Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3802 0 пікір 2 Шілде, 2012 сағат 09:56

Жансая ӘБДІМӘЛІК: МЕНІҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЕКЕНІМДІ БӘРІ БІЛЕДІ СОНДЫҚТАН БАРЫН САЛЫП ОЙНАЙДЫ

 

Жақында ФИДЕ қазақтың талантты шахматшы қызы Жансая Әбдімәлікті халықаралық гроссмейстер деп таныды.

Сәл ертеректе халықпен бір кездесуінде қазақтың белгілі азаматы Мырзатай Жолдасбековтің: «Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақтың қаны таза. Қаны тазаның жаны да, миы да таза. Алда әлі көресіздер, ұлдарымыз бен қыздарымыз әлемді тамсандыратын болады!», - дегені бар еді. Сол кезде бұл сөзге соншама мән бере қоймаппыз. Қатардағы бір сөз ретінде қабылдағанбыз. Талантты балаларымыздың бірте-бірте әлемді аузына қаратып келе жатқанын көргенде, сол сөздің жаны бар екенін күн өткен сайын байқай түскендейміз. Әсіресе, ақыл-ой жарыстарында. Мектеп оқушыларының түрлі пәндерден өтетін халықаралық олимпиадаларында қазақ балаларының тұғырдың биігінен көрініп, олжа салып жүргені де тегін емес екен дейсің мұндайда. «Қаны да таза, жаны да таза, қайран қазақтың балалары-ай!», - деп ризашылық танытасың, сүйсіне отырып.

 

Жақында ФИДЕ қазақтың талантты шахматшы қызы Жансая Әбдімәлікті халықаралық гроссмейстер деп таныды.

Сәл ертеректе халықпен бір кездесуінде қазақтың белгілі азаматы Мырзатай Жолдасбековтің: «Жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақтың қаны таза. Қаны тазаның жаны да, миы да таза. Алда әлі көресіздер, ұлдарымыз бен қыздарымыз әлемді тамсандыратын болады!», - дегені бар еді. Сол кезде бұл сөзге соншама мән бере қоймаппыз. Қатардағы бір сөз ретінде қабылдағанбыз. Талантты балаларымыздың бірте-бірте әлемді аузына қаратып келе жатқанын көргенде, сол сөздің жаны бар екенін күн өткен сайын байқай түскендейміз. Әсіресе, ақыл-ой жарыстарында. Мектеп оқушыларының түрлі пәндерден өтетін халықаралық олимпиадаларында қазақ балаларының тұғырдың биігінен көрініп, олжа салып жүргені де тегін емес екен дейсің мұндайда. «Қаны да таза, жаны да таза, қайран қазақтың балалары-ай!», - деп ризашылық танытасың, сүйсіне отырып.

Жалпы, интеллектуалды-зияткерлік спорт түрлері ішінде шахматтың ерекшеленіп, дараланып тұратыны анық. Қазақ топырағына спорттың бұл түрі 1889 жылы Верный қаласында жергілікті зиялылар ұйымдастырған алғашқы үйірмемен келген деген дерек бар. Дегенмен 1970-1980 жылдары Талғар қалашығы маңынан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде табылған XI-XIII ғасырларға жататын алты шахмат тасының табылуы бұл көне спорттың біздің бабаларымызға тым ежелден белгілі болғандығын байқаймыз. Ендеше біз үшін шахмат тым таңсық спорт емес.

Соның өзінде ерлер арасындағы еліміздің алғашқы чемпионаты 1934 жылы ұймдастырылыпты. Қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш халықаралық гроссмейстер Болат Асанов екенін көпшілік білуге тиіс. Ал әйелдер арасындағы бірінші біріншілік ХХ ғасырдың елуінші жылы ғана өтті. Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш ел чемпионы Аида Мүсілімова, ол Орта Азия және Қазақстандағы КСРО спорт шебері атағына ие болған бірінші әйел де. Кейіннен Гүлнәр Сахатова (қазір Англияда) қазақ қыздары арасынан тұңғыш халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш чемпионы Ләззат Тәжиевадан үміт мол еді, дүниеден ерте кетті. Дана Ақатаева деген талант бар Астанада.

Бүгінге дейін Қазақстанда он бес гроссмейстер болса, кеше ғана он алтыншы болып 11 жасар Жансая Әбдімәлік тіркелді. Әлемдегі ең жас гроссмейстер де қазақтың осы сүйкімді баласы. Мұндай жетістікпен қуана алатын қандай халық бар: әлемнің төрт дүркін чемпионы, осы сала бойынша Гиннестер кітабына енген тұңғыш қазақ.

