Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2321 2 пікір 14 Наурыз, 2022 сағат 12:33

Қаңтар оқиғасы бойынша 3770 қылмыстық іс қозғалды

Бас прокуратура қаңтар оқиғалары бойынша 3 770 қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұл мәлімдемені Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Бас прокурор Берік Асылов жасады.

«Өздеріңізге мәлім мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына қаңтар оқиғасын егжей-тегжейлі тергеуді тапсырды. Аталған фактілер бойынша 3770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде. Олар: адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық. бұзақылық қару ұрлау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 істі жүргізуде. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға әрекет ету және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша 15 істі тергеуде. Бұл істер бойынша Ұлттық қаупісіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мәсімов және оның үш орынбасары сот санкциясымен қамауға алынды. Осы, органның тағы 2 басшысы, билікті асыра пайдалану күдігімен, қылмыстық жауапқа тартылуда», - деді Берік Асылов.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524