Наванетхэм Пиллэй: «Жаңаөзен оқиғасы бойынша халықаралық тәуелсіз тексеру жүргізілсе»
Ресми сапармен Орта Азия елдерін аралап жүрген БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Наванетхэм Пиллэй Қазақстанға келіп жетті. Наванетхэм ханым әуелі Алматыда үкіметтік емес және тәуелсіз ұйымдардың жетекшілерімен әңгіме өткізіп, олардың мұң-зарын мұқият тыңдаған соң, атының басын Астанаға бұрып, бірнеше министрмен және Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Роговпен кездесіп, елдегі адам құқығы, демократия, заң, сот мәселелері жөнінде пікірін айтты.
Төменде Наванетхэм Пиллэйдің Астанадағы кездесулері мен журналистерге берген мәслихаты кезінде айтқан ойларын беріп отырмыз.
«Егер Қазақстан демократиялық ел болғысы келсе, онда сот реформасын жасауы керек. Мен биліктің әртүрлі бұтақтары арасындағы әділ теңдікті қамтамасыз ете отырып, сот билігінің салмағын арттыратын құқықтық түзетулердің енгізілуіне кеңес берер еді».
«Мені Конституциялық Кеңестің президент жарлығын қайта қарауға құқығының жоқтығы және Конституциялық Кеңестің шешімдеріне президенттің вето қоя алатындығы алаңдатады»
«Жаңаөзен оқиғасы бойынша тергеу-тексеруге рұқсат беріңіздер деп өтініш айтамын. Сот ісі барысында адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалар қатаң сақталып, халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісінің 14-нші тармағына сәйкес, әділ сот қамтамасыз етілуін қалаймын».

«Қазақстанда демократиялық процестің маңызды бір бөлігі болып табылатын қоғамдық сын алаңы кеңеймей, керісінше, барынша тарылып бара жатқанына қауіптенген пікірлерді көп естідім»
«Жаңаөзен оқиғасында оқ атуға бұйрық берген адам кім екені түсініксіз. Және ол бұйрық неге орындалды? Полиция жиналған адамдарды қару қолданбай-ақ, бақылау тәсіліне үйретілмеген деген күдік бар»
«Қазақстанда ашық наразылық танытқысы келетіндер төтенше қиын сонымен бірге, бұзылуы оп-оңай бюрократиялық талаптар мен кедергілерге тап болады»
«Мен кездескендедің барлығы, соның ішіде прьемер-министр, Сыртқы істер министрі, Әділет министрі бәрі де Қазақстан өзінің халықаралық міндеттемелеріне баса назар аударатынына сендірді. Және кездесу барысында өз тарапымнан айтылған елдегі адам құқықтары мен демократия төңірегіндегі қауіп ететін мәселелерді әрі қарайда бірлесіп талқылауға шақырды».
Баспасөз мәслихаты барысында журналисттер БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Наванетхэм Пиллэйден Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы мен Қазақстандық ұлтаралық татулық моделі және президент Назарбаевтың антиядролық бастамасына қатысты пікірін айтуын сұрапты.
«Абай-ақпарат»