Жұма, 22 Қараша 2024
Ақмылтық 8472 15 пікір 27 Желтоқсан, 2021 сағат 14:07

«Новая газета»: Қазақстан мен Ресей енді дос емес!

Жуырда Ресейлік «Новая газета» басылымы: «Шыда, қазақ! Мәскеу мен Нұр-Сұлтан арасынджа енді достыұқ жоқ», - атты мақала жазып жариялапты. Мақала авторлары – Вячеслав Половинко, Наталья Глухова екен. Біз аталған материалды қаз-қалпында Abai.kz оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдік.

Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның арасында енді достық жоқ. Улы серіктестік: Ресей мен Қазақстан бір-бірін жек көреді.

Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты кезінде «шетелдік агенттіктердің» сұрақ қоюына уақыт табылмады. Бірақ, «Қазақстан» телеарнасының журналисті Индира Бегайдарға уақыт табылды. Байқоңырда бірлескен жұмысты дамыту туралы сұрақ кезекші сұрақтардың бірі, дегенмен Путин жауап беру кезінде көршілеріне бірнеше белгі беріп жауап берді.

Иә, Путиннің пікірінше, Қазақстан негізгі одақтастардың бірі, сонымен бірге, Ресей президенті өзінің қазіргі әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевтың аты-жөнін бірде-бір рет атаған жоқ (есесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын  үш минуттық жауап кезінде бірнеше рет ыстық ықыласпен атап өтті). Сондай-ақ, Путин Қазақстан билігіне орыс тілін сақтағаны үшін ризашылығын білдірді. «Қазақстан- толық мағынада орыс тілді ел!»— деді.

Осы аптада Думада ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі бейінді Комитеттің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстандағы жарнама маңдайшаларын қазақ тілінде жазуды талқылады. Желтоқсан айының басында республикада жарнама маңдайшаларының қазақ тілінде жазылуын реттейтін заң қабылданды. Ресей депутаттары мемлекеттік тілдегі маңдайшалар міндетті, ал басқа тілдерде қажеттілігіне қарай міндетті болатынана шамданды. Президент Тоқаевтың кеңесшісі Дәурен Абаевтың орыс тіліндегі маңдайша жазуларға ешкім тиіспейтіні туралы мәлімдемесі думалықтарды сабасына түсірмеді. Олар тағы да «орыс тілін кемсітуді» желеу етіп, желтоқсан бойы бас қатырды.

Тіпті, мәселе ашықтан-ашық қорқытып-үркітуге дейін жетті. Комитет төрағасының орынбасары Донбастағы оқиғаның негізгі кейіпкері Александр Борадай:

«Мен азиялық менталитетті жақсы білемін, өкінішке қарай, олар тілдің күшін пайланады. Бұл күш міндетті түрде көрінбеуі керек, бірақ қолдану мүмкіндігі көрсетілуі керек. Олардың әлсіздерге құрметі жоқ.. Александр III айтқандай, Ресейдің одақтастары оның армиясы мен флоты болып қала бермек. Өкінішке қарай, бізде одан басқа шынайы одақтас жоқ», - депті.

Ал оның тікелей басшысы, Мемлекеттік Думаның депутаты Константин Затулин пікірін жұмсақ жеткізді, алайда Ресейге Қазақстанда болып жатқан жағдайлар ұнамайтынын нақты айтқан.

«Бізді Қазақстандағы әріптестеріміздің орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылатынына сендіреді. Дегенмен, бізге белгілі соңғы уақытта тек қазақ тілінің ғана жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шешімдер қабылданып жатыр. Бұл орыс тілінде сөйлейтіндердің жүйкесін жұқартады. Біз келесі жылы, жаңа жылдан кейін, осы жағдайды анықтау үшін қажетті ақпаратты сұрауға, қажетті байланыстарды жүзеге асыруға келістік», - дейді Затулин.

Нұр-Сұлтан мұндай тұспалдарды жақтырмайды. Ең радикалды айтылған сөздер бұғатталады. Апта ішінде Қазақстанның ақпарат комитеті ел аумағында Александр Прохановтың «Ертең» газетінің сайтын ресми түрде бұғаттады. Қыркүйек айында сайтта Урал мәдениеттанушысы Евгений Фатеевтің мақаласы жарық көрген. Онда автор Ресей билігін «Қазақстанның украиналануын» тоқтату үшін республикаға барынша қысым көрсетуге шақырған. Қазақстан осындай сарындағы баспасөзбен  күресуге дайын, бірақ «одақтас» билігінің күшейіп келе жатқан қысымына не істеуге болады? Нұр-Сұлтан Мәскеумен керісіп қалғанда әрдайым Мәскеу жеңіп кете беретінін түсінер емес.

