Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің бірі
Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Егер еліміз басынан өткерген тарихи кезеңдерге көз салар болсақ, онда тым алысқа ұзамай, біз шекпенінен шыққан бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен қалың бұқара еш араласпай, тек қана мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар ғана айналысқан болатын. Дегемен, ол дәуірде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмегендігін де ашып айтуымыз керек. Бұның себебі, қызыл империяның маркстік идеологтары бұлай болуын Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп қысқа қайыра түсіндіруінен туындаған еді. Міне, сол себепті де қайырымдылықты қоғам мүшелері айырықша көңіл бөлетін арнайы сала деп мүлдем қарастырмады десек артық айтпаймыз.
Қазақстан Республикасының Коституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болып табылады. Бұндай мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын қоғамының дамуы барысында өзініде тіршілік кешіп жатқан азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруді өз мойына міндеттеп алады. Тәуелсіздік кезінде қол жеткізген қол жеткізген табыстарымыз бізге тек қана алға ілгерілеуге және өркениетке қарай кең жол ашып бере алды. Дербес мемлекетке айналған тұста біздің Республика аграрлық ел ретінде әлемге танылған болатын. Сондықтан, егемендіктің алғашқы кезеңінде халықтың жартысына жуығы қоныстанған жерлердегі ұжымшарлар мен кеншарларға қажетті қаржы тауып беруге жас мемлекеттің шамасы келмей қалды. Содан Үкімет амалсыздан ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендірді. Нәтижесінде жұмыссыздық басталды. Халық, әсіресе, жастар үлкен қалаларға көше бастады. Ресми мәліметтерге сүйенсек 1996 жылдың аяғында Қазақстандағы халықтың 44 пайызы ауылда тұрған екен, ал 1997 жылдың аяғында бұл сан 35 пайызға дейін азайған, әлі де азаюда. Еліміздегі еңбекке жарамды адамдардың 258 мыңға жуығы жұмыссыз екен. Бұған 5,5 пайызы ақысыз демалыста жүргендер қосылады және де барлық жұмыссыздардың 41 пайызы 16 мен 29 жастың аралығындағы жастар. Басқаша айтқанда, Қазақстанды жаңа ғасыр «барысына» айналдыруға тиіс жас ұрпақ жұмыссыздардың жартысына жуығын құрап отыр. «...Қазақстанның гүлденуі үшін Республиканың барлық халықтарының ынтымақтасуына, әр адамның бақыты мен бостандығына, барлық азаматтардың материалдық және рухани мәдениетін көтеруге қамқорлық жасау» - дейді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. бұл ретте мемлекет зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, еңбекке жарамсыз азаматтар алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық сақтауда. Әлеуметтік қолдау ең алдымен, халықтың онсыз өмір сүре алмайтын тобына мақсатты әрі нысаналы сипатта көрсетілуде. Оған дәлел «Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 жылы шілденің 18де «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңын» 1997 жылы маусымның 16-да «Мүгедектігі бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңы осы жылдың 20-шы маусымында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңы және 1997 жылдың 10-шы желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Жалпы ұлттық қор туралы» жарлығы қабылданып, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнінде жалпы ұлттық қор құру арқылы, оның қызметінің негізгі бағыттарын, яғни тұрмысы төмен азаматтарға материалдық, қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету, әлеуметтік бағдарламалардың іске асуына жәрдемдесу, облыстарда халықтың табысы аз топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі азаматтық қайырымдылық қорларын құру құрастырылған. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және соған сәйкес республикамызда экономиканың тұралап қалуына байланысты жетім балаларды, көп балалы, жалғыз басты аналарды, қарттарды, сонымен қатар жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселесі қоғам үшін маңызды сипат алып, оларды үкімет тарапынан дер кезінде шешу табанды түрде талап етілуде.
Халықаралық қайырымдылық ұйымы Charities Aid Foundation 2016 жылы жүргізген сауалнама нәтижесінде, Қазақстан қайырымдылық жасау бойынша 140 елдің арасында 96-орында екендігі де мәлім болды. Charities Aid Foundation тізіміндегі көшті Мьянма, АҚШ, Аустралия бастап тұр. Осыдан 7 жылдай бұрын, яғни, 2016-2017 жылдары рохинджа мұсылмандарын жаппай қырған мьянмалықтардың қайырымдылық индексі бойынша алғашқылардың бірі болу көңілге күмән келтіреді. Бұған себеп, халқы жарымай отырған Түрікменстан осы сауалнамада 15-орынға жайғауы да осы күмәнімізді нақтылай түседі. Бұл сауалнама қалай болса солай, әр елде 1000 адамның арасында жүргізілгенін ескерсек, оның үстіне осы жауап берушілердің қазақ мәдениетімен таныстығы барлығы өз алдына бір бөлек дүние, Сол себепті, біз аталған нәтиженің объективті екеніне шәк келтіреміз.
