Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 9 Сәуір, 2012 сағат 07:22

«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ» ҚОЛДАУЫНА ИЕ БОЛДЫ

Білікті ұстаздарымен мақтана алатын Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының 72 миллион теңгеден асатын төрт бірдей ғылыми грантын жеңіп алды. «Алтай» технопаркінде инкубацияға қабылданған бес жобаны қаржыландыру 28 миллион теңгені құрап отыр. Инкубациядан өткен жобалар технопарк базасында шағын инновациялық кәсіпорындар құру жолымен жүзеге асырылатын болады. Бұл - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның міндетті шарты.

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның бірнеше сараптамасынан кейін экологиялық таза ауылшаруашылығы өнімдерін шығару үшін жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға арналған құрылғылар болашағы бар маңызды жобалар деп танылды. Бұл - ауызсуды тазартуға арналған тұрмыстық жаңа сүзгілер, сондай-ақ, жарықдиодты технологиялар негізіндегі өнеркәсіп және әкімшілік ғимараттардың кешенді энергия үнемдеу жүйесі. Сонымен қатар құрылыс құрылғыларын монтаждау кезінде жылжытуға төзімді және жылжытуға болатын қосылыстарды зерттеу жобасы да бар.

Ғылыми атақ алды

Елордадан қуанышты хабар келіп жетті. Техника ғылымдарының кандидаты, «Су-ауа бассейні мен жылу-газбен қамтуды тиімді пайдалану» кафедрасының доценті Колпакова Валентина Павловнаға техника ғылымдарының докторы ғылыми атағы берілді.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ұжымы Валентина Павловнаның бұл табысына аса қуанышты. В.Колпакова - ағын суларды тазарту саласындағы белгілі ғалым. Оның зерттеулері «ТМК» АҚ, Бұқтырма цемент компаниясы, Малеев Зырян кен-байыту комбинаты сияқты өңіріміздегі ірі кәсіпорындарға енгізілген.

Автокөлік сыйлады

Жуықта Өскемен құрылыс-жол институты - Шығыс Қазақстан техникалық университеті - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің түлектері өздері мамандық алып шыққан жоғары оқу орнына керемет сыйлық жасады. Олардың барлығы бірігіп, өздері тәмамдаған білім ордасына автокөлік тарту етті.

Бұл-университет тарихындағы түлектердің алғашқы сыйлығы емес, әрине. Өйткені, әр жылдардағы түлектер бірінші автокөлікті жоғары оқу орнының елу жылдық мерейтойында сыйға тартқан еді. «Казахавтодор» РМК басшылары 1,5 миллион теңгенің зертханалық құрал-жабдықтарын алып берсе, Алматыда еңбек етіп жүрген түлектер «Простор» демалыс базасында үй салу үшін университеттің шотына миллион теңге аударды. «Өскемен ТМК» АҚ химия, металлургия және кен байыту кафедрасына арнап 500 мың теңгенің зертханалық қондырғыларын сыйлады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Өскемен құрылыс-жол институты - Шығыс Қазақстан техникалық университеті - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің түлектерінің «Алтын Бесік» ассоциациясы белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Олар қазіргі студенттердің бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге де жұмыла атсалысады. Ол, әрине, материалдық көмек көрсетумен ғана шектелмейді. Мәселен, өздері басшылық ететін кәсіпорындар мен фирмаларда студенттерді тәжірибеден өткізіп, жас мамандарды жұмысқа орналастыруы әлдеқайда маңызды.

Ғабдул Мәуітханов.

Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінен алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434