Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5974 0 пікір 6 Шілде, 2012 сағат 09:17

Тұрсынбек Әлиұлы.Қазақстанда Еуропа мен Азияның шекарасы дұрыс бөлінген бе?

Қазіргі географияда Еуропа мен Азияның шекарасын Ресейдегі Орал таулары арқылы Жайық өзенімен Каспий теңізіне дейін бөлу қалыптасқан. Сонда Қазақстанның біраз жері  - Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының жартысы «Еуропа» болып шығады. Атырау қаласында Жайық өзеніне салынған Еуропа мен Азияны бөліп тұрған көпір де бар. Жеріміздің біраз жері Еуропаға жататындықтан футбол командамыз да Еуропада өнер көрсетіп жүр. Бұл шекараға жұрттың бәрі үйреніп кеткен, басқаша болуы мүмкін де емес секілді.  Бірақ бұл дұрыс па? Кейбір географтар осыған күмән келтіреді. 1950 жылдың аяғына дейін совет ғылымында Еуропаның шекарасы Мұғалжар таулары, Ембі өзенімен өтетін. Кейіннен басқаша қалыптасқан.

Обь өзенін басты өзен, ал Ертіс оның сағасы деген секілді, бұл да бір қателік секілді. Дұрысы - Ертіс басты өзен. Өйткені ол Обьқа қарағанда ұзын. Халықаралық стандарт солай. Тек Орыс географиялық қоғамының бүйрегі суы мол деген сылтаумен «Обьқа» бұрғандықтан осылай болып шыққан.

Сол секілді Еуропа мен Азияның шекарасын бөлгенде Орал таулары, әрі қарай  Мұғалжар, Мұғалжардан Ембі өзені арқылы Каспийге шығуымыз керек. Яғни, логикалық жағынан алып қарасақ та Шығыс Еуропа жазығының аяқталуы Еуропа шекарасының аяқталуы болуы керек қой. Сонда Қазақстанның «еуропалық бөлігі» де молая түседі. Сонда Атырау, Батыс Қазақстан облыстары түгелімен, Ақтөбе облысының да жартысы географиялық жағынан «Еуропаға» жататын болады. Дұрысы да осы. Тек бұны Халықаралық география қоғамының қаперіне салу керек.

2010 жылғы сәуір-мамырда Орыс георграфиялық қоғамының экспедициясы да осындай тұжырымға келген.

Сонымен Қазақстанның «Еуропадағы» үлесі де арта түседі. Бір қарағанда бұнда тұрған ештеңе де жоқ секілді. Бірақ шындық солай емес пе?...

Астана

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369