Жансая бұл атаққа Украинада өткен ірі турнирде халықаралық гроссмейстер нормасын үшінші рет қорғай отырып жеткен еді. Бір атақты үш рет қорғау - тек таланттының ішіндегі дарабоздың ғана қолынан келетін аса күрделі іс. Сол дарабоз Жансая болып тұр бұл әлемде. Қазақтың шынашақтай баласы.

Оның әр жарысы ерекшелікке толы. Күтпеген шешімдерімен ойлы. Осы турнирде ресейлік 30 жастағы белгілі гроссмейстер Эльмира Мирзоевамен өткізген ойын бүкіл шахмат маңында тер төгіп жүрген мамандарды таңғалдырды: матч алдында төрешілер тәжірибелі шахматшы жас баланы жаңғақша шағып алады деген ойда еді. Алайда Жансая қалпақпен ұрып алатын балақай болмай шықты, атақты қарсыласын оп-оңай ұтқаны былай тұрсын, өзінен 19 жас үлкен апайын қақпақылдап отырып, берілуге мәжбүр етті. Алдымен ешкім күтпеген жүріс жасады - пешкісін құрбандыққа шалып, шабуыл шебін күшейтіп алды. Шахмат тақтасында керемет шешімдер пайда болды, көркем позицияларға жол ашылды. Бесінші сынып оқушысынан дәл мұндай «ересек» ойлы шешім күтпеген ресейлік шахматшы басын шайқағаннан басқа шара жасай алмады. Жас шахматшының жетістігі туралы сұрай қалсаңыз, әкесі Данияр: «Шахматты жанымдай жақсы көремін. Сол махаббатым қызыма да дарыған болар», - деп жауап берер еді. Қысқа да нұсқа. Қарапайым жай махаббаттан кәсіби шеберліктің өсіп шығуы кездейсоқтық емес.

- Қарсыластарымның бәрі менің әлем чемпионы екенімді біледі. Сондықтан ба, бәрі менімен өмірдегі соңғы матчын өткізіп отырғандай-ақ, қос білегін түрініп, барын салып ойнайды. Бір ойында 4-5 сағат бойы шахмат тақтасына үңіліп, бір сәтке босаңсымай ойнауға тура келеді, - дейді әдемдегі ең жас халықаралық гроссмейстер.

Жастығы масайрата қоймас, «жұлдыз» ауруына ұшырамайтын шығар деп ойлаймыз. Жансая бұл үлкен жеңісі туралы: «Мен әрбір матчқа жүйелі, әр күнгі алты сағаттық жаттығу, физикалық дайындық және жоғары психологиялық әзірлік арқылы жеттім», - деп түйіндейді. Бұл - он бір жастағы мектеп оқушысының сөзі емес, Қазақстандағы, бәлкім дүние жүзіндегі ең жас студенттің, қалыптасқан кәнігі шебердің сөзі. Баланың пайымы емес, дананың айылы.

Көз тимесін дейміз, әйтеуір. Әлі Жансая әлемді ойымен билеген грузин халқының алтын қыздары, әлемнің және Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жеңімпаздары Нона Гаприндашвили, Нана Александрия, Нана Иоселиани және Майя Чибурданидзелердің алдын орап, ерліктерін талай қайталайды деп сенейік. Олай дейтініміз, қазір әлем жұртшылығын таңғалдыратын қазақ қыздарының жұлдызды шоғыры өсіп келеді. 2012 жылғы мамыр айында Румынияда оқушылар арасында өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан үш бірдей қызымыз - астаналық Бибісара Асаубаева (9 жаста), қостанайлық Диана Асаубаева (15 жаста), Динара Сәдуақасова (Астана, 17 жаста), осы жарыста күміспен күптелген қызылордалық Әсел Серікбай осындай ойға жетелейді. Он сегіз жастағы алматылық Айгерім Рысбаева да нағыз талант, 2008 жылғы Азия чемпионы. Әттең қаржылай қолдайтындар кемшін. Ендеше жеңісті күндер алда! Жансая бастаған шоғыр бұтақтары жайқалған алып бәтерекке айналар күн сонша алыс емес.

Д.ДҮЙСЕБАЙ

«Халық сөзі» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371