Қазақстан мен Ресейдің жайма-шуақ қарым-қатынасына өткен жылы Мемлекеттік Думаның бірнеше депутаты Қазақстаннан жерді тартып алу керегін ашық айтқан кезде қара бұлт торлады.

Ол жанжал тез басылды, бірақ осы жаздың ортасында ресейлік БАҚ көрші республикадағы «тілдік патрульдер» тақырыбын белсенді түрде көтере бастады. Әңгіме өзара байланысы жоқ белсенділер туралы болды. Олар азық-түлік дүкендерінің қызметкерлерінен  қазақ тілінде жауап беруді талап еткен. Бүкіл процесс камераға түсіріліп, содан кейін YouTube-тағы арнайы арнада жарияланған.  Арнаның негізін қалаушы, эксцентрлік белсенді бұған дейін өз елінде де аса танылмаған Қуат Ахметов бір түнде көрші елдің «зұлым жұлдызына» айналды. Нәтижесінде Ахметовке ұлтаралық араздық туралы қылмыстық іс қозғалды, кейін ол жедел елден кетті. Бірақ оның іс-әрекеті елде  «ксенофобия» бар деген атты таңып берді. Бұл сөзді Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі ел арасындағы қарым-қатынастың 29 жылдығына арналған мерекелік мақаласында қуана-қуана қолданды.

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева (Назарбаевтың үлкен қызы) да көпшілік алдында сөйледі. Ол Лавровқа «ксенофобиялық көріністер орын алатын» өз еліне қарауға кеңес берді. «Сергей Викторович былай деп жазды: кейбір жағдайлар көбінесе сырттан арнайы ақпараттық әдістерді қолданудың нәтижесі болып табылады. Менің білуімше, мұндай жағдайларға Ресейдің ресми реакциясы егер «сыртқы агенттер шынымен болатын болса» олардың диверсиялық жұмысы өз мақсатына жеткенін дәлелдейді», - деп ашық айтты Назарбаева.

Бастапқыда Ресейдің ұлттық картасы туралы оқиғалар Мемлекеттік Дума сайлау алдында жасалған әдістің бірі деп есептелген (мысалы, Қырғызстанда да болған), бірақ  екі жақтың бір-біріне деген өткір риторикалары жағдайдың біршама күрделі екенін көрсетеді.

«Қазақстан, Кеңес Одағының ыдырауынан неғұрлым алыс болса, соғұрлым өзін шынайы тәуелсіз мемлекет мәртебесінде бекітуге тырысады және Ресей полюстердің бірі болып табылатын сыртқы саяси бағдарлаудың көпвекторлы трендін бекітеді, бірақ соған қарамастан Қазақстан ынтымақтасуға немесе сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысатын әлемдік күш орталықтарының арасында тек бір полюс болып табылады. Әрине, әңгіме Қытай, Америка Құрама Штаттар мен Еуроодақ туралы. Ресей мұнда төртінші полюс, әлемнің төрт жағы сияқты», - дейді саясаттанушы Аркадий Дубнов.

«Қазақстан  Батыс векторын, атап айтқанда кириллицадан латын әліпбиіне көшу арқылы белгілеуге деген ұмтылысты растап отыр. Бұл, жалпы алғанда, Қазақстанның технологиялық және инновациялық жетістіктері бар әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болуға ұмтылысының елеулі белгісі. Бұл басқарушы ресейлік элитаның шамына тиіп отыр. Олар мұны Қазақстанның Ресейдің ықпал ету орбитасына кіруден сөзсіз бас тартуы ретінде қабылдайды», - дейді саясаттанушы.

«Мәскеу Орталық Азия елдерінің өз саясаты және өз пікірі бар екенін елестетеде алмайды», - деп санайды Дубнов. Бұл Ресей АҚШ пен НАТО-ның шығысқа қарай одан әрі кеңеюіне ультиматум берген кезде айтарлықтай байқалды.

«Аумақтық шағымдар кез-келген уақытта жаңа күшпен өршуі мүмкін, әсіресе, Мәскеу іс жүзінде бұрынғы кеңестік республикаларға Тәуелсіздік шарасын көрсету құқығы туралы бұрынғыдан гөрі әлдеқайда қауіпті сұрақ қойған кезде. Америкалықтармен жасалған келісім жобаларының бірінде «Ресей Америка Құрама Штаттарынан КСРО құрамына кіретін және бүгінде НАТО-ға кірмейтін бұрынғы елдердің аумағында кез-келген әскери ынтымақтастықтан, кез-келген әскери қызметтен бас тартуды талап етеді», деп жазылған. Мұндай елдердің қатарына, әрине, Қазақстан да кіреді. Бұл Мәскеу өзін Қазақстанның сыртқы саяси қызметі мен бағдарына қоюға құқылы деп санайтын соңғы шектеу, өте маңызды жағдай. Менің ойымша, соңғы уақыттағы барлық осы белсенділік Ресейдің, атап айтқанда, Қазақстанды ерекше мүдделер аймағы деп санау құқығын заңды түрде бекіту туралы өте қатаң талабына тек «артиллериялық дайындық» болды», - деп ескертеді Дубнов.

