Киев жырлары
Баба
Соғылды шіркеу қоңырауы,
Оқылды соңғы дұғалар.
Арасымен қаралы жиын,
Барады кетіп табыттар.
Қазулы дайын қабірге,
Келді алып оларды.
Қоштасты да соңғы рет,
Жыласып үйге тарады.
Ауыр күндер жатты өтіп,
Қирап, қала кенттер.
Ескілердің жанына,
Түсті жаңа бейттер.
Үлгермеді аналар,
Төгіп көздің жасын да,
Әкелердің қасына,
Жерледі әкеп ұлын да.
Батар күннің шапағы,
Қызарды мола тасында.
Әлдеқайдан жол тартқан
Тұр бейсауат қария.
Күбірлеп дұға оқиды,
Асығыс сірә өзі де.
Тұр күтіп әлі қабірлер,
Баратын алыс жері де.
Селоларды өзіне таныс артқа сап,
Жетті, міне, Днепрге сағалап.
Нан мен суын тартып қарттың алдына,
Русалкалар шықты алдынан сәлем сап.
Ұлы баба аруағы ол тоқтаған,
Молаларды кезіп ұлын жоқтаған.
Асығады, жерлер бар әлі жетпеген,
Молаларға топырағы кеппеген.
Екі оқ
Ұрыс салды екі жақ,
Боратып оқты, қойды лап.
Қарсы ұшқан екі оқ,
Кездесті жолда кездейсоқ.
«Сусап кекке украин,
Салған мені оқшантайға.
Жүрегіне орыстың дәл,
Деді қадал атарында.»
«Атты мені әккі орыс,
Көрмеген оғы қиыс кетіп.
Көздегенім сонау жігіт,
Барам қазір дереу жетіп.»
Тілдесті де аз-кем ғана.
Түсті әркім өз жолана.
Ажал оғы мүлт кеткен бе?!
Түсті құлап қос өрім
Сол мезетте.
Киев
Қатарынан үш күн ұдай,
Астында оқ бұрқасын,
Айтқанынан Киев қайтпай,
Орыс қолын тұр тапжылтпай.
Ару қала көшелері -
Сұлулардың тықылап өкшелері.
Қамсыз жұрт баратын жұмысына,
Жататын қайшаласып көліктері.
Оқ сасыған қазір онда,
Қирап көше снарядтан.
Қатулы суық қабақтарда,
Ертеңге деген үміт қана.
Сенгені кім, өзіне ме,
Жоқ, одақтас уәдесі ме?
Әлде айнып тез ойынан,
Шегінсе орыс, дәмесі ме?
Алсын болжап соғыстың білгіштері,
Біледі бірақ әлем бір нәрсені.
Тұрған жоқ күтіп онда даңқ кубог,
Тұр күтіп масқара айып Ресейді.
Нағыз Қапшықбайұлы
Abai.kz