Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4167 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 09:55

ПЛЕНУМҒА БАРДЫҢЫЗ БА немесе ТӨРАҒАЛЫҚҚА КІМ ЛАЙЫҚ?

 

Жуырда  болған «Қоғам және қаламгер» атты пленумда Жазушылардың ХІV құрылтайы 24 қыркүйекте өтетін болып ше¬шіл-ді. Қалай десек те, алдағы құрылтай қызық болғалы тұр. 16 жыл төраға болған Нұрлан Оразалин орынтағын босата ма, әлде тағы да сайлауға түсе ме? Төрағалыққа кімдер таласуы мүмкін? Осы сұрақ қаламгерлердің қай-қайсысының болсын көңілінде жүргені анық.

Жетпісті жетелеген бір жазушымыз оқырмандармен кездесуде: «Өткен пленумда басқа шаруа жайына қалып, біреулер одақ төрағасын жарыса мақтап жатты.  Соншама жабылып мақтайтындай Нұрлан Оразалинді ешкім атып тастағалы жатқан жоқ қой», - дегенін естіп, мырс еттік. Ұзынқұлақтан естіген тағы бір әңгімеден түйгеніміз, бұл жолғы пленум одақ басшысының жасаған жақсылығын сөз етіп, Оразалинді әр түрлі өсек-аяңнан арашалап, ақтап алуға бағытталған жиын болып кетіпті-міс. «Пленумға бардыңыз ба? Пленум қай деңгейде өтті? Алдағы құрылтайдан не күтесіз? Төрағалыққа кімді лайықты санайсыз?» Біраз ақын-жазушыға қойған біздің сауалымыз осы еді...

 

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ:

ОРАЗАЛИНГЕ «ӨРКЕНИЕТТІ ТҮРДЕ ОРНЫҢДЫ БОСАТ» ДЕДІМ

 

Жуырда  болған «Қоғам және қаламгер» атты пленумда Жазушылардың ХІV құрылтайы 24 қыркүйекте өтетін болып ше¬шіл-ді. Қалай десек те, алдағы құрылтай қызық болғалы тұр. 16 жыл төраға болған Нұрлан Оразалин орынтағын босата ма, әлде тағы да сайлауға түсе ме? Төрағалыққа кімдер таласуы мүмкін? Осы сұрақ қаламгерлердің қай-қайсысының болсын көңілінде жүргені анық.

Жетпісті жетелеген бір жазушымыз оқырмандармен кездесуде: «Өткен пленумда басқа шаруа жайына қалып, біреулер одақ төрағасын жарыса мақтап жатты.  Соншама жабылып мақтайтындай Нұрлан Оразалинді ешкім атып тастағалы жатқан жоқ қой», - дегенін естіп, мырс еттік. Ұзынқұлақтан естіген тағы бір әңгімеден түйгеніміз, бұл жолғы пленум одақ басшысының жасаған жақсылығын сөз етіп, Оразалинді әр түрлі өсек-аяңнан арашалап, ақтап алуға бағытталған жиын болып кетіпті-міс. «Пленумға бардыңыз ба? Пленум қай деңгейде өтті? Алдағы құрылтайдан не күтесіз? Төрағалыққа кімді лайықты санайсыз?» Біраз ақын-жазушыға қойған біздің сауалымыз осы еді...

 

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ:

ОРАЗАЛИНГЕ «ӨРКЕНИЕТТІ ТҮРДЕ ОРНЫҢДЫ БОСАТ» ДЕДІМ

Пленум өзінің ескі стилімен бірсарынды өтті. Өздерінің қорасында істейтіндер, сыйлық алғандар шығып сөйледі әдеттегідей. Біраз адамды алдын ала, күні бұрын дайындаған ғой енді. Мен өзім тек тыңдайыншы деп барғанмын. Ылғи мақтаулар болып, мәселе көтерілмеген соң, шыдамай кетіп, сөз сөйледім. Нұрлан Оразалинге: «Төраға болып 16 жыл отырдың. Енді өзіңді ұсынбай-ақ қой. У-шусыз, даусыз, өркениетті түрде орныңды босат. Бізге өзгеріс керек. Төрағалықты қойып, шығармашылықтың адамысың ғой, шығармашылықпен айналыс», - дедім.  Айтарымды айтып болған соң, кетіп қалдым. Пленумның соңында не болғанын білмеймін.

