Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5291 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 12:57

Алып пештей қайнап жатқан ядролық полигон алапат апатқа ұрындырып жүрмей ме?

Ауылдағы ағайынның көбі қалаға көшкенді жөн көреді. Бірақ олардың барлығы да тек күнкөрістің жайымен кетуге мәжбүр болып отырған жоқ. Қоныс еткен мекенінде өмірін одан ары өткізе берсе, өзі отырған ағаштың түбін өзі кескен әпендінің кебін киетін жағдайға жететінін сезгендіктен атамекенінен безінбеске амалы жоқ. Яғни арнайы зерттеулер нәтижесінде қауіпті аймаққа өзі туған топырағы да кіріп кетсе, ұрпақ амандығын ойлап алаңдамағанда қайтеді?

Әңгімеміздің әлқиссасы Семей полигоны ау­ма­ғын­дағы ауылдар жайынан шығып отыр. Бір ғана Абыралы өңі­ріндегі алты ауылдың жайы ала-құла деңгейде тұр­ғаны еріксіз таңғалдырады. Соның ішінде Семей по­ли­го­нының ошағы болған Дегелең тауына жақын жердегі Ай­набұлақ ауылдық округі мен оған қарасты Самай ел­ді мекені, орыстың мәтелінде айтылатынындай, «не балық емес, не ет емес» күйде қалып отыр. Бұл екі ауыл­­ды ерекшелеп айтуымыздың өзіндік себебі бар: же­­рінде бұдан ары адам тұруға болмайды, полигон ше­карасындағы радиациялық деңгейі өте жоғары ай­мақ­қа жатады.

Ауылдағы ағайынның көбі қалаға көшкенді жөн көреді. Бірақ олардың барлығы да тек күнкөрістің жайымен кетуге мәжбүр болып отырған жоқ. Қоныс еткен мекенінде өмірін одан ары өткізе берсе, өзі отырған ағаштың түбін өзі кескен әпендінің кебін киетін жағдайға жететінін сезгендіктен атамекенінен безінбеске амалы жоқ. Яғни арнайы зерттеулер нәтижесінде қауіпті аймаққа өзі туған топырағы да кіріп кетсе, ұрпақ амандығын ойлап алаңдамағанда қайтеді?

Әңгімеміздің әлқиссасы Семей полигоны ау­ма­ғын­дағы ауылдар жайынан шығып отыр. Бір ғана Абыралы өңі­ріндегі алты ауылдың жайы ала-құла деңгейде тұр­ғаны еріксіз таңғалдырады. Соның ішінде Семей по­ли­го­нының ошағы болған Дегелең тауына жақын жердегі Ай­набұлақ ауылдық округі мен оған қарасты Самай ел­ді мекені, орыстың мәтелінде айтылатынындай, «не балық емес, не ет емес» күйде қалып отыр. Бұл екі ауыл­­ды ерекшелеп айтуымыздың өзіндік себебі бар: же­­рінде бұдан ары адам тұруға болмайды, полигон ше­карасындағы радиациялық деңгейі өте жоғары ай­мақ­қа жатады.

Алдымен айтар жайт, мұндағы жұрт қарасы Айна­бұ­лақ пен Самайдағы отбасыларды қосқанда 50 үйге әрең жетеді. Айнабұлақ 1991 жылы Абыралы ауданы құ­рылғанда С.Бегалин атындағы кеңшар болып, жа­ңа­дан шаңырақ көтерген еді. Алайда 1998 жылы Абы­ралы ауданы тараған соң, кеңшар түбірімен жойылып, Ай­набұлақ ауылдық округі болып қалды. Бұрынғы аудан құрамындағы ауылдық округтердің барлығы (ішінде Айнабұлақ ауылдық округі де бар) Семей қала­сы­ның әкімшілік құрамына енді. Аудан, ауылдарды оң­тай­ландыру мақсатында ел аумағында жүргізілген сол кезеңдегі осынау реформадан жергілікті халық зиян көрген жоқ. Қайта әлеуметтік жағдайының біртіндеп шешілуіне оң ықпалы тиді.

Ауыл іргетасы қаланған алғашқы жылдарда ауыз­суды екі шақырым жерден тасып ішкен айнабұлақтықтар қа­зіргі күнде суды ауыл ішіне орнатылған екі құбырдан ала­ды. Жарық та тартылған, ұялы байланыстың екі жү­йесі - Актив пен Билайн қызметі де жұрт игілігіне жарап тұр. Семейден 200 шақырым қашықтықта жатқан ша­ғын ауылдың тұрғындары үшін қаламен тәулік сайын бай­ланыста бұл мүмкіндіктің пайдасы зор. Ал жоғарыда ай­тылған күнделікті тіршіліктің көзі саналатын осы су­дың ішуге жарамдылығы қаншалықты қауіпсіз дең­гейде? Полигон ошағына жақын жердегі халықтың та­би­ғи таза су ішуі мүмкін емес екені еңбектеген балаға да белгілі.

Десек те, ғалымдар зерттеулеріндегі де­рек­тер нәтижесіне зер салсақ, тағы да тағатыңды та­уысар түйткілмен бетпе-бет келуге тура келеді.

Қазақстандық ғалым, биология ғылы­мы­ның докторы, профессор Виктор Инюшиннің ай­туынша, Семей атом полигонындағы яд­ролық сынақ салдарынан пайда болған тех­но­генді ауытқу аймағы Жердің сейсмикалық геосерпініне жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.

