ОҚО-да ауыл тұрғыны қырым қанды безгегі болуы мүмкін деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды
Алматы. 11 шілде. ҚазТАГ- Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласының инфекциялық ауруханасына Оранғай аулының 58 жасар тұрғыны қырым қанды безгегіне күдікпен жатқызылды.
ТЖМ науқастың жағдайы өте ауыр екенін айтады.
«Қазіргі уақытта науқаспен араласқан 10 адам анықталып олардың барлығы дәрігерлік бақылауға алынды. Кесел анықталған ошақта зарарсыздандыру шаралары жүргізілуде», - делінген хабарда.
Осы аптада ОҚО-ның басқа бір ауданында қырым қанды безгегін жұқтыру фактісі расталды.
Республикалық дағдарыс орталығына түскен ақпарат бойынша Бәйдібек ауданының Бірлік кентінің 26 жасар тұрғыны кеселді кененің шағуынан жұқтырған. Өткен жексенбіде науқас Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға жатқызылды.
Конго-Қырым қанды безгегі (кейде оны ортаазиялық безгек деп те атайды) – вирустық табиғи-ошақталған кесел. Оның қоздырғыштары кененің шағуы арқылы беріледі. Таралған жерлері - Ресейдің оңтүстігі мен, Болгария, Югославия,Орта Азия, Пәкістан, Қытай, Африканың кейбір елдері. Ең алғаш бұл кеселдің вирусы 1945 жылы Қырымда анықталды. Одан кейін 1956 жылы Конгода осындай кесел анықталып, оның да вирусы қырымдағыдай болған соң, бұл кесел содан бері Конго-Қырыс геморрогиялық безгек деп аталады.

Кеселдің инкубациялық мерзімі 14 күнге дейін барады, бірақ көбінде 3-5 күн. Өтуі өте тез. Бірінші кезеңде адамның ыстығы цельсия бойынша 39-40 градустан асып, басы аурып, денесі түршігіп, кейде қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршықтары қызарады. Адамның дірмәні құрып, бұлшық еттері аурып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін кеселдің геморрагиялық кезеңі басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызыл дақтанып кетеді. Аданмың мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлердең қан ағады. Іші өтіп, бауыры аурады, сары аурудың белгілерін береді. Бұл кеселден адамдардың өлуі 2-ден 50 %-ға дейін болады.