Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2809 0 пікір 11 Қазан, 2012 сағат 07:47

Азамат Битан. Діни фанат – дінбұзарлардың айласы

Бүгінгі таңда дін жайында сөйлеу, пәтуа беру көпшіліктің арасында сәнге айналып кетті. Көпшілік деп отырғанымыз халық алдында жүрген шенеуніктер, саясаткерлер, әншілер, актерлер, жасы жетпіске жақындаса да қыздарға қырындайтын жазушылар, тағысын тағылар. Сонда оқыған имамдар не істейді? Түсіне алмайсың.

Қазақ жоқшылықтан қорасындағы қойын сатып жіберсе де төрдегі теледидарын ештеңеге айырбастамайды. Яғни, халықтың басым көпшілігі көкжәшікке тәуелді дегеніміз ғой. Сондағы беріліп жатқан, айтылып жатқан дүниелердің барлығын дұрыс, шындық деп ойлайды. Байқаған адамға соңғы кезде газет беттерінде «діннің фанаты» деген тақырыптағы мақалалар, Ислам дінінен мүлдем түк хабары жоқ сауатсыздардың ойлары, пікірлері өріп жүр. Дін жайында ойланып сөйлеудің түкке де қажеті жоқ. Дін турасында анық біліп, үндеуіміз керек!

Бүгінгі таңда дін жайында сөйлеу, пәтуа беру көпшіліктің арасында сәнге айналып кетті. Көпшілік деп отырғанымыз халық алдында жүрген шенеуніктер, саясаткерлер, әншілер, актерлер, жасы жетпіске жақындаса да қыздарға қырындайтын жазушылар, тағысын тағылар. Сонда оқыған имамдар не істейді? Түсіне алмайсың.

Қазақ жоқшылықтан қорасындағы қойын сатып жіберсе де төрдегі теледидарын ештеңеге айырбастамайды. Яғни, халықтың басым көпшілігі көкжәшікке тәуелді дегеніміз ғой. Сондағы беріліп жатқан, айтылып жатқан дүниелердің барлығын дұрыс, шындық деп ойлайды. Байқаған адамға соңғы кезде газет беттерінде «діннің фанаты» деген тақырыптағы мақалалар, Ислам дінінен мүлдем түк хабары жоқ сауатсыздардың ойлары, пікірлері өріп жүр. Дін жайында ойланып сөйлеудің түкке де қажеті жоқ. Дін турасында анық біліп, үндеуіміз керек!

Тәуелсіздіктің келуімен Қазақстан халқы жамандыққа ұшыраған емес. Ата-бабамыздан қалған дінімізді ұстануға еркіндік берілді. Шүкір, мешіт көп, дәретіңді ал да, ғибадатыңды жасай бер. Тәуелсіздік келмей тұрғанда біздің арамызда сектанттар болмады деп айту жалған сөз (Лениннің сектасы ең қауіпті секталардың бірі-тін). Тәуелсіздік жоқ кезеңде қазақтың қыздары көшеде тәнін саудаламаған ба? Егемендік арман болған уақытта қазақтың аңқау қыздары алдаған біреуден бала көтеріп қалып, сәбиін жарық дүниеден мақұрым ету, іштегісін алдыртып тастау фактілерін ешкім де жоққа шығармайды. Өзге ұлт өкілдерінің еркектеріне құмартқан жоқ деп айта аласыз ба? Наша, шылым, арақ, зина, сәбиін тастап қашу, барлығы болды. Ал, кейбіреулер Қазақия тәуелсіздік алғаннан кейін әбден бұзылып бітті деген түсінікте жүр. Шашы ағарып кеткен, қабағын жазбайды, өмірге разы емес. Өздері қажетханада тазаланбақ түгілі әліпті таяқ деп білмесе де тәуелсіздіктің жастарына тиіскіш келеді. «Дініміздің еркіндікте қанат жаюуымен жастарымыз фанаттыққа салынып кетті» дейтін көкелеріміз не деп жүргенін өздері де ұқпайтын болар. Құдды бір, КСРО-ның уақытында қой үстiнде бозторғай жұмыртқалаған замандай. Сұм саясаттың не бір түрлері сол кезде жүзеге асып жатқан, зиянынан әлі де сауыға алмай жүрген жайымыз бар. Құрып қалғыр құлдық сана!

