Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4280 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 08:02

Мадияр Үмбетов. Пайғамбардың Түрік жұртына берген бағасы

Замандардан заман өткенде, бұрынғылар өліп таусылып, қалғандарға нәубет жеткенде, «Араб жұртынан бір Мұхаммед деген батыр шығыпты!» - деп, әуезі айдай әлемге жайылып,Түркістан аймағынан, Түрік ұрпағынан, Моғол нәсілінен, «Тоқсан екі баулы Қыпшақ» атанып тұрған күнде «әр рудан біреу болса, ру түгел болмақ» десіп, тоқсан екі батыр атқа мінді дейді: «Сол Мұхаммедті барып көрелік. Батырлығы шын болса, жолдас болып жанына ерелік!» деп, мінген көліктері - ат, ұстаған қарулары - бір-бір қатқан қақ сойыл, құрғақ шөлмен жүріп барса, айтқан Мұхаммед мұнан бұрын екі соғысты өткізіп: бірінде жеңіп, бірінде жеңіліп, үшінші соғыстың үстінде тұр екен.

Жан-жақтан ереуілдеп шаң шығады екен де, шаңдатып келе жатқандар кәпірлерге қосыла береді екен. Мұсылманға үйден шыққан өздерінен басқа ешкімнің шаңы қосылмайды екен. Күншығыстан  бір шаң шықты,бұл шаң кәпірлер тобына бармады. Мұсылмандарға тұп-тура келді. Араб жұрты: мінгені-түйе, көбі жаяу-жалпы, қарулары-бір-бір шолақ қылыш; мылтық, найзаны ұстап көрмеген. Ең алғаш ұрыс-төбелеске шыққанда,үш жүз он үш кісі жасаққа шыққан. Бәрінің ортасында  көлігі-жетпіс түйе, екі ат, алты сауыт, сегіз қылыш, басқасының қолында тұтам тобылғыда жоқ.

Бұлар тоқсан екі батыр-тоқсан екі  аттың дүсірі жерді қозғалтқандай болыпты. Бар білгені: «Мұхаммед қайсы, Мұхаммед қайсың!?» десе керек. Бұлардың тілін, не айтып, не қойғанын білер жан жоқ. «Мұхаммед анау-десек, өлтіріп тастай ма!?» деп қорықса керек. Сонда төрт жардың төбе ағасы Әубәкір ағай пайғамбардың қасына жетіп келіп:

- Әкем Кәбаба: «Түркістандықпыз!» деуші еді. Сол әкемнің айтуына қарағанда, бұлар Түркістан жұрты, Түрік адамдары болса керек! деген соң, Мұхаң түрік тілімен сөйлескен екен. Бұлар оқырына түсіпті:

- Өзіміз сізге ұзын құлақтан естумен асық болып біріміз оқ, біріміз жақ есепті қазылған жол, шашылған топырағыңызда болғалы келдік! - десіп, кәпірлерге қарай лап қоя шауып, дүрсе қоя берді дейді.

Жалаңаш түйе бағып, өмірінде қыл құйрықты жылқы көрмеген сорлы араб аттың дүрсілінен қорқып, үрейі ұшып, зәресі кетіп, топалаң тиген қойдай, бықбырт тиіп, жылқының жасау тезегіндей болды дейді. Бұлардың батырбасы, көкжалы-Ақкөсе. Оған таяулары - Мәлік, Ақтам, Құттықожа, Имамбайыр, Аққоян-дегендер екен. Сонда пайғамбар жарықтық шаттанғаннан:

- Алла түркі хайыр ғымин үмметі! - дегендігін Салманпарыс деген сақаба Әзірет сұлтанға сөйлеген екен. Қазақшасы «Түркім келді - көркім келді», деген екен.

Сонда пайғамбар бұлардан сұраған екен:

- Сіздер қай дінде боласыздар?-деп. Бұлар айтыпты:

- Біз дін-сінді білмейміз, ораза жоқ, намаз жоқ, Құдай деген жанбыз,-депті.

- «Озған пайғамбар» деген бабаларымыз осылай ұқтырған екен» десіпті.

Осындай ұғына алмаған сөзден біздің қазақ: «Озған пайғамбар ұрпағымыз» десіп те жүрді. Сөйтсе, онысы Уыз (Оғыз ) хан екен. Кигіз үйді сол Уыз хан жасатып: «Кигіз туырлықты қазақ байдың баласы, Уыз үйлі» атанып жүрді.

Сол соғыста пайғамбар шаттанып: «Әлтүркі хайыр мен үмбеті» деген екен деседі. «Менің үмбетімнің ең жақсысы түркі халқы» деген сөз дейді.

Сонан кейін бұлар қалған өмірін пайғамбар қасында өткізіп, «ансары» атанған екен. «Мұһажырын аңсары» деген қауым қыбыланың ру, тұқым аты емес. Меккеден пайғамбарды іздеп көшкендер «Мұһажырын» атанған. Пайғамбарға соғыста болысып, күш-көмек бергендер ансары атанған. «Далсабтұн алал ұллынмен әл-мұһажырын уа әл-анзар» - бәйгенің озып алдын алған «Мұһажырын мен Aнсарылар», делінген сөз.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы

(шығармалар жинағы 8 том 59 бет)

Міне ағайын, пайғамбардың түрік жұртына берген бағасы, араб жұрты дінді бізге алып келмеген, дінді қайта бабаларымыз өздері іздеп тауып алған. Сөз соңына келгенде өз бағамызды түсірмейік ағайын! Ораза қабыл болсын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321