Ғалым «Казахстанская правда» газетіне бер­ген сұхбатында: «Қазақстан ғылым ака­демиясының ғарыштық зерттеулер институты ға­лымдарының жасаған бағдарламасы бо­йын­ша, ғарыштық құрылғылардың көмегімен республикалық жеке аймақтарда тем­пе­ра­туралық өлшемдердің топтамасы жүргізілді. Нә­тижесінде семейлік ядролық полигон ай­мағы алып пеште қыздырылып жатқандай болды. Мұндағы қызу деңгейінің бес-алты градусқа көтерілгендігі алғашқы термодинами­калық ауытқуға себеп болғандығын атап өтуге бо­лады», - дейді. В.Илюшиннің сөзіне сү­йен­сек, аймақта геологиялық түрлер, су, тірі ағ­залар  бәрі өзгеріске ұшыраған.

«Бұл құбылыстың қауіптілігі,  бұл ауыт­қу­шылық Жердің сейсмикалық геодинамикасына әсер етуі мүмкін. Он жыл бұрынғы Ал­тай аймағындағы 10 балдық жер сілкінісін ес­ке түсіріңіздер. Жалпы, соңғы 30 жылдағы та­биғи апаттар мен табиғи динамиканы са­лыстырсақ, оның 60 пайызға дейін өскендігін кө­реміз! Ертеректе тепе-теңдік сақтап тұрған күшті адамзаттың өзі бұзды», - деді ғалым.

Білікті ғалым атап көрсеткен жайлардың бәрі шындық. Ақыр соңында ғасырдан-ға­сырға кететін қасіретке ұшыратқан атом ала­па­тына айналып келгенде адамның өзі кі­нәлі болып отыр. В. Инюшиннің пайым­да­уынша, по­лигон ошағындағы техногенді ауыт­қу­шы­лықтың жағымсыз әсерлерін жоюды қолға ал­май, оның адам денсаулығына және ірі ай­мақ­тардың экологиясына да кері әсер ететін ауыр зар­даптарын тоқтату мүмкін емес. Тіпті ғалым сө­зінен Семей ядролық поли­го­нындағы патогенді судың қауіптілігін байқауға бо­лады.

«Семейдің су қоймалары, мал және егін шаруашылық аймақтарында өткізілген мұқият биофизикалық зерттеулерден кейін су ядролық полигонның «у таратушы» ретіндегі негізгі көзі деген шешімге келдік. Академик Лукьяновпен бірге судың резонансты спектрлі жады анық­тал­ды. Яғни ядролық жарылыстар әсерінен оның электронды құрылымы өзгереді. Егер адам ұзақ уақыт бойы мұндай суды пайдаланса, оның ағзасының қызметі бұзылады», - деп тұжырымдайды биофизика саласының білгірі.

Міне, осынау бір ғана мысалға қарап оты­рып, Семей атом полигонының эпицентрі бол­ған Дегелең тауынан небары 50 шақырымдай ғана жерде орналасқан Айнабұлақтағы ауыз­судың адам ағзасына әсері жоқ деп қалай айта аламыз?! Ауылды сегіз шақырымдай жердегі Самай елді мекенінен бөліп қарауымыздың да өзіндік мәнісі бар.

Самай - Абыралы өңіріндегі «болашағы жоқ» ауылдар тізіміне іліккен елді мекендердің бірі. Яғни бұл аймақта бұдан ары тұруға болмайтындықтан, ондағы шаңырақтар биыл түгелдей Семей қаласына көшірілуі тиіс бо­латын. Алайда қала іргесіне қоныс аударатын ауыл тұрғындарына арнап салынып жатқан баспаналар құрылысының аяқталмауы себепті самайлықтарға әзірге «семейлік» атанудың орайы келмей тұр. Бірақ ерте ме, кеш пе, он­дағы аз-кем шаңырақ буынып-түйініп қалаға бет бұрғанда, қауіпті зона картасында қалып тұрған Айнабұлақ ауылдық округі тұрғындары «тәжірибедегі қояндар» іспетті қала бермек пе? Тұрғындар көкейіндегі осынау өзекті сұраққа нақты жауапты кімнен аларын білмей дал. Бұл сұрақ өз алдына, жүз балаға да жетпейтін оқу­шысы бар мұндағы мектептің де ертеңі бұлың­ғыр. Себебі оқушылардың тең жарымын Са­май­дағы отбасылардың балалары құрайды. Егер Самай көшетін болса, Айнабұлақ орта ме­к­тебінің жай-күйі қалай болатыны айтпаса да түсінікті. Ал мұндағы шаңырақтардың дені  - мек­­теп жасындағы балалары бар жас от­ба­сы­лар. 

Иә, полигон аймағындағы ауылдарға қатысты айта берсек, сөз де, мысал да жетеді. Біз бір ғана Айнабұлақтағы ахуалды ғана тілге тиек еттік. Ал жалпы қалаға көшірілетін, болашағы жоқ елді мекендер өңірдегі ауылдық округтердің әрқайсында бар. Тізім бойынша, оларды қоныстандыру мақсатында қалалық әкімдік тарапынан атқарылып жатқан оңтайлы істер баршылық. Бірақ Айнабұлақтың жағдайы алаңдатпасқа қоймайды...

Автор: Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Шығыс Қазақстан облысы

"Алаш айнасы" газет

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963