Латынша  fanaticus (фанатизм) - құрбандық дегенді білдіреді. Белгілі бір дүниеге шектен тыс қызығу, болмаса белгілі бір адамға табыну себепті өзін өзі жоғалтып алу деп анықтама берсек болады. Балтыры мен сасық кіндігін жарнамалайтын әншісымақтардың немесе шешінуге құмар әртістердің фанаттары көп болады. «Құдайдың фанаты» деген не сөз ол?! Дінге неғұрлым жақындаған адамды «тақуа» деп атаймыз. Тақуа - білімің себепті күнәдан алыс болу. Негізінен фанат сөзі Ислам дінін күйрету мақсатында (күйрете алмайтындарын қайдан білсін) ойлап шығарылған көп саясаттың ішіндегі бір ғана бөлшегі десек асырып айқанымыз емес. Мемлекетке қарсы келіп, түрлі жарылыстар жасайтындарды «діннің фанаты» деп атау дұрыстыққа жатпайды. Олар дін ұстанса мұндай қатыгездікке бармас еді. Дінді дұрыс ұстанбаудың себебінен адасушылыққа кетіп қалып жатыр. Яғни, жарылыс жасайтындарды «діннің фанатттары» дегенше, оларды «адасқан топтар» деп атау керек. «Радикалды Ислам діні» деген сөз жақсылық емес. Ислам - ол біреу, Хақ Ислам! Намаз оқымағанды кәпірге шығаратыны бар, секіріп зікір салатыны бар барлығы да ағымдар, ақиқат келгеннен кейін пайда болған жолдар. Онсызда есеңгіреп жүрген елдің миын ашытудың түк қажеті жоқ! Сонсоң жоғарыда айтқан көпшілік ел мені сыйлайды, таниды деген түсінікпен діннің атынан сөйлеп, пәтуа беруді тоқтату керек. Дін жайында білімің болмаса, жаза алмасаң босқа терлеудің керегі қанша. Әсіресе әншілермен оларға өлең жазып беретін ақындар қауымы қатаң ескерсе дейсің осыны. Демократия деп дандайсыма, не басыңа сәлде орап молда бол, немесе тынышыңа микрофонмен нан тап. Қазақстанда пәтуа беретін орталық жоқ емес, бар...

Ислам дінін қаралау мақсатында жан-жақтан шабуылдар жасалынып жатырғанына біраз уақыт болды. Оның ар жағында елдің тұтастығын жою көзделген. Бір ғана мысал, жақында жарық көрген «Мұсылмандар пәктігі» фильмінің өзі жетіп жатыр. Жалпы Ислам дінін ұстанған адам өз ұлтын сүйе білуі тиіс. Ал, ұлттыңды сүю дегеніміз көк туды қабырғаға іліп қоюмен ғана өлшенбейді. Ұлтты сүю - ол әке-шешеңмен, туысқандарыңмен, көршілеріңмен жақсы қарым-қатынаста болу. Базарға не болмаса дүкенге барғанда өзге тілде шүлдірлемей ана тіліңде саудаласу. Сатушы қазақ тілін білмей ме, шығып кете бер. Дүкен деген айналаңызда жетіп жатыр. Жетімнің малын жемеу, алдамау. Қарындасыңдай қыздың ақылсыздығын пайдаланып кетпеу. Қысқасы өзіңе, жан-жағыңа зияның тимесін. Мұны бостан бос айтып отырғанымыз жоқ. Адамның ұлтына деген адалдық, тазалық Ислам дінімен қуатталып отырады. Құдайдан қорықпаған адам Отанын сатып кетеді, өз елінің өзегінен тебеді. Арқасынан пышақ сұғады.

Жалған ақпарат таратып, Хақ Исламды қаралап жүргендердің басты мақсаты біз секілді аз халықтан тілі мен тарихын тартып алып мәңгүртстан мемлекетін қалыптастыру. Діні мен дәстүрінен айырып кәпір ету. Осы төрт фактордан айырылсақ біттік, құрыдық деген сөз. Ағайын осыны түсіну керек. Осы төрт фактордан айырылсақ кең даламыздың қадірін қашырып алғанымыз. Жер астындағы мұнайың да, көмірің де, алтының да қазақты Қияметке дейінгі құлдықтан құтқарып  қала алмайды. Құдай бетін ары қылсын!

Сіз де жақсы білесіз, Құңфұзының мынадай сөзі бар: «Әмірші әмірші болу керек, әскер әскер болу керек, әке әке болуы керек, бала бала болу керек. Сонда ел дамиды». Мұхтар Мағауин айтпақшы: «Жазушы жазу керек. Саясаткер саясатпен айналыссын, қойшылар қойын бақсын». Құңфұзы мен Мағауин пайғамбар емес қой, бірақ пікірлерінде үлкен мән бар. Бағанадан бері айтайын дегеніміз, әркім қоғамдағы орнын білуі тиіс! Айнаға қарайық. Біздер орынсыз сөйлеуге жаман үйреніп кеткенбіз.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458