз «азық етті». Наразылардың ең белсенділерінің бірі - Алексей Навальный жұртты Мәскеудің Таза тоған (Чистые пруды) гүлзарындағы Абай ескерткішінің алдына жинаған еді. Содан кейін ұлы ақынымыздың ғаламтордағы танымалдығы артты. Ресейлік баспалар оның кітаптарын шығаратын болды. Тіпті белгілі шоу жүргізуші Иван Ургант, тілін бұрап болса да, Абайдың «Жазғытұры» өлеңін қазақша оқып шықты. Осылайша, ақын арқылы орыс оппозициясының да атағы жер жарды. Әйтсе де, осындай көріністерден кейін Ресейде жүріп жатқан шара шеру ме, шоу ма деген ойда қалатының рас. Оның үстіне, бұл дүрмектің арасында көбінесе қағынған қылықтарымен атағы шыққан Ксения Собчак бар. Ол тіпті осыған дейін пікірлері салмақты журналист ретінде танылған Леонид Парфеновпен қосылып билікке бағыштап әзіл ән айтуда. Музыкант Вася Обломов үшеуінің «Превед Медвед» әніне жасаған бейнебаяндары біраздан бері ғаламторды шарлап жүр.
Шеру шоуға айналды ма, шоу шеруге айналды ма? Әйтеуір, Ресейдегі наразылықтың беті жаман. Ресми орындар Мәскеудегі екінші «Миллиондар шеруінде» оғаш оқиғалар болмағанын хабарлады. Әйтсе де, кей өңірлерде келеңсіз көріністердің еріксіз куәсіне айналып жатқандар баршылық. Мысалы, «Вместе» қоғамдық қозғалысының сайтында ел астанасындағы наразылық шарасына кетіп бара жатқан вологдалық депутат Евгений Доможировтың көлігін белгісіз біреулердің атқылағаны туралы жазыпты. Оның жолын екі автомобиль бөгеп, ішінен бетперде киген адамдар атып шығып, жарақаттайтын қарумен оқ жаудырған. Сосын сынған терезеден ішке қарай бояу шашқан. Депутаттың қасында аталған қозғалысқа мүше бір әйел болыпты.
Айтқандай, толқулар өңірлерде де бой көтерді. Бірақ оларға, әрі кеткенде, 300-дей ғана адам қатысқан. Ал Мәскеу полициясы мұндағы шеруге 18 мыңдай адам барып, ақырында митингке соның 15 мыңы қалғанын хабарлады. Бірақ оппозиция басшылары 100 мыңның үстінде болдық деп отыр. Жалпы, олар енді күзге дейін тыныштық сақтап, келесі шеруге Владимир Путиннің туған күні - 7 қазанда шығатындарын айтып тарады.
Бірінші «Миллиондар шеруінен» кейін оның белсенділері қуғындалған еді. Ол кезде 13 адам ұсталса, соның жетеуі қамауда отыр. Қазіргі жағдай одан кем емес. Тіпті бұл жолы олардың пәтерлерін тінтіген. Әлгі Ксения Собчактың үйінен қомақты қаржы табылып, енді тергеу комитеті оның мәселесін май шаммен қарап жатқан көрінеді. Атап айтқанда, «қағынған» қыз үйіне 1 млн еуро, 480 мың доллар, 480 мың рубль жасырған екен. Оппозицияның тағы бір белсендісі Алексей Сахнин тергеушілер пәтерінің есігін дәу балғамен сындырып кеткенін айтуда. Басқа да қуғын-сүргін, бөгет жасау шаралары жалғасуда. Президент Путин осы екінші шеру өтердің алдында митингте тәртіп бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 300 мың рубль (1 млн 368 мың теңге), ал лауазымды тұлғаларға 600 мың рубль (2 млн 736 мың теңге) айыппұл салуды қарастыратын заңға қол қойды.

Сіз кімсіз, П мырза?

