Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2715 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 14:18

Аруна БОЛАТОВА. Бір мектеп директорында – 8 орынбасар

Петропавл қаласындағы №2 орта мектеп жабылатын болды. Қалалық әкімдіктің қаулысында мектептің әлемді жайлаған экономикалық дағдарысқа қарсы шаралар аясында бюджет қаржысын  үнемдеу қажеттігіне байланысты және мектептерді оқушылармен толтырып, оңтайландыру мақсатында №8 мектепке қосу жолымен қайта жасақталатыны жазылған. Мұндай ұсынысты облыстық білім басқармасы айтыпты. Ал қалалық білім бөлімінің хатында мектеп директоры мұғалімдерді жұмысқа орналастыру туралы шаралар жоспарын жасауға міндеттеліпті. Осы құжаттар қолына тиген күні-ақ мектеп директоры Людмила Буйнова ата-аналар жиналысын шақырып, оларды осы жаңалықтан құлағдар етті.
Жиналысқа келген 300-дей ата-ана бұл сөз құлақтарына тие салысымен, өре түрегеліп, қарсылықтарын білдірді. Бұл мектептің балаларын №8 мектеп қабылдайды деген басу айтылғанымен, көпшілік оның алыс екенін, екі автобуспен әрең жететіндерін, қыстың көзі қырауда кішкентай балаларға тіпті қиын болатынын, Черемушки ауданында бұдан басқа мектеп жоқ екенін алға тартты. Шынында да, бұл ауданда осыдан басқа мектеп жоқ және Ойқаланың балалары да №2 мектепке қатынап оқиды.

№8 мектеп әрі кетсе 320 баланы ғана қабылдай алады екен. Басқаларын орналастыру үшін қалалық білім бөлімі далада қалған оқушыларды №7, №9 және №14 мектептерге бөліпті. Бірақ  баласын №7 мектепке орналастыруға барған ата-аналардың айтуынша, ондағылар: «Біз басқалардың қатесін түзетуге міндетті емеспіз», – деп шығарып салған көрінеді.
Былтыр қаладағы қазақ мектептерінде орын болмағандықтан, жергілікті биліктің шешімімен №7, №10 мектептерде және осы мектепте қазақ 1-сыныптары ашылған еді. Сол сыныптың ата-аналары: «Бұл мектепті бәрібір жабатын болса, несіне қазақ сыныбын ашқан? Балаларымыздың бір жылдан кейін басқа мектепке мәжбүрлі түрде ауыстырылатынын білсек, мұнда бермес едік қой. Мүмкін тіпті орыс мектебіне бере салар ма едік? Бүйтіп көшіп-қонып жүріп алған білім білім бола ма?» – деп ренжиді.
Ата-аналар бірнеше жыл бойы бірге оқып үйреніп қалған балаларының жан-жаққа шашырамай, оқуды бірге жалғастырғанын қалайды. Олар биыл мектептің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында  жөндеу жұмыстарын жүргізіпті, ойын алаңын қалпына келтіріпті. 
Бұл мектепте ақыл-есі кем балаларға арналған түзету сыныптары да бар. Онда арнайы мамандар жұмыс істейді. Ұжымда үш жоғары білімі бар мұғалімдер де сабақ береді. Сөйткен мамандар (барлығы 58 адам) енді жұмыссыз қаламыз деп абыржулы.
Осы мәселенің мән-жайын білмек болып Облыстық білім басқармасының бастығы Темірғали Әбілмәжіновке хабарласқанымызда, ол демалыста екенін, ештеңе білмейтінін ғана алға тартты. Ал қалалық оқу бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбекова  мектептің жабылатынын растады. Оның айтуынша, ғимарат педагог кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтына беріледі. Өйткені Білім және ғылым министрлігінен қолда бар ғимараттарды барынша тиімді пайдалану, оңтайландыру керектігі жайында хат келіпті. Ал №2 мектептегі балалар орналастырылатын №8, №9, №7 және №14 мектептерге арнайы автобус бағыты ашылмақ. Тек қаланың ең шетіндегі
20-ықшамауданда орналасқан №9 мектепке ғана автобус қатынамайды. «Өйткені ол мектепке бәрібір сабаққа желкелері жар бермей әрең-әрең келіп жүрген кешкі мектептің оқушылары жіберіледі», – дейді білім бөлімінің бастығы.
Гүлжан Алтынбекова мұғалімдердің де, техникалық қызметшілердің де бірде-біреуі қысқартылмайды, өз оқушылары баратын мектептерге жұмысқа орналастырылады деп сендірді. Сөйтіп, оның айтуынша, оқушылардың дені ауыстырылайын деп отырған №8 мектепте бұған дейін директордың орынбасары бесеу болса, енді сегізге жеткізілді. Яғни оқу ісі бойынша, тәрбие ісі жөнінде, ғылыми істер бойынша және бейімдік білім бойынша орынбасарлар қос-қостан болады.

Солтүстік Қазақстан облысы,
«Жас қазақ» газеті, №27, 10.08.2009

0 пікір