 

Қалихан ЫСҚАҚ:

ҚАБДЕШТЕН БАСҚАСЫ «ОДАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ ІСІН ДҰРЫС» ДЕДІ

Пленум айқай-шусыз, түсіністікпен өтті. Жазушылардың бәрі де ортақ мақсат туралы сөз сөйледі. Жалғыз Қабдеш қана бұра тартып, Одақ басшыларына сын айтты. Ежелгі әдеті ғой. Бірде ол лай судан балық іздеп жүреді, бірде тұнық судың өзін лайлап жүреді, Құдай берген мінезі болуы керек. Одақ Қабдешке жақпай-ақ қойды, әйтеуір. Басқа жұрттың бәрі одақтың атқарған істерін «дұрыс» деді. Пленумның мақсаты - съезге дайындықты көрсету. Төбесінен төмен алтын құйсаң да, Оразалин орнында қалмайды енді. Жасыратын ештеңесі жоқ, Оразалин жоғары жақпен, өкімети адамдармен таныстығының арқасында одақтың шып-шырғасын шығармай, осы уақытқа дейін ұстап отыр. Одан басқа біреу төраға болса, ертең жағдайымыз не болатынын кім біледі? Креслоға кез келген адам отыра алады. Бірақ Жазушылар одағын ұстап тұра ала ма? Әңгіме сонда...

 

Мырзан КЕНЖЕБАЙ:

ПЛЕНУМ КОММУНИСТІК ПАРТИЯНЫҢ СЦЕНАРИЙІМЕН ӨТТІ

Пленумның тақырыбы «Қоғам және қаламгер» екен. Әдебиетті биікке көтеру, ақын-жазушының қоғам алдындағы абырой-беделін арттыру мақсатында деп түсіндірді оны.  Әдебиеттің дамуына, қоғамдағы рөліне ықпал ететін пленум болды дей  алмаймын. Жақсы өтті деп мақтайтын Нұрлан Оразалиннің сойылын соғып жүрген «жандайшаптар», «бұлбұлдар» бар. Сөйлегендерден кімнің өтірік мақтағаны, төрағаға жағымпазданғаны көрініп тұрды. Пленум баяғы коммунистік партияның кезінен келе жатқан сценариймен өтті. Жазушылардың кітаптарының таралымы, қаламақының жоқтығы сынды тізесі шыққан мәселелер сөз болып, көбі Оразалинді мақтады.

 

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА:

ЖАЗУШЫЛАРДЫ БІРЛІККЕ ШАҚЫРДЫМ

Жазушылар одағында бедел болуы үшін, жазушыларда бірлік болу керектігін айттым пленумда. Ақын-жазушының беделі, қоғамдағы салмағы туралы ойларымды ортаға салып, биліктің, жоғарыдағы басшы азаматтардың шығармашылықпен, табиғи таланттармен санасатын уақыты жеткенін сөз еттім. Қазақбайшылыққа салып, «төраға пәлен болсын, түген болсын» деп, ру-руға, жік-жікке бөлінбейік дедім. Мәселе кімнің төраға болғанында немесе болатынында емес. Егер Оразалин төраға болмаймын десе, кімнің төраға болатынын бірлесе отырып шешу керек. Оразалиннің орнына ұлтжанды, әдебиетке жаны ашитын, іскер, ойлы, жаңаша көзқарастағы адамды съезде сайлауымыз қажет. Алдын ала шулайтын несі бар?! Тіпті Оразалиннің «орныма осы жігітті қойып кетсем, істің жөнін біледі», - деп, көздеген азаматы бар шығар. «Бөлінгенді бөрі жейді», - деген қазақ. Әр жерде шулап жүрген жазушының халық алдында беделі кетті қазір. Одақ басшысын жазушылар о баста қол көтеріп сайлады ғой. Енді келіп біразы: «Оразалиннің керегі жоқ»,- дейді. Ертең одақ басшылығына басқа біреу келсе де, екі-үш жылдан соң тура осындай әңгімелер айтылады. Себебі, одақ басшысын сынап жүрген жазушылардың әрқайсысы өзінше бір «әлем», өзінше бір «ұйым». Қазақтың басы қосылмаудың, бір-біріне бағынбаудың үлгісі ең алдымен біздің жазушыларда.  Нұрлан Оразалинді қаралап, арына тиетін сөздер де айтып жатыр. Онысы дұрыс емес. Оразалин сатылып кеткен одақты өзімізге қайтарды, өлген жазушыға дейін көмді керек десек. Оразалин болмағанда, жазушылар «Жазушылар одағы» деген қара шаңырағымыз, мекемеміз жоқ болып отырар ма едік?!

