Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3643 1 пікір 17 Желтоқсан, 2021 сағат 15:14

Мәдениет үйлерінің іші – халыққа, сахнасы өнерге толды

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін экономикалық тығырыққа тап болды. Зауыт-фабрикалар тоқтап, халық күнкөріс қамымен дала кезіп кетті. Мәдениет, өнер, руханият саласының халі тіпті мүшкіл еді.

Алайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұтқыр шешімдерінің арқасында, азғантай уақыттың ішінде экономиканың дамуы жаңа қарқынға түсті. Елде саяси реформалар қолға алынып, халықтың тұрмысы жақсарды. Мәдениетке жан бітіп, ел азаматтарының дүниетанымы кеңейді.

– Ең бастысы тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ешқашан да жоғалтпауымыз қажет және оны терең түсіне білуіміз керек. Алғашқы жылдары көп қиыншылық көрдік. Рухани салаларымыз дерлік ақсап жатты. Ауыл-ауылдардағы дүркіреген мәдениет үйлері тұтастай жабылып, мейрамханаларға, дүкендерге айналып кеткенін көрдік. Кітапханалар жабылып, кітаптар отынға кеткен кездер де болды. Мұның бәрі жүрекке ауыр тиді, бірақ біз бұл қиыншылықтан еңсемізді түсірмей өтіп шықтық, –  дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сайлау Камиев.

Елордалық «Бәйтерек» тобының әншісі Сайлау Камиев бүгінде елдің түпкір-түпкірінде жағдай жақсарғанын айтты. Оған гастрольдерге шыққан сапарларында көрген сәттері дәлел болған.

– Тоқсаныншы жылдардың басында жоғалып кеткен дүниелердің барлығы қазір аяғынан тұрды. Қалада болсын, ауылда болсын, мәдениет үйлерінің тамаша ғимараттары салына бастады. Олардың іші – халыққа, сахнасы өнерге толды. Біз әлемнің тең мүшесіне айналдық. Қазақ өнеріне дүйім жұрт сүйсініп қарайтын болды. Димаш оның бір ғана дәлелі. Кино саласы да бір төбеге айналды. Мұның барлығы да тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін, – дейді режиссер Сайлау Камиев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434