Үйлену тойында киетін ұлттық киімнің жоқтығы ұят-ақ...
Қазір заман өзгерді. Заманмен бірге адам да өзгерді. Жиырма бірінші ғасырда қазақ азаматтарының, соның ішінде жастардың қазақы намыстарының оянуы мен серпілгеніне шүкіршілік айтуымыз керек. Әсіресе, кезінде Кеңес Одағы тырнағын аямай батырған солтүстік аймақтарда. Ол ұлттық құндылықтарымызды түгендеу барысында таптырмайтын қадам екенін айтпаса да түсінікті болар. Бірақ ұлттық бояуымды асырамын, бабадан қалған мұраны жаңғыртамын деп желпінген жастардың жолына бөгет болар кедергілер де көлденең жолығуда. Әрине, қазақтығымызды дәлелдейтін бөлшектердің бірі ұлттық киім екені даусыз. Бұрындары тек қана ұлыстың ұлы күні наурызда, я болмаса түрлі концерттерде ғана оюлы шапан жамылып, кестелі көйлек кигендерді көретінбіз. Қазіргі уақытта көшеден де иықтарына шапан жамылған ақсақалдар мен кимешек киген әжелерімізді жиі ұшыратамыз. Сонымен қатар жастар да замануи костюмдерінің арқасына я болмаса жаға-жеңіне ою салуды "модаға" айналдырды. Ол үшін қуану қажет. Бірақ әттеген-ай айтып, сан соғатын да жағдайлар жоқ емес.

Соңғы уақыттарда Павлодар қаласында түрлі тойларға, әсіресе үйлену салтанатына келіндердің қазақша көйлек киюі етек алды. Ол құптарлық құбылыс. Бірақ сол келіндердің көбісі қаланың қаптаған киім дүкендерінен табандарынан таусылып жүріп ою салынған киім таба алмайтынына не дерсің. Қазіргі күні аймақта "Райса" сән театры, "Вернисаж", "Стиль" секілді қалауың бойынша түрлі ұлттық киімдер тігетін орталықтар бар. Бірақ барлығында бірдей келіннің сәукелелі көйлектерін таба алмайсың. Тапқан күннің өзінде сұңғақ бойлы сән көрсететін бізбикелерге арналған. Әрбір үйге түйенің төбесінен сипайтындай келін бұйыра бермесі анық. Бұйырған күннің өзінде лайықты көйлектеріне қол жеткізе алмайды. Себебі келін көйлектерінің саны мен түрі шектеулі. Яғни ассортимент аз. Ал жарытып бой бермеген келіндердің көңілі пәс болмасына лажы қалмайды. Бүгінгі күні түрлі ательелерде қазақы келін көйлектері жоқ емес бар, бірақ аз. Сол секілді бағасы да естіген құлақты шыңылдатып, басыңды айналдырады. Мәселен, бір келінді қазақы оюы бар "шүберекпен" "қаптау" үшін жалға алуға қалтаңнан кемінде 20-30 мың теңге суырып бересің. Ал сатып алғың келсе немесе тіктіруге тапсырыс берсең онда қорадағы құнаныңды сатуға тура келеді. Осының барлығы той салтанатында ұлттық нақышта киінемін деген жастардың жанын жасытып тұрғаны жасырын емес. Әрине, қаладағы түрді мәдени ошақтарда киім табылады. Бірақ сахнаға шақталған киімді кез келген келін киіп, қайын жұртының алдына шықпасы анық. Оның үстіне көбісінің бояуы шығып кеткен. Осының барлығы болашағын ойлағандардың қадамына балта шауып тұр.
Бір қызығы, қалада үйлену тойы салондары жетерлік. Барсаң болды құс сүтінен басқасын табуыңа жол ашық. Еуропалық көйлектердің түр-түрі, фатаңыздан кеудеңе қадайтын гүл шоғына дейін бар. Тек ақшаң болсын, қалағаныңды қанжығаңа бас. Ал ұлттық киім салондары атымен жоқ. Сондықтан да ұлтым деген жастар бас құрағанда әр есіктен сығалап жүруге мәжбүр. Әрине, бұл бизнес екені даусыз. Бір сөзбен қайырғанда қалада ұлттық киім үлгілерімен ақша тапқысы келетіндер жоқ секілді. Қайсысымен сөйлессең де тиімсіз дейді. Бірақ қазіргі жастар тойында қазақша киінгісі келетінін ескерсек, оның барлығы тек сылтау секілді болып көрінеді. Аймақта іздеп таппайтын ұлттық киімдердің аздығы ұятты жағдай екені өзімізге сын.
Бейбіт БӨЖЕН, Павлодар қаласы
“Айқын” газеті