Сенбі, 23 Қараша 2024
Жауап 3608 0 пікір 4 Қараша, 2021 сағат 15:03

Abai.kz мақаласына Цифрлық даму министрлігі жауап берді

Құрметті оқырман! 2 қараша күні Abai.kz ақпараттық порталында Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның «Мусиннің жауабы мен Үкіметке сұрақтар» атты мақаласы жарияланған еді. Онда цифрландыру саласындағы жетістіктерге арналған «DIGITAL BRIDGE» цифрландыру халықаралық форумында болған жағдай егжей-тегжейлі баяндалған.

Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Abai.kz мақаласына жауап жолдапты. Назарларыңызға қаз-қалпында ұсынамыз...

Министрлік жауабы:

Abai.kz ақпараттық порталындағы «Мусиннің жауабы мен Үкіметке сұрақтар» материалына орай Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мынадай ақпарат ұсынады:

Digital Bridge 2021 форумы Қазақстан, Ресей, Беларусь, АҚШ пен Индонезия елдерінен 70-тен астам спикер мен 5000-нан астам қатысушының басын қосты. Қазақсандық ІТ-салаға жаңа серпін беру мақсатында өткізілген форумға шамамен 1000 адам офлайн қатысып, 4000-нан астам адам әлемнің түкпір-түкпірінен онлайн қосылды.

Қатысушыларға арналған ақпараттық материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде цифрлық нұсқада ұсынылды. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі форумға келген спикерлердің баяндамалары көбіне орыс және ағылшын тілдерінде болатыны ескеріліп, форум барысына қазақша синхрондық аударма жасалды.

;t=36375s

Стартаптар көрмесінде кез-келген қазақстандыққа өз ІТ-өнімін немесе өнімінің жобасын жұрт назарына ұсынуға мүмкіндік жасалды. Оларға презентация тіліне қатысты талап қойылмағаны рас, бірақ стартапшылардың дені қазақша және орысша, кейбірі тіпті ағылшын тілінде еркін сөйлей алатыны байқалды. Десек те, венчурлық инвесторлардың назарын өзіне аударып, стартапына инвестиция тартуға тырысқан стартапшылар өнімдерін потенциалды инвесторлардың ыңғайына қарай таныстырған болуы керек.

Бұл тұрғыда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ)  қазақ тілін дамытуға арналған стартаптарға ерекше назар салып, қолдау көрсетуде. Соның ішінде OCR Kaz – қазақ тіліндегі жазбаша мәтінді тану бағдарламасы, uniup.kz – қазақша онлайн-курстар платформасы, Digital Nomad – қазақ тілі мұғалімдерін заманауи технологияларға оқытуға арналған вебинарлар сериясы, Kitap summary – шетелдік шығармалардың қазақша аудионұсқасының қосымшасы, KITABU  - қазақстандық авторлардың аудиокітаптар мобильдік қосымшасы, Online Bilim Beru Academy – қазақтілді аудиторияға ағылшынша үйрету сервисі және т.б. стартаптар бар.

https://www.youtube.com/playlist?list=PL1qsVsdKAeyJcPA5xGizA-PXwKXZchjhz

Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі аясында қазақтілді блогерлермен шығармашылық байланыс орнатылып, қазақ тілінде медиажобалар – SHOQAN, UYA, OIANU қысқа метражды фильмдер , сондай-ақ веб-сериалдар мен түрлі бейнероликтер жасалып жатыр. Қазір қазақстандық стартаптар туралы қазақ тілінде 6 бейнеролик түсірілуде. Технопарк алаңындағы Zerdeli студиясы мектеп жасындағы балаларға қазақ тілінде білім беру қызметін ұсынады, соның ішінде онлайн курстар да бар және цифрлық білім ресурстарын жасайды, авторлық оқулықтарды шығарып, педагогтарға онлайн-вебинарлар өткізеді.

Алдағы жұма, 5 қарашада Нұр-Сұлтанда «QazForum-2021» қазақ тілінде онлайн–контент жасаушылардың V форумы өтеді. Кездесу барысында министр Бағдат Мусин елдегі цифрландыру үрдісі жайлы баяндап, қазақтілді интернеттің бүгіні мен болашағы туралы сауалдарға жауап береді. Сонымен қатар осы форум аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілін дамытуға бағытталған стартаптар арасында  «Astana Hub Battle» жарысы өтеді. Үздік шыққан стартап авторларына өз өнімдерін әрі қарай дамыту үшін 10 мың, 5 мың және 3 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай гранттар табысталады. Қазіргі сәтте бұл байқауға қатысуға 15 шақты өтінім келіп түсті.

Бұдан бөлек, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде цифрландыру саласындағы қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында басқа да іс-шаралар қолға алынып, цифрлық трансформация кезінде сервистердің мемлекеттік тілдегі нұсқасының сапасына жіті көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстардың шет жағасын, соның ішінде электрондық үкімет порталының «қазақшасын жөндеу» жайын министр Бағдат Мусин осыдан бір апта бұрын, яғни 25 қарашада Үкімет сағатында айтқан болатын.

«eGov порталында барлық қызмет қазақ тілінде бар. Бірақ шынында кейбір сөзді мен де ұға бермеймін. Тек қана орыс тілінен аудара бергенбіз, бірақ мағынасына сай емес. Сондықтан біз осыны зерттеп, eGov-тың процестерін трансформация орталығында қайта қарау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен сол жерге сізді де шақырамын», - деген Бағдат Мусин сауал жолдаған депутат Қазыбек Исаға тек порталдағы мәтіндер ғана емес, жалпы мемлекеттік қызметтердің атауларын да жөндеу керектігін айтып, тиісті ұсыныс жасалды.

Сондай-ақ бұл тарапта қазір ЦДИАӨМ мемлекеттік ақпараттық жүйелерінің интерфейсіндегі «қазақ тілінің жағдайына» сараптама жасау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Және ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты  Қазыбек Иса мен қоғам қайраткері Қуаныш Шонбайға eGov.kz порталының қазақ тілінде қызмет көрсету сапасын арттыру үшін құрылған жұмыс тобына қосылуға ұсыныс жасау жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371