Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2697 1 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 16:29

Мұсылмандардың ғылым мен технологияға ілесуі заман талабы

ХХІ ғасырдағы әлемнің, оның ішінде мұсылман елдерінің жаңаруға, ғылым мен технологияларға ілесуі заман талабы болып табылады. Назар аударарлығы – діни дәстүрлерін қатаң ұстанған Сауд Арабиясы, Иран сынды елдердің өзі бүгінде ғаламдық модернизация үдерісіне қарқынды ену үстінде. Соның бір көрінісі сипатында аталған елдердің жастары бетті бүркемелеу, ұзын сақал қою, қыз-баланы оқытпау иә жұмыс істетпеу секілді ескіліктің рәміздерінен алшақтауда.

Әлбетте мұнысы діни ұстанымынан қол үзуді білдірмейді, қайта оны уақыт талабына сай жаңғырту мен икемдеуге келіп саяды. Айналып келгенде сенім-наным атаулы ескілікті көз жұма қайталау ғана емес, қайта алдыңғы буындардың рухани ғибратын заман талабына сай қорытып кәдеге жарата білуді алға тартады.

Керек десеңіз осындай бірегей қабілетіне бола дін ғасырлар бойындағы өміршеңдігін сақтап, өрісін кеңейтумен келді емес пе. Демек, өркениеттің бірізді дамуын тоқыратуға әуез, бүгін мен ертеңді өткенге ғана бағынышты етпек күштер кәдімгі өмір философиясына қарсы шығып отырғаны айтпаса да түсінікті. Ал енді діннің жасампаз әлеуетіне жүгінгеннен көрі оның атын жамылған қауіпті идеологияның етек жаюы, әлбетте, жекелеген мемлекеттің әлсіздігін білдіреді. Әсіресе аталған жағдай материалдық құндылықтарды бірінші орынға шығарып, руханиятқа немқұрайлық танытқан, тарихы мен ұлттық болмысынан қол үзген, өз жолымен жүрмей өзгеге еліктеуіш келетін елдерге тән құбылыс. Және керісінше өзіне сенімді де жауапкершілігін ұғынып төл болмысын сақтаған қоғам дер кезінде әрекеттеніп зор пәленің алдын алуға қауқары жетеді.

Сайып келгенде Абай, Шәкәрім, Мағжан, Мәшһүр Жүсіпті оқып-біліп, ішкі жан-дүниесі мығым ұрпақ келімсек ағымдардың арбауына түспесі анық.

Расул Жұмалы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434