Айналып келгенде, осы наразылықтың бәрі Путинді биліктен кетіруге деген талпыныстан туындаған. Ал өткен айда ғана тағына қайта жайғасқан ВВП-ның (оны кейде осылай деп атайтыны аян) өзі міз бағар емес. Ол Ресей күнінің құрметіне арналған қабылдау барысында мұндай толқулармен ұшпаққа жете алмаймыз дегенге меңзеді. В.Путин: «Көпұлтты халқы бар, федеративтік құрылымы күрделі Ресей сияқты алып ел үшін эволюциялық дамудың құнды екені айқын. Елді әлсіздендіретін, қоғамды жікке бөлетін нәрсенің бәрі біз үшін тиімсіз. Әлеуметтік және экономикалық күйзеліске ұрындыратын кез келген шешім мен қадамды біз қабылдай алмаймыз. Ұлттық тарихи жадымыз соны ұғындырып отыр» дегенді шегелеп айтты.
Бұл кісінің билікке қайдан, қалай келгенін жалпақ жұрт, там-тұмдап болса да, біледі. Ол бұрын тыңшылық қызмет атқарды. Сондықтан айналасындағылар оны мықты басшы болады деп сенді. Владимир Владимирұлы билікке келгенде, расымен де сондай имиджін сақтады. «Алайда, нақты нәтижелер бойынша саралайтын болсақ, Путин бұрынғы Кеңес Одағының өнеркәсібін сақтап қала алмады: ол басқарған тұста Ресей өнеркәсіп өнімдерін шығаруды одан сайын азайтып, ресурстар мен мұнай экспортына тәуелді боп қалды». Мұны Ресей президенті Қытайға барғаннан кейін осы елдің «Хуаньцю шибао» газеті жазған. Автор одан әрі бүй дейді: «Путин КОКП сияқты мықты саяси жүйені құра алмады. «Единая Россия» - ешқандай да партия емес, мүдделестер тобы, бюрократтар шоғыры. Егер Путин түрлі таптардың жағдайын жақсартып, қилы мүддені көздейтін топтардың табыс табуына мүмкіндік бергенде, ешкім де ұлы мәртебелі Путиннің тағын шайқалта алмас еді. Енді Путиннің қолында мұнайдан түскен ақша мен соған сатып алынған тауар болмаса, барыспен алысқаны да, жойғыш ұшақпен ұшқаны да оны оқшауланудан аман алып қала алмайды. Ал Ресей 1990-жылдардағы толқуларға қайта оралады».
Путиннің төңірегіне белгілі бір топты жинап алып, соларды ғана байытып, сыбайлас жемқорлықтың көрігін қыздырып отырғанын өзге де сарапшылар айтады. Қазір оның бірнеше сыныптасы, курстасы миллиардер болып алған. Базбір бағамдаулар бойынша, Владимир Владимирұлының өзі де кедей адам емес. Ол жүргізіп отырған экономикалық саясатқа елдегі көптеген кәсіпкерлердің көңілі толмайды. Олардың ойынша, Ресей экономикасы АҚШ-қа тәуелді. Мемлекеттік Дума депутаты Евгений Федоров «Правды.Ру» бейнестудиясына берген сұхбатында былай дейді: «Орта және шағынын қоспағанда, Ресейдегі жеке бизнес атаулы шетелде тіркелуге міндетті және Құрама Штаттардың бақылауында тұр. Сіз заң жүзінде ресейлік бизнесмен болып табылатын бірде-бір ірі кәсіпкерді атай алмайсыз. Олардың кез келгенінің ресми мәртебесі - «Ресей Федерациясындағы шетелдік компанияның мүлкін басқарушы».
Осы тектес түрлі түйткілдерден кейін билікке іші жыли қоймайтындардың саны өсіп келеді. Оның үстіне, Ресейді сырттан да сыбап жатқандар жетерлік. Өйткені, бұл держава басшысының іштегі жағдайды ғана емес, төңірегіндегі, тіпті одан да әрідегі елдерді уысында ұстау амбициясы бар екенін талайлар біліп отыр. Ішкіш атанып, елді еркіне жіберіп қойған Борис Ельциннің орнына дер кезінде келіп, о бас­та «күлшелі баладай» жұртқа сүйкімі болған Путиннің ендігі халін болжап білу мүмкін емес. Көршіміздегі күрделі жағдай көпке дейін шешіле қоймас, қиын түйінге айналған тәрізді.

Оразәлі БАЙМҰРАТ

"Жас қазақ" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394