Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4174 0 пікір 20 Тамыз, 2012 сағат 07:57

Ашық хат: Қазақ ертегілері қайда?

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы

М.А.Құл-Мұхаммедке

---------------------------------------

Астана қаласының тұрғыны

М.Байғараевадан

 

АШЫҚ ХАТ!

 

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 

Сізден елдегі ұлттық тәрбиенің тап бүгінгі болмысының мынадай күрделі тұстарына назар аударуыңызды өтінемін.

Төтесінен айтқанда, көркем безендірілген қазақ халық ертегілері туралы кітаптардың тапшылығын көріп отырмыз, тәрбиелік, адамгершілік мәні бар мультфильмдерге өте зәруміз. Шет елдердің «Спанч боб», «Губка боб», «Свинка пеппа» сияқты күмәнді идеологиялық әзәзілдері қаптап тұрғанда бұрынғы КСРО мультфильмдерімен жылап көрісетін болдық. Қазір оларды да табу қиынға соғып тұр. Ал қазақ мультфильмдерінің тапшылығын айтпай-ақ қояйық.

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік хатшысы

М.А.Құл-Мұхаммедке

---------------------------------------

Астана қаласының тұрғыны

М.Байғараевадан

 

АШЫҚ ХАТ!

 

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 

Сізден елдегі ұлттық тәрбиенің тап бүгінгі болмысының мынадай күрделі тұстарына назар аударуыңызды өтінемін.

Төтесінен айтқанда, көркем безендірілген қазақ халық ертегілері туралы кітаптардың тапшылығын көріп отырмыз, тәрбиелік, адамгершілік мәні бар мультфильмдерге өте зәруміз. Шет елдердің «Спанч боб», «Губка боб», «Свинка пеппа» сияқты күмәнді идеологиялық әзәзілдері қаптап тұрғанда бұрынғы КСРО мультфильмдерімен жылап көрісетін болдық. Қазір оларды да табу қиынға соғып тұр. Ал қазақ мультфильмдерінің тапшылығын айтпай-ақ қояйық.

Бұдан басқа, қаладағы кітап дүкендерінің сөрелерінде қазақ халық ертегілері туралы кітаптар жоқ. Мен бала тәрбиелеп отырған жас ана болғандықтан 4,5 жасар балама көркем безендірілген қазақша ертегі тауып бере алмай отырмын. Амалдың жоғынан «Теремок», «Гадкий утёнок», «Русалочка» сияқты  ертегілер оқып беріп, жат жұрттық мәдениетті санасына сіңіріп отырмын, әлі де сіңірудемін. Біліп тұрып, қолдан мәңгүрттеу секілді. Соңғы кезде «ең құрығанда түрлері қазаққа ұқсайды ғой» - деп Қытайдың көркем безендірілген, қазақ тіліне аударылған халық ертегілерін сатып алатын болдым.

Мен соңғы бірнеше ай бойы шарқ ұрып, қазақтың халық ертегілерін іздеп келемін. Қаламыздағы кітап дүкендерінің барлығын араладым. Еріксіз кітап дүкендері бойынша сарапшы болдық. Астана қаласында барлығы 20 кітап дүкені бар екен, олардың 8-і «Меломан» желісіне, 4-і «Книжный эльдорадо» желісіне тиесілі, қалған 8-і өзге де ірілі, ұсақты дүкендер. «Меломаны» бар ма, «Книжный эльдорадо» ма, «Книжник», «Білім», «Астана кітап», «Алматы кітап», «Книголюб», «Учебник», «Книжный» бәрін тегіс аралап, көркем безендірілген қазақ халық ертегілерін таба алмадым.

Есесіне, осы дүкендерде батыстың көркем безендіріле отырып, қазақ тілінде шығарылған ертегілерінен көз сүрінеді,  өте көп. Ал олардың  барлығы өз мемлекетіміздің қолдауымен шығарылған екен (ол туралы осы ертегі кітаптарының алғашқы беттерінде белгі бар). Мысалы, «Ақшақар мен жеті гном», «Қалайы солдат», «Ұсқынсыз үйрек балапаны», «Түймеқыз» және басқа да көптеген батыс ертегілері өз мемлекетіміздің қаражатына, қазақ тілінде, көркем альбом пішінінде шығарылып отыр. Кітап дүкендерінің «VIP» сөрелерінде мен мұндалап, тізіліп тұр. Бұлардан гөрі бірінші кезекте сөрелерде өзіміздің қазақ халық ертегілерінің болғанын қалаймыз.

