Жұма, 22 Қараша 2024
Дей салдым-ау 6303 26 пікір 3 Қаңтар, 2022 сағат 16:38

Үкіметті кім басқарады?

Белгілі саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram арнасында  өткен 2021 жылды қорытындылап, келер жылдағы саяси оқиғалар мен ауыс-түйістерге қатысты өз болжамын жариялапты. Біз Ербол Еділовтің осы бір саяси болжамын қазақшаға аударып, Abai.kz оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

Тоқаевты барлық элиталар мойындауға мәжбүр

Осы уақытта жыл қорытындысын шығару деген әдет қалыптасқан. Әсіресе, маңызы бар оқиғалар қамтылса, әсілі бұл дұрыс әдет. Бірақ, бүгін мен өткен жылдың қорытындысына емес, келер жылдың болжамына мән бермекпік. Өткен өтті, болашаққа қарау керек демекші, дұрысы жақын болашаққа қарау керек.

Десек те 2022 жылға тікелей әсер ететін 2021 жылдың кейбір нәтижелерін атап өту керек секілді. Бұл тұрғыдан алғанда, менің ойымша, өткеннің ең маңызды саяси оқиғасының бірі Елбасының Қазақстан халқы ассамблеясы көшбасшысы және Nur Otan партиясы төрағасы өкілеттіктерін қазіргі Президентке беруі.

Билік партиясын басқару туралы шешім съезде мақұлдануы керек екені түсінікті, бірақ бұл оқиға арқылы жақын болашаққа бағытталған көптеген саяси болжамдар жасауға болатынын айтқым келеді. Қысқасы, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделі сөзсіз нығайғанын, оны барлық элиталар мойындағанын білдіреді.

Жарты жылсыз Үкімет ауыспайды

Осы жерде айта кету керек, өткен жылы Президент пен оның әкімшілігі негізсіз сынап-мінеуді қоспағанда қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған жоқ. Бұл сондай-ақ, Тоқаев пен Президент әкімшілігінің жұмысы жақсы атқарылып, жемісін бергенін көрсетеді. Үкімет көп жағдайда қарсылыққа ұшырап отырды. Бірақ, кейде мемлекет басшысының ескертулерінен кейін болса да, министрлер кабинетінің мүшелері жылдам әрекет еткендерін мойындау керек.

Жалпы, менің ойымша, Маминнің Үкіметі 2021 жыл бойына болған көптеген қиындықтар мен дағдарысты жеңе білді. Осы тұрғыдан қарағанда кейбір саясаттанушылар мен «диван сарапшыларының» жорамалдарына сүйеніп, Үкімет басшысы мен Үкімет құрамы толықтай кетеді деуге әлі ерте. Жақын аралықта, кем дегенде жарты не бір жыл өтпейінше Премьер-министр ауысады деп күтпеуге де болады. Бұл оның жұмысы Ақорданың көңілінен шыққанына және дәл қазіргі уақытта орын ауыстыру орынсыз болғанына ғана байланысты емес, жақын болашақтағы кейбір саяси себептерге де байланысты.

Келесі Премьер кім болса, келесі Президент те сол болады

Мысалы, мен Үкіметтің келесі басшысының (Маминнен кейін) елдің келесі Президенті болуға үлкен мүмкіндігі бар деген пікірді қолдаймын. Әрине, көптеген нюанстар, субъективті және объективті сәттер болғанымен, бұл пікірді есептен шығарып тастауға болмайды. Сонымен бірге, Премьер-министрдің кандидатурасын бекітуде Парламент Мәжілісінің үлкен рөлін ескеру қажет. Жоғарыдағы айтылғандарға қарамастан, біздің Үкіметті келесіде кім басқаратынын болжап көрдім. Кейбір саясаткерлер көптеген нұсқаларды ұсынды, бірақ ол «кофемен бал ашуға» көбірек ұқсайды.  Бірақ ертеңгі күні бәрі түбегейлі өзгеріп кетуі мүмкін екенін, әрі біздің қазіргі жағдайымызды ескере отырып сіздерге екі – үш нұсқаны ұсынамын. Сонымен қатар, мүмкіндік тәртібі бойынша емес, саяси жағдайды ескере отырып ұсынамын.

Сонымен, үміткерлердің бірі – Әлихан Смайылов. Бұл, айталық, техникалық нұсқа. Бір жағынан, Премьер-министрдің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген кезде ол айтарлықтай тәжірибе жинады, ал екінші жағынан, дәстүр бойынша бірінші Вице-премьер көтеріліп, Премьер-министр болуы мүмкін. Сондай-ақ, 2003 жылы ол Сыртқы істер министрлігінде Тоқаевтың орынбасары болғанын атап өткен жөн.

