Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3892 0 пікір 23 Шілде, 2012 сағат 08:09

Сәкен Алдашбаев. Әбсаттар қажы, Үндеуіңізді Үкіметке де жолдасаңыз!

Дінімізде қасиетті үш ай болса, соның бірі - Рамазан айы. Бұл айда жақсылықты әдеттегіден де көбірек жасауға, тыйыл деген нәрседен тыйылып, Аллаға деген құлшылықты үдете түседі екен бұрынғылар. Тіпті осы айды асыға күтіп, жылап қауышып, қимай қоштасқан екен бабаларымыз.Сонымен қатар, ораза айында жарлы-жетімдерді тамақтандырып, керек десеңіз алдына мал салған ауқаттылар да болған.

Дінімізде қасиетті үш ай болса, соның бірі - Рамазан айы. Бұл айда жақсылықты әдеттегіден де көбірек жасауға, тыйыл деген нәрседен тыйылып, Аллаға деген құлшылықты үдете түседі екен бұрынғылар. Тіпті осы айды асыға күтіп, жылап қауышып, қимай қоштасқан екен бабаларымыз.Сонымен қатар, ораза айында жарлы-жетімдерді тамақтандырып, керек десеңіз алдына мал салған ауқаттылар да болған.

Осы дәстүрімізді әрі қарай жалғайық, сауапты істерге қол ұрайық, ел-халыққа пайдамызды тигізейік деген ниетпен Бас
муфти Әбсаттар қажы Дербісалы Үндеу жасаған болатын. Яғни, дінбасы жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағалары күрт қымбаттап шыға келетінін, бұл халықтың орынды ренішін туғызатынын айта келіп, «Рамазан біз үшін берекесі мол, Алланың рахымы мен мейірімі жауатын ай екенін ұмытпайық. Бұл айда жасалған әрбір ізгі амал өзге айларға қарағанда сауабы еселеп артатыны сөзсіз. Сондықтан осынау мүбәрак айда түрлі мекеме басшылары мен кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жаратушы Иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің, киім-кешектің, құрылыс заттары мен жанар-жағар майдың, мектеп формасы мен оқулықтарының, демалыс лагерлері мен шипажайлардың, мейрамханалар мен асханалардың бағасын 10 пайызға түсіріп, жеңілдік жасауға шақырамын» деп жар салды. Тіпті қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық қызмет төлемақылары мен телекоммуникациялық байланыс тарифтерін де осылай төмендетсе деді. Бұл Үндеуіндегі тағы бір мәселе қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, дініміз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болу. Бұл үшін Рамазан айының құрметіне және басқа да айларда мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі дастарханға қойылмаса және дүкендерде сатылмаса деген елге ұсынысын тастады.

Жоғарыдан тапсырма түссе төмендегілердің тұра жүгіретін әдеті емес пе. Жергілікті жердегі мешіт қызметкерлері бұл ұлы Үндеуден кейін оразаға оншақты күн қалғанда дүкендерді аралап шықты. Сол дін өкілдерінің ішінде менің бір танысым да бар болатын.

Дүкен мен базар саудагерлеріне жолығып, дінбасының үндеуіне орай үгіт жүргізейік деді әлгі танысым. Мұндай жобаны қалайша қолдамайсың, қуана келісіп, ел үшін, халық үшін жолданған үндеуді таратуға шықтық. Қолымыза мүфтиат сайтына шыққа дінбасының Үндеуі бар. Бес-алты дүкен мен базардағы таныстарыма бардым. Олар жақсы қабылдап алып қалды. Тіпті біз барғанда сауда жасап тұрған жұртшылық та қуанысты.

Алайда сол шаттығмыз шынға айналмай, оразаның алғашқы күні-ақ өкпе-наз бен жалғаншылықтың астында қалды.

Олай дейтінім ораза басталысымен алдында келісіп қойған дүкендерді араладым. Сөйтіп біреуіне кірдім де, сатушы баладан «оразаға байланысты он пайыз түсірдіңдер ме?-деп сұрадым. Ол бала арғы бөлмеде жүрген дүкен егесі анасына:

-Мама бір кісі оразаға байланысты он пайыз түсірді ме деп сұрап жатыр»-деп айқайлады. Мен қуанышты жаңалық күтіп тұрғанмын. Анасы сол жақта жүріп:

-Неңнің он пайызы, өзіміз әрең отырғанда бағаны түсіргені несі. Бізге қайсысы оразаға байланысты арзан тауар беріп еді?,- деп айқайлады. Үндемей шығып кеттім.

Тағы бір дүкен иесі маған «айналайын, сен не итаршы болып жүрсің? Оданда ана Әбсаттарыңа айт, Үндеуді Үкіметке жолдасын. Салықты, жерпұлды 50 пайызға қысқартсын. Сонда біз 10 пайыз арзандатамыз деп бетімді қайырды. Болмаған соң базарға тарттым. Сөйттім деп бас салып аяқ киім сатып тұрған танысыма қолқа салдым. Сөйтсем ол өзінің қысқартылған бағаға (распродажаға) шығарып тұрған тауарын оразаға байланысты арзандаттық дей салайық деп қарап тұр. Оның бұл жалғаншылығына ішім удай ашыған мен: «Өйтіп, Алланы алдамай-ақ қой» деп теріс айналып кетіп қалдым.

Сол ашумен әлгі мешіт қызметкері танысыма қоңырау шалдым да бірден: «мен сенің өтінішіңді орындай алмадым, яғни, тауарын он пайыз түсіретін адам таба алмадым» дедім ренжіп. Оның да мен секілді тауы шағылса керек, «біз шағын және орта кәсіпкерлерге емес, үлкен кәсіпкерлерге баруымыз керек еді» деді күмілжіп. (Алайда үлкен кәсіпкерлердің есігінен кіру бізге оңай емес.) Бірақ менің оған одан әрі көмектесуіме құлқым болмады.

Өйткені қала ішіндегі зырлаған қоғамдық көлік пен қара базар сатушылар мен дүкен иелерінің көпшілігі бұл Үндеуді Әбсаттар қажы Үкіметке жолдау керек деп жатты.

Егер осылай жақсылық жасасаңыздар Алла тағала мол байлық, ырыздық несібе, тыныштық пен бақыт береді емес пе, дегенімде, «осы айтқандарыңыз Үкіметке керек емес пе?», деп қарсы сұрақ қойды көбісі.

Иә, расында халыққа қасиетті Рамазан айында сауапты іс жасауды әуелі Үкімет қолға алу керек, сонда орта және шағын кәсіпкерлер қарап қалмайды. Олай болып жатса, бұрынғыдай бар мұсылман баласы Рамазан айын асыға күтер еді.

Сол үшін аса қадірлі Әбсаттар қажы мырза халық айтпақшы, осындай сауапты Үндеуіңізді халықпен қоса Үкіметке де жолдасаңыз, өзіңіз айтпақшы нұр үстіне нұр болар еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318