Сәкен Алдашбаев. Қызылордада Қытай айдаһары сөйлей бастады
Қызылорда қаласы күн өткен сайын өркендеп, түнгі шаһарға жарқыраған шамдар шырайын кіргізіп, зәулім ғимараттар бой көтеруде. Әсіресе мейрамхана, қонақүйлердің келбеттері бала күнгі аңсаған шетелді елестетіп жібереді. Тіпті сол орындалған «қиялды ғимараттардың» сәулеттілігі ғана емес, маңдайларына жазылған атаулары да ақылыңнан адастырады. Керек десеңіз, қай елде жергеніңізді білмей абдырап қалуыңызда мүмкін.
Мәселен, қаладағы Абай даңғылы бойындағы «VAN GOG», «abdi», «S mail», «SOVTHERN» секілді үлкен сауда орындары мен мейрамханаларға жұмысы түсіп барған үлкен кісілер тілдерін бұрап, тіпті аттарын айта алмай, өз елінде өздері тіл білмеген сорлының күйін кешіп жатады. Сол сияқты «Copу Express», «Alser», «adidas», «Mexx» секілді сауда орталықтарының да маңдайларындағы жазулар Қазақ елінде емес, АҚШ-та жүргендей сезіндіреді. Тіпті майда шаштараздар мен дүкендердің де «біз қалмаймыздың» күйін кешіп «Айгуль», «Нургул» секілді ат қойып, қазақ әріптерін ұмытып қалып жатқан жайы бар.
Не болса соған еліктегіш, көрсеқызарлық қанымызға әбден сіңіп кеткен бе мектеп табалдырығын аттамаған балаларымызда әуелі әріпті ағылшынша жаттауда. Қайтсін енді, шетелше жазуға толы дүкендер тәтті шоколад, сусындарымен түнде түсінде, күндіз көзінің алдында тұрады ғой.

Осылайша, «ағылшынша атаулар неге жазылады?» деп дабыл қағып жүріп үлкенді-кішіміздің оған да көзіміз үйреніп, тым жақсы ежелеп оқитындай жағдайға жеттік. Қазақ, орыс тіліне жетік, ағылшынша әріптеп білеміз, демек көптілдіміз деп шәпкімізді аспанға атып жүргенде әлгі тіл үйретуші магазин-мейрамхалар Қытайша сөйлей бастады.
Ал, енді бұған не істейміз? Бұрын соңды «әліпті» таяқ деп танымайтын Қытай тілін де үйренеміз бе? Әлде бұларға шектеу қоямыз ба?
Шектеу қоямыз ба дейтінім, қалайда Қазақстанды жұтып жіберу үшін бар білгенін жасап жатқан Қытай «мемлекетті жаулаудың ең бір оңай жолы тілін жаулау дегендей» әуелі таңбаларын танытып алуды жоспарлап жүрген жоқ па деп сескенем.
Мәселен, Байтұрсынов көшесінің бойындағы «Пекин» мейрамханасындағы қытайша «Пекин» деген жазу мен Қорқыт-ата көшесінің бойындағы «Достық» мейрамханасы маңдайындағы қытайша «Достық» деген мағына беретін жазулар мен қоса көршіміздің таңбасы айдаһардың да бейнесі салынған. Астында «Достық» мағынасы қытайша жазылған мейрамхана төбесіндегі қазақша «Достық» атауы «Достык» болып «Қ-дан» қағылып тұр. Ал оның егесі қытай емес, атпалдай қазақ азаматтары көрінеді, тек оның мейрамханада қытай асханасының барлығы себеп болса керек. Сол сияқты «Дано» кафесінің сыртында да таяқша мен дөгелектерден тұратын жазу бар. Мұндай таңба «Кориана» кафесі сыртында да болған. Соңғы екуінде қытайша емес, кәріс тіліндегі жазу болып шықты. Бір қызығы, бұның барлығы да заңға қайшы емес және тілді дамытумен айналысатын мекеме оларға жөн айтуға қауқарсыз. Мейлі, не болса да көрнекілік құралы арқылы көмескі күдік елге еніп жатқан жоқ па деген ой біздікі. Соның ішінде Қытай әріптерінің маңдайшаларға ілінуі қауіпті емес пе?
Тілімізді дамытуда орыс ағайындардан қашан үлгі аламыз Алаштың бетке ұстар азаматтары?!
Қызылорда қаласы
«Абай-ақпарат»