Жұма, 22 Қараша 2024
Елім-ай 5130 19 пікір 31 Қаңтар, 2022 сағат 14:03

Парламентке үш ұсыныс

Жаңарудың жаршысы - ел мейрамдарын, әнұранды астана атауын туралау болсыншы...

БІРІНШІ) Ел өмірінде мемлекеттік, ұлттық мейрам, мерекелерлің үлкен орны бары айтпаса да түсінікті. Ондай күндер халық жадында сақталып, өмірдің белгісіне айналары сөзсіз. Олай болса, сол күндерімізді туралайық!

Қазіргісі:

1-2 қаңтар (январь). Жаңа Жыл. (Үйреншікті)
8 наурыз (март). Халықаралық әйелдер күні. (Шығу тегі күманды мейрам)
21-23 наурыз (март). Наурыз мейрамы.
1 мамыр (май). Қазақстан халқының ынтымақ күні.
7 мамыр (май). Отан қорғаушылары күні. (Ел аузында Д. Назарбаеваның туған күні)
9 мамыр (май). Жеңіс күні. (Бар әлем бұл күнді тойламайды).
6 шілде (июль). Астана күні (Ел аузында Н. Назарбаевтың туған күні).
30 тамыз (август). Конституция күні. (Бұрмаланды)
1 желтоқсан (декабрь). Тұңғыш президент күні (Маңызды емес).
16-17 желтоқсан (декабрь). Тәуелсіздік күні. (Ел аузында қаралы күндер).
Құрбан Айт. Бірінші күні
7 январь. Православиелік Рождество.

Барлығы: 16 күн.

Ұсынылады:

1-2 қаңтар (январь). Жаңа Жыл.
1 наурыз (март). Көрісу (14 март қате) және Отбасы күні.
21-22 наурыз (март). Наурыз мейрамы. (2 күн жетер, көктемгі науқан кезеңі)
1 мамыр (май). Қазақстан халқының ынтымақ күні.
8 мамыр (май). Екінші Дүниежүзілік соғыс қасіретін еске алу күні (Даңғаза мейрам емес)
1 маусым (июнь). Балалар күні.
7-8 қыркүйек (сентябрь). Қазақ мемлекеті күні (Кенесары сұлтанның хан болып сайланған күні)
25 қазан (октябрь). Республика күні. (Конституция күні де осында кірсін)
12-13 желтоқсан (декабрь). Алаш және ҚР Қарулы күштер-Күштік құрылымдар күні. (Алашорда өкіметі, Қазақ әскері құрылған күндер)
16-17 желтоқсан (декабрь). Бар қазақ қасіреті, Ашаршылық, репрессия, желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар құрбандарын еске алу күні. (Даңғаза мейрам емес, құран оқыту, қайырымды істер жасалуы қажет).
Құрбан Айт. Бірінші күні

Барлығы: 16 күн.

7 январь. Православиелік Рождество. (Жалпы емес сол дінді ұстанушыларға демалыс)
25 декабрь. Католик Рождествосы. (Жалпы емес сол дінді ұстанушыларға демалыс).


ЕКІНШІ) Ел астанасы атауы – АҚ ОРДА!


ҮШІНШІ) Ел әнұраны Алаш әнұраны:

...Кейінгі жылдары осы «Алаш гимні» табылды деген хабарға құлағымыз елең ете қалған еді! Оның біраз нұсқаларын да (Түркие қазақтарының; Талдықорғандық өлкетанушы Ж. Толымбековтың мәліметі бойынша, үш рет репрессияға ұшыраған, Ақсулық қарт - Дулатбек Толымбекұлы (1898-1968) айдалып барып, әйгілі «Беломор каналын» қазу кезінде, Карелия АССР-і, Словецскіде, Міржақыппен бірге болған екен. Көптеген өлеңдерін жатқа айтқан көрінеді, соның бірі осы гимн. Бұны жеткізуші ақсақалдың қыз-келіндері болған апалар; Жоламан Қажымановтың домбыраға қосыла орындауы т.б.) кездестірдік.  Негізі, бұлар, сол гимннің нұсқалары ма, нақты авторы (М. Дулат дегенге көбірек саяды) кім... анығын зерттеушілер айта жатар!

Мен өз тарапымнан біраз ескірген сөздерді қазіргі заманға сәйкестендіріп, өңдеуге талпындым және әуені де өңделсе деген ниеттемін! Тағы бір талабым авторлары ретінде Алаш арыстарын бөліп жармай бірге көрсетсек!

Алаш гимні

(Сөзі мен әні: Ә. Бөкейхан, М. Дулат, А. Байтұрсын)

Арғы атам ер Түрік, біз қазақ еліміз,
Асқар тау, шалқар көл, кең байтақ, жеріміз.
Ежелден ен жайлап, сайрандап, жайраңдап,
Ерке өскен даланың, еркесі, серіміз.

Ұрпағы Алаштың, бабалар кемеңгер,
Егеске ел бермес, шын туған ерен ер.
Бұғаудан босанған, біз долы арыстан,
Азатпыз бұл күнде, қалмасын іште шер!

Ат мінсек суылдап, жел болып шабамыз,
Лап етсек, от болып, дуылдап жанамыз.
Алаштың ақ туын, қолға алып, көтеріп,
Еліме жау келсе, шын ойран саламыз.

Ер Түркі ежелден, оқ тескен етіміз,
Қаймығып еш жаудан, қайтпаған бетіміз.
Жаусын оқ, ақсын қан, шықсын жан, қорқу жоқ,
Алаштың жолында, жан қимақ ниетіміз.

Біздерге сөз бе екен, жауыңның көп азы,
Өлсек хақ шейітпіз, өлтірсек біз қазы.
Алаштың аруағы, жебесін, қолдасын,
Жасаған сақтай көр, Алаштың Ордасын.

Қайырмасы:

Азаттық еліме,
Бұйырсын мәңгілік!
Алаштың ұраны,
Өшпесін жаңғырып!


Құрметті депутаттар, осы ұсынысымды қарауларыңызды сұраймын! Бұл ұсыныстарыма қажет болса, қосымша толықтырулар беруге әзірмін.

Азкен Алтай

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321