 

Мұхтар ШАХАНОВ:

ПЛЕНУМҒА БАРМАДЫМ

Денсаулығым болмай, бұл жолғы пленумға бара алмадым. Бармаған соң ештеңе айта алмаймын.

 

Асқар АЛТАЙ:

ЖИЫН ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖАҚСЫ ӨТТІ

Пленум өз деңгейінде жақсы өтті. Әдебиет сынының жоқтығын, талғамның төмендегендігін сөз еттім. «Жазушылар одағына» байланысты желдей есіп жүрген сөздерге өз пікірімді білдірдім. Талаптан Ахметжан досым да дүниеден кетер күніне дейін ауырып отырса да, одақта жұмыс жасады. Сонда мүйізі қарағайдай үлкен ағаларымыздан бастап, орта буыннан біраз жазушылардың Талаптанның ту сыртынан жамандағанын, даттағанын, тіпті, боқтағанын көрдік. Жазушылар одағының бірінші төрағасы болса да, төрағаның орынбасарларына болса да, қаламгерлер қашан да тік тұрғызып, төбесінен төмен «жуынды» құюға дайын. Мен өзім өзіме бағытталған ауыр сөздерді көтере алмас едім. Сондай сөздерді көтеріп отырған азаматтардың кеңдігіне таңғалдым.  Нұрлан Оразалин қолынан келгенді істеп жатыр. Рас кемшіліктері бар шығар, бірақ жасаған бүкіл жұмысын жоққа шығарып, сызып тастауға келісе алмаймын.

 

Темірхан МЕДЕТБЕК:

СОҢЫНА ДЕЙІН БОЛМАДЫМ, СОНДЫҚТАН ЕШТЕҢЕ ДЕЙ АЛМАЙМЫН

Пленумның бас жағында болдым. Алатын ем-домым болған соң, 1 сағаттан соң кетіп қалдым. Соңына дейін болмаған соң, не айтылды, қандай мәселе көтерілді білмеймін. Сондықтан пікір білдірмей-ақ қояйын. Жазушылар одағы жайлы кезінде көп айттым ғой. Кімнің төраға болатынын құрылтай, жазушылардың өздері шешеді. Пәлен дей алмаймын.

 

Жазушылардың ойын біліп, жалбағай жауаптарын естіген соң, қыркүйектегі құрылтайда төраға болуға талпынып, кімдердің ат қосуы мүмкін екенін өзімізше долбарладық.  Жазушылар одағының басқарма төрағасы болып, жұмсақ креслоға кім жантаюы мүмкін сонымен? Ресми тіркелмесе де, қазір ел аузында кандидат ретінде мына тізім жүр: Дулат Исабеков, Смағұл Елубай, Ғалым Жайлыбай, Әлібек Асқаров, Темірхан Медетбек.  Жазушылардың аузындағы бұл тізімге кейде қосылып, кейде қосылмай Есенғали Раушанов, Уәлихан Қалижан, Ұлықбек Есдәулеттің де есімі айтылады. Кандидаттардың ішінде Бейбіт Қойшыбаевтың неге аталмайтыны түсініксіз. Себебі, одаққа қарсы шығып жүргендердің бірі еді.

Алдағы құрылтайда Дулат Исабеков төрағалыққа түсіп, сайланып кетсе, жазушылардың қоғамдағы бір кездегі абырой-беделі қайта қалыптасар еді. Қоғамдық мәселелерге жазушылар басшысы бастап, бұйығы жатпай араласуы мүмкін. Батыл пікір айтуын төраға болдым деп, Дулат ағамыз доғармаған жағдайда, әрине. Төрағалыққа таласса, тек бір жағдай ғана Дулат ағамыздың жолын тұсауы мүмкін. Ол -ағамыздың жасы. «Жетпістің желкесіне жеткен жазушыны басшы етіп, қайтеміз?! Жетпістегі адам не бітіреді?», - деушілер табылатыны анық. Әйтпесе шығармашылық жағынан да, ел алдына шығып сөйлер танымалдық тұрғысынан да, Дулат Исабеков алдына қара түсіре қоймас.

