Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3203 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:28

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ. Облыста ішек-құрт ауруы асқынып тұр

Халық тығыз қоныстанған Оңтүстік Қазақстан облысында 900 елді мекен бар. Соның 412-сінде тұратын жұрт құбыр арқылы келетін суды ішеді.
42-сі орталықтандырылмаған сапасы орта суды пайдаланады. Ал 47-сіне су тасып жеткізіледі. Қалғаны, яғни ауылдардың тең жартысындайы арықтан, өзеннен ағып келіп жатқан, не керек, кез келген суды пайдаланады. Арасында лай суды шелекте тұндырып алып барып пайдаланатындары да бар. Осыдан соң олардың ішегі іріңдемегенде қайтеді?! Облыста «ішек-құрт аурулары асқынып тұр» деген әңгіменің шығуына да осы жағдай әсер еткен болар.
«Мемлекет «Таза су» бағдарламасының аясында облысқа қаражатты аз бөліп жатыр» деуге дәтіміз бармайды. Бірақ сол қаражаттың қайтарымы нашар. Бұл мәселеге дәл осындай баға берілуде. Облыстық әкімдікте өткен «Таза су» мәселесіне арналған жиында мынадай бір мысал келтірілді.

Шымкент пен Түркістанның арасында Ордабасы ауданына қарайтын Төрткөл деген ауыл бар. Ауылдың аты қойылған көлдер сарқылып, табанына шөп шығып кеткеніне көп жыл болыпты. Өзі аудан орталығына бергісіз үлкен елді мекен. Осында су құбырларын тарту үшін бюджеттен 73 млн 750 мың теңге қаражат бөлініп, сонау 2005 жылы құрылыс басталғанда елдің жүрегі жарыла жаздап қуанғанын көзімізбен көргенбіз. Тендерде жеңімпаз атанған мердігер сол қаражатты соқыр тиынын қалдырмай алып, «басына су құйып» қойыпты. Бірақ құрылыс аяқталмаған, желі пайдалануға берілмеген. «Желі тартуды аяқтау, пайлалануға беру үшін әлі де 30 млн теңге қаражат қажет» дегенді естігендер «мынау не деген сұмдық» деп, жағаларын ұстап жүр. Ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері қай жерлерін ұстап жүргендерін ешкім білмейді, әйтеуір ешкімді жауапкершілікке тарта алмай бастары қатқандары ақиқат.
Сот әлгі «компания 15 млн теңгені қайтарсын» деген шешім шығарыпты. Бірақ кім қайтарады?! Компанияның иесі жоқ. «Кімнен сұраймыз?» деп іздеу салғандар із қуып көрген екен, «із» ешнәрсемен шаруасы жоқ қарапайым қойшыға барып тіреліпті. Шамасы, қойшының құжатын қолға түсіріп алған алаяқтар сол кісінің атынан компания ашып, бюджеттің қаражатын майшелпекке айналдырған болуы керек. Болжам осындай.
Мұндай мысалдар жеткілікті. Аймақта басталған да аяқсыз қалған су құрылысы нысандары көп. Олар туралы облыстық әкімдікте өткен жиналыста облыстық энергетика және коммуналдық құрылыс басқармасының бастығы Фарид Ақбердиев пен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы Берік Торғауытов «көз жастарын» көлдетті, «жылағанда» етектері толды.
– Нысанды салады, содан соң оны кімнің балансына беру керектігін білмей дал болады, бұрғылап, тереңнен су шығарады, ал оның суы ішуге жарамсыз болып шығады. Осындай келеңсіздіктерді қашан, қалай тоқтатамыз? – деді бас санитарлық дәрігер.
Облысқа Астана жақтан биылдан бастап тағы да «Таза су» бағдарламасын орындау мақсатында бөлінген 7 млрд теңге келе жатыр. Мұнан тыс, «Жол картасы» бағдарламасын іске асыруға арналған екі млрд теңге қаражат та осы мақсатқа жұмсалмақшы. Бұларға облыстық бюджеттен берілетін қаражатты қосыңыз. Қазір осы қаражатты алып, «халыққа су жеткізіп береміз» деп, екі сандарын шапаттап шауып жүргендер баршылық. Бірақ солардың қаншасы «қаражатты алатын да қашып кететіндер» екенін ешкім дөп басып айта алмайды. «Адамның аласы ішінде» дегеніміз осындайдан шықса керек.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Бақылауды барынша күшейтейік», «Әрбір теңгенің сұрауы қатаң болсын», «Ардан аттайтын фирмалар тендердің маңайынан да жүрмейтіндей жағдай жасалуы керек» деп шырылдап жатыр...

Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, Оңтүстік Қазақстан облысы
“Айқын” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404