Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3908 0 пікір 23 Шілде, 2012 сағат 08:54

Азамат Кенжебекұлы. Ана тілімізді қорлаған адамдар жауапқа тартылсын!

Елордамыз - Астана қаласы күні күллі Қазақстан көлемінде тойланды. Елдің еге қаласының туған күні Солтүстік Қазақстан облысының орталығы - Петропавл қаласында да мерекеленді. Дүбірлі тойды ел болып атап өттік. Той дегенде қу бас домалайды, қалада өткізіліп жатқан мерекелік шараларды тамашалау үшін орталық алаңға барған едім, бір жас жігіттер күнтізбелер таратып жүр екен. «Вот вам праздничные календарики», - деп жаңағы жігіттердің бірі қолыма екі күнтізбен ұстатты.

Көзілдірігімді киіп, күнтізбедегі жазуды көрген кезде марқайған көңілім бір пәсте сап болды, шошынып жағамды ұстадым. Жаңағы күнтізбенің айқарма бетінде... «Астана, тұған күнімен» деп жазылыпты. Тіпті айтуға ұят. Досымыз жылап, дұшпанымыз күлетін жағдай деген осы, ағайын. Қазақтың сөздерін қорлап, өз елімізде мемлекеттік тіліміздің жағдайын дәл осылай сарсаңға салып, қорлағанымызды не деп түсінуге болады?

Осы олқылықтарға кім кінәлі? Кім жауап береді? Күнтізбенің теріс жағын оқып көрсем, тапсырыс берген Петропавл қаласының әкімдігі екен. Яғни, бұл істің басы-қасында қала әкімі Болат Жұмабеков (суретте) деген азамат жүрсе керек-ті. Менің білуімше, Жұмабеков мырза өзінің туған тілін шала біледі, сондықтан оның Ана тілін қалай «құрметтеп» жатқанының айнымас дәлелі - мына өзіңіз көріп отырған күнтізбе.

Петропавл қаласы тұрғындарының 20 пайызы ғана қазақтар. Өкінішті-ақ, әрине. Бір қызым бар, бұдан да өткен сорақы демекші, осы азғантай қандастарымыздың басым көпшілігі өзінің Ана тілінде сөйлеспейді. Мұндайда ортақ тіл, әрине - орыс тілі. Тіпті кей кездері мен өзімді Ресейде тұратындай сезінем. Мысалы, шаһардағы муниципалдық телеарнаның жаңалықтары алдымен орыс тілінде көрсетіледі, содан соң ғана қазақ тіліндегісі эфирден өтеді. Сонда мемлекеттік тіл бұл аймақта екінші сортты тіл болғаны ма? Білуімше, бұл телеарнаны Евгений Сазанов есімді өзге ұлттың өкілі басқарады, ал облыстық ішкі саясат басқармасын да орыстілді шала қазақ Руслан Әлішев деген жас жігіт билеп отыр. Орыс Сазанов та, қазақ Әлішев те ұлттық мәселеге деген де еш айырмашылықтары жоқ. Әлде Ұлы Мәртебелі Тәуелсіздіктің егесі атанғанына жиырма жылды артқа салған Қазақстанның бір бөлігі Петропавлды Ресейдің қиянда жатқан, елеусіз бір губерниясы деп ойлап жүр ме екен олар?

Осы екі азамат сол жердің суын ішіп, ауасын жұтып, қалаберді нанын жеп отырып, егемен елдің мемлекеттілігін көпе-көрінеу мойындамағаны ма екен астамшылдық танытып. Бұл сорақылық тіпті мемлекеттік саясатқа қарсы шыққан басбұзарлықпен балауға болар. Өйткені, жаңағы телеарна өз қаржысына емес, сіз бен біздің қалтамыздан жырылып, мемлекет қазынасына құйылған ақшаның есебінен өмір сүреді. Бір сөзбен айтқанда, мұндай ақпарат құралдары елдің біртұтастығын көздеген мемлекеттік идеологияға қызмет етуі тиіс. Бірақ, іс жүзінде мүлдем бұлай емес. Ендеше, қазақ тілін екінші сортты тілге айналдырып, орыс тілінің өктемдігін көксеген Сазановтың көксегені не? Дүмше молда дін бұзар дейді, ал ақпараттық идеологияның біртұтқасын үйдің ішінен үй тігер, осындай теріспиғылды адамдар ұстап отырған кезде мұны тек қана елбұзарлық әрекет деп санауға болады.

Облыс әкімі Серік Біләлов әрдайым қазақ тілінде сөйлейді, ана тілін құрметтейтіні де көрініп тұр, сөз жоқ. Бірақ өңірдің ғана емес, ұлттың атына кір түсірер мынадай ұятты күнтізбелер Серік Сұлтанғазыұлына еш абырой әкелмейді, себебі жаңағыдай жоғары лауазымды қызметтерге басшыларды облыс әкімінің өзі тағайындайды. Ал өңірді өркендетуге біріге үлес қосар деп сенім артқан адамдары қазақ тілін біліп, құрметтеудің орнына, туған тілін мүшкіл күйге түсіріп, білгенінше қорлап жатқанын көргенде, жаңағы қала әкімі Жұмабеков секілді азаматтар алда-жалда ел басына қиын күн туған кезде ұлттық мүддемізді сатып кетпей ме деген сұрақ мені аландатады. Қазақ сенген серкем сен болсаң деген зілді сөзді осындайда күйініп айтса керек...

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы мәселеге назар аударып, тиісті шаралар қолданады деп үміттенемін. Бұл елеусіз қалдыратын ұсақ-түйек мәселе емес, себебі  ата-бабамыз ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап, аманат етіп тапсырған туған тілімізді менсінбей қорласақ, бұл өрескелдік үшін келер ұрпақ алдында жауаптымыз, Алла алдында да есеп береріміз хақ. Сондықтан, елін сүйетін ұлтжанды азаматтар тиісті шаралар қолдануы тиіс деп санаймын. Әйтпесе, ауруын жасырғанның өлетіні сияқты, ушыққан мәселені уақытында шешкен жөн.

Құрметпен,

Азамат Кенжебекұлы

ардагер, СҚО

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318