Қазақстандық билік, егер Дариға Назарбаеваның айтқанын санамасақ, ашық қақтығысқа барғысы келмейді және салыстырмалы түрде тыныш асимметриялық шаралар жүргізуде. Ресей депутаттарының аумақтық наразылығынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи мақала шығарды. Онда өткеннің қазақтарға қарсы қылмыстарына кімнің кінәлі екенін мұқият түсіну керек деп атап өтті. Бірінші кезекте 20-шы жылдардағы ашаршылыққа байланысты. Бірақ, сонымен қатар, қазақстандық билік де-факто арқылы ашаршылық туралы ғылыми пікірталасқа санкция берді (республикада ол «Ашаршылық» деп аталады). Биліктің қолдауымен тіпті, ашаршылық туралы құжаттар жиналып көптомдық шығарма шығарылды және бұл Ресейдегі Қазақстанның дербес ел екеніне қарсылардың ашуына қатты тие түсті.

Бұдан басқа, «тілдік патрульдердің» идеялық қуат беруші Қуат Ахметовтің Қазақстаннан кету уақытында, қазақстандық сегментінттегі әлеуметтік желілерде Ресейдің жалауын көтеруші  белсенді Ермек Тайшыбеков жеті жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды. Мүмкін, бұл Ресейдің Қазақстан тарапынан алған ең қатал жауабы болар. 2015 жылы берген сұхбатында Тайшыбеков өзінің басында телевизиялық насихаттан басқа идеологиялық негіз жоқ адам екенін көрсетті.

Көрші табанының астында

Өкінішке орай, қазақстандықтар үшін республика билігінің батылдығы іс жүзінде осымен аяқталады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстан, Ресей ірі сауда серіктесі болмаса да, Еуразиялық экономикалық одаққа кірген кезден бастап көршілеріне қатты тәуелді. Иә, өзінің «көпвекторлығын» қолдана отырып, Қазақстан басқа одақтастарды (соның ішінде экономикалық) іздестіруге тырысуда. Соңғы бірнеше айда негізгі скрипканы Түркия мен Ердоғанның өзі ойнайтын түркі халықтарының одағы туралы әңгіме айтарлықтай өсті. Бірақ, Ресеймен байланыс мұнымен үзілмейді, ал Мәскеу оның республикаға әсері одан да күшті болуы үшін бәрін жасайды. Атап айтқанда, Ресейдің Қазақстанның оңтүстігінде АЭС салу жобасын жасап жатқандығы жасырын емес. Билік станцияны кім салатыны әлі шешілмегенін алға тартып, алдаусыратқанымен бәрі белгілі.  Сонымен қатар, елдегі электрондық үкімет жүйелерін «Сбербанк» ұйымдастырады.  Республикадағы билікке адал кейбір сарапшылар оны «қауіпті» деп санайды.

Ақыр аяғы Қазақстандағы коронавирус жағдайының жақсарғанына қарамастан, Мәскеу көрші елмен шекараны ашуға тырыспады. Әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілмеген (бұл билеттердің күрт қымбаттауына әкелді). Жердегі өткізу пункттері арқылы да көп адамның жүруіне рұқсат жоқ. Сонымен қатар, Ресейде әлі күнге дейін Қазақстаннан вакцинациялау паспорты заңды түрде танылмаған және республикадағы вакцинациялардың көпшілігін ресейлік «Спутник» жүзеге асырады.

Мұның бәрі Ресейдің Қазақстанның қорқынышын бақылауда ұстап отырғанын көрсетеді.

«ЕАЭО аясындағы экономикалық әлсіз ойыншы бола отырып, Қазақстан өз егемендігінің бір бөлігін жоғалтып алған сияқты», - дейді саясаттанушы Досым Сатпаев.

«Ал, ҰҚШҰ-ға кіре отырып, Қазақстан өзінің әскери саясатын қалыптастыру саласында тәуелсіздігінен айырылып қалуы мүмкін. Экономика және қауіпсіздік – бұл егемендіктің қос тірегі», - дейді Сатпаев.

