Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2582 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 18:30

Қос командадан қайыр болмады

Футболдан Еуролига ойындарының жаңа маусымын жерлестеріміз жап-жақсы бастаған еді. Көкшетаудың «Оқжетпесі» сырт алаңда Молдованың «Зимбру» клубын 2:1 есебімен ұтса, Павлодардың «Ертісі» Венгрияның «Халадашынан» 0:1 есебімен ұтылды. Осы нәтижелерге қарап, қазақстандық командалар келесі айналымға шығуға тиіс деп алдын ала тон піштік. Алайда қарымта кездесуде жерлестеріміз жігерсіздік танытып, жарыс жолынан шығып қалды.
«Ертістің» қарсыласы – «Халадаш» (Сомбатхей, Венгрия)
Құрылған уақыты: 1919 жыл
Ең үздік көрсеткіші: Венгрия чемпионатының қола жүлдегері (2008/2009). Венгрия кубогының үш дүркін финалисті (1975, 1993, 2002).
Команданың бапкері: Аурель Чертой
Команданың ең үздік ойыншылары: Атилла Куттор, Балац Молнар, Кристиан Кенеши.
«Халадаш» Еуроапа кубогы иегерлерінің кубогы үшін бәсекеде бір мәрте күш сынасты. 1975/76 жылдардағы маусымда аталмыш клуб бірінші айналымда Мальтаның «Валеттасын» ұтып, (7:0, 1:1), екінші кезеңде Австрияның «Штурмына» ұтылды (0:2, 1:1)

Павлодардағы стадион халықаралық талапқа сай болмағандықтан «Ертіс» қонақтарды Қарағандыда қабылдауға мәжбүр болды. Төреші белгі берген бетте-ақ жерлестеріміз қарсыластарының айып алаңына баса-көктеп кірді. Бірнеше рет олар қақпаға қауіпті соққы бағыттады. Алайда зымыраған доп бірде қақпашының олжасына айналса, енді бірде бағанадан санаулы сантиметр қисық кетіп жатты. Десек те, толассыз шабуылдың бірі өз жемісін берді. Қонақтардың қорғаныс шебінің қателігі салдарынан доп Игорь Юрин тұрған тұсқа келді. «Ертістің» ойыншысы мүлт кеткен жоқ.
Павлодарлықтар қуанып та үлгермеді. Арада төрт минут өткенде «Халадаштың» ең мықты ойыншысы Кристиан Канеши айып добын мінсіз орындады. Есеп теңескеннен кейін «Ертістің» футболшылары қонақтардың қақпасын қайта торауылдауға көшті. Бұл жолы да Игорь Юрин мергендік танытып, 2:1 есебімен өз командасын алға шығарды.
Екінші кезең жоғарыдағыдай «сценарий» бойынша өрбіді. «Ертіс» барлық күшін шабуылға жұмылдырды. Павлодарлықтардың есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болды. Бірақ венгриялық қорғаушылар өз алаңында өте сауатты ойнап, қауіптің бетін қайтарып отырды. Енді қонақтар шабуылдауды қойып, өз қақпасын аман сақтап қалуды көбірек ойлады. Керекуліктер қанша талпынғанымен, есеп өзгерген жоқ. 85-минутта «Ертістің» Еуролигадағы жарысты жалғастыруына тамаша мүмкіндік туындады. «Халадаш» қорғаушыларының қимылы сәл саябырсыған сәтін пайдаланған «Ертістің» бес бірдей ойыншысы қақпа маңына лап қойды. Әріптесінен пас алған Константин Заречный жақсы соққы жасады. Зымыраған доп бағанаға тиді. Есеп өзгерген жоқ.
«Оқжетпестің» қарсыласы – «Зимбру» (Кишенев, Молдова)
Құрылған уақыты: 1947 жыл
Ең үздік көрсеткіші: 8 дүркін Молдова чемпионы (1992 (көктем), 1992/1993, 1993/1994, 1994/1995, 1995/1996, 1997/1998, 1998/1999, 1999/2000). Сондай-ақ 5 рет күміс және 2 рет қола жүлдегер атанды. Молдова кубогының 5 дүркін иегері (1996/1997, 1999/98, 2002/2003, 2003/2004, 2006/2007).
Команданың бапкері: Иван Табанов
Команданың ең үздік ойыншылары: Олег Андроник, Вячеслав Софрони, Валери Онила. «Зимбру» Еурокубок жолындағы бәсекелерге үздіксіз қатысуда. Чемпиондар лигасы бәсекесінде екі рет (1999/ 2000, 2000/2001) үшінші кезеңге өтті. УЕФА кубогының 1/16 финалында (1995/1996) өнер көрсетті.
Еуропа лигасында ойнау мүмкіндігіне ойда-жоқта ие болған «Оқжетпес» өзінің алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізгеніне қарамастан жеңіске жетті. Көкшетаулықтар Молдованың әлденеше дүркін чемпионы «Зимбруды» ұтқанда кәдімгідей қуанып қалдық. Тіптен, шетелдік басылымдардың өздері осы матчты алғашқы айналымдағы басты сенсация деп бағалады.
Бірақ бұл «ертегі» көпке созылмады. «Зимбру» қазақстандықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соғып, діттеген мақсаттарына жетті. Ол голдың авторлары ағайынды – Олег пен Георгий Андроник. Жалпы, бұл матчта басымдық толық қонақтар жағында болды деп ойласаңыздар, қатты қателесіздер. «Оқжетпестің» жігіттері де бірнеше рет қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда оларға дәлдік жағы жетіспеді. Ел чемпионатында маңдытып өнер көрсете алмай жүрген көкшеліктер Еуропа лигасы жолындағы жарыста, тіптен сасқалақтап қалды. Екі гол да қақпамызға қорғаушылардың өрескел қателігі салдарынан соғылғанын айта кетуге тиіспіз. Есеп – 0:2.
Сонымен, қос командамыз жарыс жолынан шығып қалды. Енді Еуропа лигасы ойындарын екінші айналымнан бастайтын «Тобылдың» тілеуін тілейміз. Қостанайлықтардың қарсыласы тым күшті. Дмитрий Огайдың шәкірттеріне Түркияның әйгілі «Галатасарайымен» күш сынасуға тура келеді. Ал Чемпиондар лиагасына сынға түсетін «Ақтөбе» Исландияның «Хафнарфьордюр» клубымен шеберлік байқасады.

“Айқын” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434