Табиғат Абаилдаев. Бауыржанның бейіті айдаладағы ақ отау емес!
Жамбыл облысы
Жуалы ауданының әкімі
Батырбек Құлекеевтің қаперіне!
«Қарағайдың қазасы - қаза нағыз». Мұны тақырыбымызға тұздық болып отырған Бауыржан ақынның өзі айтып кетіпті.
Оның поэзиясынан бөлек, Саят Медеуов пен Ақбота Керімбекова айтып жүрген «Ақ шағаласы», Рамазан Стамғазиевтың орындауындағы «Аңсау» әнінен басқа, тыңдарманға әлі жетпей жатқан қаншама әні бар десеңізші?
Сұңқардың аты сұңқар ғой,
Құрмет қып мойын бұрыңдар.
Сұңқарға дүние іңкәр ғой,
Бақаға ғашық кімің бар?..
Бауыржан ақын осылай деп күңірене жырлады. Өзінің сұңқар екенін сезсе де, көңілден кетіп, көзден ғайып болғанда бақаның кебін кигісі келмеді. Бірақ, тағдыр тарауында небір жасын жырын жұртына тарту еткен алып ақынның осы сөзінен қорытынды шығарғандар бар ма? Әй, қайдам. Ол туралы сәл кейінірек.
Далам менің...
Сырыңды айтса, бозторғай құс тілімен,
Өксік буып мен талай қыстығып ем.
Сені кейде жылытқым кеп кететін,
Құшақтай ап кеудемнің ыстығымен.
Жамбыл облысы
Жуалы ауданының әкімі
Батырбек Құлекеевтің қаперіне!
«Қарағайдың қазасы - қаза нағыз». Мұны тақырыбымызға тұздық болып отырған Бауыржан ақынның өзі айтып кетіпті.
Оның поэзиясынан бөлек, Саят Медеуов пен Ақбота Керімбекова айтып жүрген «Ақ шағаласы», Рамазан Стамғазиевтың орындауындағы «Аңсау» әнінен басқа, тыңдарманға әлі жетпей жатқан қаншама әні бар десеңізші?
Сұңқардың аты сұңқар ғой,
Құрмет қып мойын бұрыңдар.
Сұңқарға дүние іңкәр ғой,
Бақаға ғашық кімің бар?..
Бауыржан ақын осылай деп күңірене жырлады. Өзінің сұңқар екенін сезсе де, көңілден кетіп, көзден ғайып болғанда бақаның кебін кигісі келмеді. Бірақ, тағдыр тарауында небір жасын жырын жұртына тарту еткен алып ақынның осы сөзінен қорытынды шығарғандар бар ма? Әй, қайдам. Ол туралы сәл кейінірек.
Далам менің...
Сырыңды айтса, бозторғай құс тілімен,
Өксік буып мен талай қыстығып ем.
Сені кейде жылытқым кеп кететін,
Құшақтай ап кеудемнің ыстығымен.
Осылай деп туған жерін, жазиралы байтақ даласын тебірене, қайыңдай тербеле жырлаған Бауыржан Үсеновтың бейіті айдалада ақ отау болып жатыр. Таяуда Алаштың алдаспан лиригі Бауыржан Үсеновтің рухына тағзым етпек ниетпен жер жаннаты Жуалыға барғанымызда көңіліміз су сепкендей басылды да қалды. Сайын да сайын даласын жанындай сүйіп, поэзия тілінде жан бітірген жерлес ақынның бейіті айдалада жатқаны былай тұрсын, сұраусыз, қараусыз қалады деп кім ойлаған?
Иә, Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Қоңыртөбе елді мекенінде ауыл-аймақтың, көшенің емес, тұтас Алаш жұртының ақыны, орда бұзар отыз жасында құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өмірден өткен Бауыржан ағамыздың бейіті жатыр. Жатыр деген жай ғана аты болмаса іздеп табудың өзі қиын. Менмұндалап тұрғаны шамалы. Тіпті із кескен кәнігі маман болсаңыз да ақынның бейітін біраз терлеп табуыңызға тура келеді.
Олай деп опына астарлауымыздың сыры мынада. Бейіттің маңдайшасына жазылған жазуды айтпағанның өзінде Бауыржан ақынның сұлбасын көрудің өзі қиынға соғады. Тіміскілеген қарақшы құсап, көзімізді сығырайта қарап жатып, хас шайырдың көмескі тартқан, айқұш-ұйқыштанып әрең көрінген сұлбасын әзер таныдық. Таныдық та талып түсе жаздадық. Неге?
Мана айттық қой, Бауыржан Үсенов ауыл аймақтың, көрші-қолаңның ақыны емес екенін. Енді қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешсе де, нәрлі сөзімен, нәзік жүрегімен, қылыштан өткір, қылдан жіңішке тілімен елдің есінде қалған, поэзия көгінде өзіндік кеңістік қалыптастырған аймақ мақтанышын ешкімнің менсінбегеніне зығырданымыз қайнай жаздады. Рас, ақынның сүйегін орнынан қозғауға болмас. Алайда, әдемілеп әспеттеп, көзге көрінетіндей мазар салса, әкімдіктегілер әлектеп неміз бер? Тіпті болмаса, әлгі тасқа Бауыржан Үсенов деп әдемілеп жазып, көмескі тартқан суретін қалпына келтіруге жергілікті атқарушы биліктің құлағын бұрап отырған азаматтардың ақыл-есі жетпеді ме? Жоқ, олай емес, құнттамады расында. Бірақ, құнттамады екен, естерінен шығарып алыпты деп ақтап ала аламыз ба? Ауданға әдебиеттің үлкен жанашыры болып, байыз таппай жүретін Батырбек Құлекеев ағамыз әкім болып келгелі көп уақыт болған жоқ. Ендеше, бұл мәселеден дәл қазір әкім хабардар ма, хабардар емес пе, ол жағы бізге бимағлұм. Бір білетініміз - ауданның емес, Алаштың ақынының айдалада күңіреніп жатқаны. Мұндай мәселеге Құлекеев мырза күле қарамаушы еді. Ендеше әдебиет десе әбігер болып, екі жүріп есебін табатын әкімнен есті жауап күтеміз.
... «Ән бар еді,
Аққудың сыңсуындай,
Жүрегімді тынбайтын бір суырмай.
Жан-дүниемді сығады сұм өкініш,
Оттан шыққан қып-қызыл шымшуырдай.
Көбелектің көгілдір қанаты еді,
Атасы - нұр,
Ақша бұлт - ана тегі.
Көкірегімнен «әу» десем, аққу емес,
«Қоңыр үйрек» бұл күнде дар етеді.
...Ән бар еді, бір әнім, шынайы әнім,
Ұмытып қап әуенін мұңаямын»...
Алаштың ақынының рухын мұқалтпайық, еңсесін түсіртпейік, ағайын!
«Абай-ақпарат»