Жұма, 15 Мамыр 2026
3714 3 пікір 2 Наурыз, 2022 сағат 12:11

Ұлыбритания елшісі СІМ-ге шақыртылды

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Ұлыбритания Парламентінде айтылған мәлімдемесі үшін Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев айтты.

"Бұл Парламентте жасаған бір депутаттың мәлімдемесі болды. Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі жағдайды түсіндіру үшін ҚР СІМ-ге шақырылды. Одан түсініктеме күтеміз", - деді Нұрышев Мәжілістегі журналистердің сұрақтарына жауап беріп.

"Сыртқы істер министрлігі өткізетін іс-шараларды қадағаласаңыз, министр шетелге белсенді түрде шығатынын байқайсыздар. Түрлі алаңдарда - БҰҰ-да, адам құқықтары жөніндегі кеңесте сөз сөйлейді. Еліміздің жағдайы туралы толық ақпарат беріп отырғанымызды көріп отырсыздар", - деді ол.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2739
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858