Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 2904 0 пікір 6 Тамыз, 2012 сағат 09:39

Дулат Аманжол. Жастардың бағы ашыла ма?

Таяуда еліміздің Білім және ғылым министрлігі жанынан жастар ісі жөніндегі арнайы комитет ашылды. Судай жаңа құрылымның негізгі қызметі - жастар саясатының әдістемесін дайындау, жоспарлау және үйлестіру, оны нормативтік тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметіне мониторинг жүргізу және бағалау болып табылады.

Министрлік сайтындағы ресми ақпарға жүгінсек, Жастар комитетін құру туралы Үкіметтің қаулысы бекітіліп те үлгерді. Соған сәйкес, аймақтарда жастар ісі жөніндегі басқармалар да құрылатын болады. Аталмыш комитет мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында құрылған. Яғни, Президент пәрмен көрсетіп еді, атқарушы орган атқа қонды. Шүкір!

Іле-шала министрліктің баспасөз қызметіне хабарласып, жаңа комитет жайында аз-кем ақпарат беруді өтінген едік.

«Барлық тиісті құжаттар сараптамадан өтіп жатыр, әзірлену үстінде. Тіпті аталмыш комитеттің төрағасы да әлі сайланған жоқ. Әзірше бұл тек идея ғана. Яғни, құжаттар дайындалып жатыр. Министр барлығын бекіткеннен кейін белгілі болады. Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймыз»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметі. Қызық!

Себебі, еліміздің барлық ақпарат құралдары «Жастар комитетін құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №874 қаулысы бекітілді» деп ақпарат таратып үлгерді емес пе?! Ал министрлік болса «бұл тек идея ғана», «Министр барлығын бекіткеннен кейін белгілі болады» деп түсініксіз мәлімде жасап отыр. Көзбояушылық па?

Жақында Білім және ғылым министрлігі жасаған мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі Тұжырымдама жобасы елордалық жастар арасында талқыға түсті. Анығы, министрлік өкілдері қазақстандық жастар ұйымдарының басшыларымен кездесіп, тұжырымдамаға қатысты ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ, жастар саясатында жасалып жатқан «теңдессіз» реформалар мен «ғаламат» өзгерістер жайлы айтылды жиында. Бәрі ғажап!

Алайда, төрт жарым миллионнан астам жастардың тағдырын шешетін осынау маңызды құжат барлық жерде тек ресми тілде талқыланып жатқаны өкінішті. Сол ресми тілде әзірленіп, бекітіліп, кейін мемлекеттік тілге аударыла салатыны да сөзсіз. Яғни, қазақ жастарының мүддесі, ой-тілегі ауыл жастарының арман-аңсары тағы ескерусіз қалады деген сөз. Дегенмен, Қазақстандағы 1043 жастар ұйымы бірігіп, атқарушы билікке қазақ жастарының үрейі мен үмітін жеткізер, мүддесін қорғап қалар деген ниет бар. Ал жеткізе алмаса, қорғап қалмаса, дәрменсіздігін мойындап, өзін-өзі таратқандары жөн болар.

Сол себепті, жоғарыдағы ұйымдар жастар көптеп жиналатын Twitter, Facebook, ВКонтакте, Mail.ru сияқты әлеумметік желілерде насихатты күшейтіп, түрлі деңгейде көлемді интернет-форумдар өткізіп, азат ойлы жас азаматтармен пікір-таласқа шығып, мүдделес жастардың мұң-мұқтажын біліп, танысуы керек-ақ. Өйткені, ашық, бүкпесіз ойлар ресми жиындарда емес, дәл сондай алаңдарда айтылады. Сонымен қоса, жастардың белсенділігі күн сайын артып келе жатқанын да жоққа шығара алмаймыз. Бүгінде әрбір екінші қазақстандықтың жасы 30-ға әлі жеткен жоқ. Сондықтан, жастар аудиториясын қамтитын мемлекеттік телеарнаның ашылуы, ірі республикалық басылымдарда жастар қосымшасының жүргізілуі сияқты мәселелер де кейінге қалдырылмауы қажет.

Мемлекет басшысы Ассамблеяның биылғы сессиясында атқарушы билік өкілдеріне жастардың әлеуметтік-экономикалық, материалдық-тұрмыстық проблемаларына көбірек көңіл бөлінуі тиіс деп қадап айтқан еді. Сондай-ақ, сессия барысында Президент Н.Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Мәселен...

«Үкіметке үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін менің қарауыма Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінге арналған тұжырымдамасының жобасын ұсынуды тапсырамын. Үстіміздегі жылдың соңына дейін біздің заңнамаларымызды мемлекеттік жастар саясат мәселелері бойынша жаңарту қажет. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері өңірлік Жастар істері жөніндегі кеңестерді тікелей өздері басқаруы тиіс. Қазір жастар үшін жаңа әлеуметтік лифтілер қалыптастырудың маңызы өте зор. Тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер жұмысқа орналасу және еңбек жолын бастауда жағдайлардың бірдей еместігі жастар үшін ең маңызды мәселе болып табылатынын көрсетіп отыр. Жас маман жұмысқа орналаса алмайтын және өз әлеуетін жүзеге асыра алмайтын жағдайлар да аз емес. Жастар арасындағы үдерістерге терең зерттеулер жүргізу қажет»-деген еді.

Президенттің сөзін тақырыбымызға тұздық болсын деп емес, жастар саясатында көзбояушылық пен профанация болмасын деген оймен келтірдік! Әзірше, түйгеніміз - осы, ілеріміз - әлі алда!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6093