Ерболат Досаевтың да Үкіметті басқаруға жақсы мүмкіндігі бар, әсіресе, жаңа министрлер кабинеті күрделі экономикалық міндеттерді шешуі тиіс екенін ескерсек, Досаевтың тәжірибесі бұл жерде өте жақсы көмектесе алады.

Осы лауазымға келеді деп ұзақ жылдар бойы болжанып келген Өмірзақ Шөкеевті көптеген адамдар үміткер ретінде атайды.

Мұнымен келісемін, дегенмен сенім тудырмайды. Ия, ол Түркістан облысының әкімі ретінде, ең алдымен идеологиялық тұрғыдан, өзін өте жақсы көрсетті. Түркістан Түркі әлеміндегі өз ұстанымын нығайтып, бүкіл әлемнің (тек түркітілдес елдер ғана емес) назарын өзіне аударды. Бірақ Шөкеевтің мүмкіндігі, шынын айтқанда, соншалықты көп емес, оның ішінде жасына да байланысты.

Осы тұрғыдан Мәжілістің Премьер-министр лауазымына үміткерді бекітудегі рөлін еске алсақ Нұрлан Нығматулин үлкен мүмкіндікке ие. Бірақ қайталап айтқым келеді, жақында Маминның кетуі екіталай, егер жақын болашақта кететін болса, онда Смайылов негізгі кандидат болмақ. Ал, егер кейінірек кететін болса «келесі премьер-келесі президент» формуласын еске түсірген жөн.

Үкіметбасына Кәрім Мәсімовті келеді деген бір-екі болжамды көрдім. Иә, оның бұл жағынан көп тәжірибесі бар әрі мұндай жауапкершілікті алуға дайын, дегенмен бұл екіталай. Сонымен қатар, Кәрім Қажымқанұлы ҰҚК төрағасы қызметінен кетуі мүмкін. Объективті түрде айтқанда, ол «өтпелі кезеңді» құру және өткізу бойынша өзіне жүктелген міндетті сәтті орындады, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік бойынша, оның ішінде геосаяси мәселелерге байланысты басқа да көптеген міндеттерді орындады. Мәсімов қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынын алуы мүмкін.

Ал, оның орнына кім келуі мүмкін? Бұл жерде 6 жыл бойы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келе жатқан Самат Әбіштің кандидатурасы туралы айтуға болады. Оның бұл жағынан «айқын және жасырын» көптеген артықшылықтары бар. Ең алдымен, ол кәсіпқой, барлық деңгейдегі әріптестері арасында беделді һәм құрметке ие, беделіне дақ түспеген, оның үстіне қазіргі генерал-лейтенант атағы оған Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік күштерінің басқа бағыттары туралы айтуға әлі ерте. Бірақ жаңа Бас прокурордың келуін күтуге болады деп ойлаймын. Ол қазіргі уақытта Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, сонымен бірге, Президенттің көмекшісі Әсет Исекешев болуы мүмкін. Ал, Ғизат Нұрдәулетов өз кезегінде ҰҚК-ге (Әбіштің орнына) оралуы немесе сол Қауіпсіздік Кеңесіне-хатшының бірінші орынбасарлығына баруы мүмкін.

Бауыржан Байбек өзінің саяси қызметінен кетеді деп үлкен ықтималдықпен айтуға болады, бірақ ол нақты қайда баратынын әзірге айту қиын. Оған әлеуметтік блокты басқаратын Үкімет басшысы орынбасарының орыны беріледі деп болжауға болады, бірақ, ең алдымен, саяси өмірбаяны және Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары ретінде жинаған тәжірибесі оны бірінші Вице-премьердің лауазымынан төменге баруына мүмкіндік бермейді. Бірақ сонда да, оған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ету бойынша тәуелсіз өкілеттіктерді жүктейді.

Оның орнында жалпыұлттық ауқымда идеологиялық блокты өте жақсы жүргізген Ерлан Қаринді көру қисынды болар еді, ол президент сайлау науқаны кезінде де мақсатты түрде идеологиялық блокта жақсы жұмыс атқарды. Сонымен қатар, Қарин Мемлекеттік хатшы қызметіне де ие бола алады. Егер Үкіметтегі қоғамның үнемі сынына қалатын орын туралы айтатын болсақ, онда Ақпарат және қоғамдық даму министрінің лауазымы дер едік.

Жалғасы бар…

Дайындаған Айжан Темірхан

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322