Отандық «Балапан» телеарнасындағы мультфильмдердің де сапасы сын көтермейді, балалардың көпшілігі бұл іш пыстыратын телеарнаны көрмейтіні енді жасырын емес.

Атап өту қажет, соңғы кезде «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» деген тәп-тәуір мультфильм көрсетіліп жүр. Балалар өте жақсы қабылдайды. Бірақ, құдды бір алтын қазынаға ұқсатып, күніне 5 минуттан там-тұмдап көрсетіп қояды. Енді басталды ғой дегенде көзден ұшқан сағымдай жарқ етіп, жоқ болады. Сірә, бәрін лақ етіп көрсете салуға қимайтын көрінеді. Бітіп қалса басқа сапалы қазақи мультфильм жоқ деп, үнемдеп көрсетіп отырса керек.

Есесіне «TiJi» «Nickelodeon», «Cartoon Network», «Gulli», «Boomerang» «Карусель», «Детский мир» телеарналары дүркіретіп, тәулік бойы үзбей жын-ойнақтың мультфильмдерін береді. Тіпті ең сорақысы, балаларға арналған «4х4» телеарнасындағы мультфильмдер жыныстық қатынасқа жақын дүниелерді көрсетіп отырса да ешкім (қоғам) үндемейді.

Осының салдарынан бүгінгі күні мүлдем тәрбиелік мәні жоқ «Спанч боб», «Губка боб», «Свинка пеппа», «Сам-сам», «Маша и медведь» сияқты әпербақандар балалардың сүйікті кейіпкерлеріне айналып отыр. Интернет желісінде де осы сияқты мультфильмдерден көз ашпайсыз. Ал олардың теріс екенін түсініп, балдарын теріс бағыттан бұрып әкететін бірқатар ата-аналардың сиқы «Дениз», «Фатмагуль»,  «Жанан» сияқты түрік сериалдарын көруден немесе жұмысбастылықтарынан қолдары тимейді.

 

Құрметті Мұхтар Абрарұлы!

 

Сізді тек мемлекеттік қайраткер ғана емес, ұлттық құндылықтарды жанымен терең түсінетін, оларды жүрегімен сезінетін, қазақша ойланатын еліміздің зиялы тұлғасы ретінде танимыз.

Сондықтан, жеке Өзіңіз атсалыса отырып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде мына мәселелерді шешуге ықпал етуіңізді өтініп сұраймын:

Біріншіден, мемлекеттің қолдауымен кітап дүкендерінің сөрелеріне көркем безендірілген қазақ халық ертегілері қойылса, саналуан түрлері көптеп қойылса екен дейміз.

Екіншіден, мемлекеттің қолдауымен батыстың шексіз сериялы мультфильмдерінің аналогы бойынша қазақтың ұзақ сериялы мультфильмдері шығарылса екен дейміз.

Үшіншіден, отандық «Балапан» телеарнасы «TiJi» «Nickelodeon», «Cartoon Network», «Gulli», «Boomerang» «Карусель», «Детский мир» телеарналарымен бәсекеге қабілетті болуын қалаймыз. «Балапанның» тәуліктік эфирге шығу уақытының  70%-ын  қазақтың  ұлттық  мультфильмдері, сапалы мультфильмдері құрағанын қалаймыз.

Төртіншіден, «TiJi» «Nickelodeon», «Cartoon Network», «Gulli», «Boomerang», «4х4» телеарналарында көрсетілетін күмәнді мультфильмдерге психологиялық, идеологиялық сараптама жасап, қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданса екен дейміз.

Бесіншіден, мемлекеттің қолдауымен шетелдік мультфильмдердің сапасымен тең келетін қазақи, тарихи, ұлттық мультфильмдер көптеп шығарылып, олар Астанадағы, тіпті республика аумағындағы кинотеатрлардың анимациялық фильмдер топтамасында тұрақты түрде коммерциялық негізде көрсетілсе екен.

 

Көтеріліп отырған мәселелерді Президент Әкімшілігінің тиісті бөлімдерінде немесе құзырлы мемлекеттік органдардың деңгейінде емес, қазақтың рухани жанын түсінетін тікелей Өзіңіз ғана қарап, саяси шешім қабылдауыңызды және мәселені Өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын.

Нақты жауапты баспа және электронды ақпарат құралдарына ашық түрде жариялауды сұраймын.

Байғараева Мария Спатайқызы

Астана қаласының тұрғыны

18.08.2012 ж.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391