Антитеррор: 14 облыста «қызыл» деңгей жойылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті террористік қауіп-қатердің төмендегенін мәлімдеді.
«Осы себепті Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан қаласының аумақтарында, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары лаңкестікке қарсы операцияның аяқталғаны және террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейінің жойылғаны туралы хабарлайды», - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Алматы қаласында және Алматы мен Жамбыл облыстарында наразылықтар кезінде қылмыстық әрекеттер жасауға қатысы бар адамдарды тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл аймақтар әлі де террорлық қауіп-қатердің «қызыл» деңгейінде тұр.
Abai.kz