Мәскеудің айғай шуымен республика ішінде шиеленіс жасау Кремль үшін тиімді. Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Владислав Сурков өзінің соңғы мақаласында айтқандан «хаос экспорты» арқылы көрші елді әлсіретудің бір жолы.

«Бұл шиеленістер белгілі бір уақытқа дейін — ең болмағанда Нұрсұлтан Назарбаевтың тірі тұрғанына дейін болады. Екі көшбасшының өте жылы қарым-қатынасын екі тарап үнемі атап өтеді.  «Құдай берген көрші», - деген Назарбаевтың Путинге қаратып айтқан сөзі жергілікті «мемге» айналып кеткен.

Сонымен қатар, Назарбаев ковидпен ауырған кезде, бұрынғы президенттің айтуы бойынша Қазақстанға дәрігерлерді Путин жіберген. Екі адамның жылы қарым-қатынасы есебінен Қазақстан әлі де ел ретінде тең серіктес ретінде жүре береді», - дейді саясаттанушы Сәтпаев. Бірақ бұл, әрине, уақытша.

«Назарбаевтың патриархтардың бірі ретінде Путинді әлі күнге дейін басына алмайды. Одақты сақтап қалудың жақтаушысы болған Назарбаев факторы КСРО-ның жаңа реинкарнациясының формуласын армандайтын Путинге көмек бола алмады. Сондықтан, Назарбаевтың беделі Ресей мен Қазақстанның қарым-қатынасына әсер ететіні сөзсіз. Бірақ, Назарбаевтың биліктен бірте-бірте кетуінің осы транзиттік кезеңінде ол, жалпы алғанда, Нұр-Сұлтанның өзінің егемендігін одан әрі бекіту әрекетін бәсеңдетуі тиіс еді. Назарбаев бұл демпфирлеуге қандай да бір жолмен ықпал етуге тырысады», - деп түсіндіреді Аркадий Дубнов.

«Бұл қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үшін жағымсыз жаңалық, ол сыртқы саясаттағы президенттігінің үш жылында Назарбаевтың көлеңкесінен шықпады (тым дипломатиялық). Путин үшін ол тең емес», дейді «Новая газета" сарапшылары. Олар құрдас болса да «оларда ортақ құмсалғыш жоқ», - дейді.

Екінші жағынан, егер ол басқа да ірі геосаяси ойыншылармен Қазақстан аумағында «Ресейге қарсы салмақ салу» туралы уағдаласа алатын болса (Назарбаев қартайған кезге дейін осылай жасаған), дәл осы дипломатия Тоқаевтың қолында болуы мүмкін. «Ресеймен, Қытаймен, Түркиямен және Еуропалық одақпен қарым-қатынасты бірдей жүргізуге тырысу керек», - деп болжайды Досым Сатпаев.

«Әрине, ішкі әлеуметтік саясат Сыртқы ойыншылардың елдегі жағдайға қандай да бір жолмен әсер ету мүмкіндігі болмайтындай етіп дамуы керек». Соңғы, әрине, проблемалар бар: соңғы жылы Қазақстанда өмір сүру деңгейі — экономикалық та, тұрмыстық та — одан да қатты төмендеді. Ресейде жағдай біршама жақсырақ болса да, ол екі елде өмір сүру деңгейін салыстырудың үгіт-насихат шайқасында жеңіске жетті. Қазақстандың билікке жетпейтін бір нәрсе болса, ол - уақыт.

Иә, Ресейдің ішкі саясатқа әсері табиғи түрде әлсірейді. Тіпті ресми халық санағы елдегі мемлекет құрушы ұлт өкілдерінің үштен екісінен астамын көрсетті. Шын мәнінде, бұл сан әлдеқайда үлкен және одан әрі өседі. Бірақ мұны Ресей де түсінеді, ал Кремль қазір өзінің бұрынғы колониясына осы елдің азаматтары қалағандай өмір сүру құқығын оңай беру үшін эмоционалды дайын емес.

«Қазақстан мен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасы — күйеуі мен әйелінің ажырасу алдындағы қарым-қатынасы», - дейді Досым Сатпаев. - Ия, олар әлі де бірге өмір сүруге тырысуда, бірақ қара мысық қазірдің өзінде жүгіруде. Мүмкін, болашақта біреу ажырасу процесін бастағысы келеді. Мүмкін бейбіт, мүмкін қатал». Бұл ұқсастық бәріне жақсы, тек біреуінен басқа: неке 30 жылдан бері жоқ, ал көп әйел күйеуі әлі күнге дейін оның барлық әйелдері оған тиесілі деп санайды. Абьюзивтік дипломатия дәуірі-қызу жүріп жатыр.

Айжан Темірхан

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321