Биылғы Президентпен кездесуінен соң, көп адамның: «Смағұл Елубай тақ мұрагерлігін шешіп келмеді ме? Президенттің батасын алып келген шығар», - деген ойда болғаны рас. Оразалин орнына өзіне сенімді кісіні қойып кетуі мүмкін десек, онда Ғалым Жайлыбайдан кейінгі сенімді адамы Смағұл Елубай шығар. Өйткені, екеуі курстас, дос. Оразалинді Смағұл Елубай ылғи қорғаштап сөйлеп жүреді. Әйтсе де, Президентпен кездесіп келгендердің бәрі төраға болды дей алмаймыз. Президентпен Дулат Исабеков те жолықты, мысалы... Сол тұста да осындай әңгімелер айтылған. Сондықтан Смағұл Елубай төраға болады деген долбар жарамай қалатын шығар. Кім біліпті, бірақ?!

Орынтақ мұрагерлікпен беріліп жатса,  шығармашылығымен біраз адамды мойындатқан, іскер басшы, ұйымдастырушы ретінде Ғалым Жайлыбайдың кандидатурасы төраға болуға келеді. Тек Ғалым мырзаны «одақтың «кухнясын», істің жөнін білетін адам» дейтіндерден гөрі, «Оразалиннің қалпағынан шыққан ғой» деп жаратпайтындардың даусы басып кетпесе болғаны.

Ұзынқұлақтан естуімізше, Әлібек Асқаровтың төраға болуы мүмкін екен. Тіпті Уәлихан Қалижанның да осы орынға келіп қалуы ғажап емес көрінеді. Кейде лауазымды қызметтер беруде жоғары жақтың да рөл ойнайтынын ескерсек, екі азаматтың да кандидаттығы өтіп кетуі бек мүмкін. Әлібек Асқаров - Президент әкімшілігінде істеп ысылған, бірқатар лауазымды қызметтердің құлағын ұстаған азамат. Шығармашылықтан да құр алақан емес. Асқаров басшы болып жатса, Жазушылар одағы  да, жазушылар да жерге қарай қоймас.

Ақындығы мен туралығына қарап, Темірхан Медетбекті де төрағалыққа лайық көретіндер бар.  Әйтсе де, Темірхан Медетбек -одаққа өкпелі адам ғой, төрағалыққа таласып, ат қоса қояды деу қиын.

Білдей бір «Жазушы» баспасын басқарып отырған Есенғали Раушановты «одаққа төраға болуға құлшынады», - деу де қисынға келмейді. Ақындығымен көпті мойындатқан шайыр, төрағалыққа ұмтылмауы мүмкін. Оның үстіне Есенғали Раушановтың жазушы қауымның ырду-дырдуынан саяқ жүретін, бойын алыс ұстайтын мінезі де бар.

Қазір ақын-жазушылардың аузында анекдотқа бергісіз мынадай бір әңгіме жүр. Ашынып кеткені сондай, пленум соңында сөйлеген сөзінде Нұрлан Оразалин: «Егер «ағаш атқа» мінгізіп, жөнді-жөнсіз сынап, «қыжырта» беруді қоймасаңдар, алдағы құрылтайда да кандидаттығымды ұсынамын», - деген сыңайда сөз айтыпты. Өзін ұсынса да, ұсынбаса да өзі біледі Нұрлан ағамыз. Еңбегін жоққа шығарып, төрағалыққа лайықсыз деп кесіп айтудан аулақпыз. Он алты жыл отырған орынтағына өзі отыра ма, әлде орнына өзге келе ме, оны алдағы құрылтай шешеді. Жаңашылдықты қаласа, жазушылар жікшілдікті қойып, ру аралық тартысты, кландар қақтығысын қоздатпай, дұрыс таңдау жасауы тиіс.

Қарлыға ИБРАГИМОВА

«Халық сөзі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322