Қазақстан экономикасы баяу дамығанымен дұрыс жолмен келеді, оған қолдан келгенше үлес қосып жатқан қайырымдылық қорлары, шетелдік компаниялар. Ғасырлар бойы ауыл – ауыл, ата – ана, ру – ру болып қауымдаса тіршілік кешкен қазақ қоғамындағы әр ауыл, әр ру белгілі батырлардың, беделді билердің маңында топтасқан. Сол дара тұлға өзіне паналаған елді жауға алдырмай, аштыққа ұшыратпай, аман – есен өсіріп - өрбітуді парызы деп санаған. Қазір де беделді де бірлікті азаматтар маңына бірігіп, шаруашылықтарын жүргізе бастаған қожалықтар мен шағын фирмалар жұмысын да осы дәстүрдің ұшынан байқау қиын емес. Тәуелсіз қазақ мемлекетінің жүріп өткен жолын зерттесек, соңғы жылдар ішінде қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, күш – жігерді нақты экономикалық және қоғамдық өмірді жақсартуға бағыттау бет бұрысын байқауға болады.
Қазақ халқының өткені бай. Соңғы жылдары халқымыздың өміріндегі шарықтау мен құлдырауы, қуанышы мен жеңісі тарихтың жарқын беттерінен орын алған. Тарихи құнарға бай топырақтан өнікті дәнді таба білу – жалпы өркениеттің дамуында жаңа белестерге жетудің алғышарттарын құрары белгілі. Бұқаралық ақпарат мәліметтеріне жүгінсек елімізде 1 миллионнан астам мүгедектер бар екені мәлім болды.
Егемендігімізді алғаннан соң, КСРО догмаларынан арылу жолында тәуелсіз жас мемлекетіміз аяғынан тік тұрудың күрделі жылдарын өткізу үстінде. Қазақ хандығы құлағаннан кейін ұлтымыз өздері жоғалтып алған, 250 жылдай уақытта отаршылдық қамыты мойынымызға ілінген шақтағы бұрын болып көрмеген ендігі жерде уақыт талабы ел алдына қойған жалпы азаматтық қажеттілік, имандылық пен қайырымдылық, жанашырлық пен мейірімділік қасиеттерді қайта қалпына келтірудің дағыл жолына түскеніне де 30 жылдай уақыт болып қалды.
Жалпы айтқанда, қайырымдылық мәселесі көптеген саяси гуманитарлық ғылымдарда сан ғасырлардан бері кешенді түрде зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың тамыры ежелгі болғандықтан, ерте заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл - ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан- жақты айтылып, тереңнен қарастырыла зерттеліп келуде. Әрине, адамзат түсінігіндегі ғылыми-саяси аяда қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт болып саналады.
Ресми деректер бойынша елімізде орта есеппен жылына он мыңға жуық ауру еәрестелер дүниеге келетін көрінеді. Бір ғана Алматының өзінде екі мыңнан астам мүгедек балалар бар. Бұған қоса елімізде бір миллионға жуық араққа салынғандар, жазылмайтын дертке шалдыққандар болса, экологияның бұзылуы, атом сынағының зардабы, бұған қоса жылына он мың адам өндірістен мүгедектік алатын көрінеді. Араққұмар ата – анасынан қашқан балалар, тастанды сәбилер, босқындар күннен күнге көбейіп бара жатқан сияқты.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1991-1999 жылдар аралығындағы әлеуметтік жағдайды зерттеген сарапшылардың деректері бойынша республика бойынша 1995 жылы «Қабылдап - реттеу» мекемелерінен 8873 бала өткен болса, 1996 жылы түскен балардың саны 11546-ға жеткен, ал 1997 жылы «Қабылдап - реттеу» мекемелеріне түскен балалардың саны өткен жылдардағы балалардың санымен салыстырғанда 36,4 пайыз өскен. Сөйтіп Республикамыздағы «Қабылдап - реттеу» мекемелерінің саны 19-ға жеткен. 1999 да әлеуметтік сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берілді. Еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары жергілікті билік орындарымен бірлесіп, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, зейнеткерлерге «қайырымдылық» акцияларын өткізу барысында ақшалай, азық – түліктей көмектер көрсетілді, әлеуметтік қолдау айлықтары ұйымдастырылып, кіріптар жандарға материалдық жағынан түрлі жәрдемдер берілді. «Қайырымдылық» республикалық акциясының өткізілуі Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты қарттарға киім – кешек жинауға ықпал етіп 177739 адамға материалдық көмек жасалған. Жамбыл облысында 1576 адам материалдық көмек алып, 97 бекетке 868 адамға арнап күнделікті тегін тамақтандыру орындары ашылған. Шымкент қаласында 40 коммерциялық нүктеде 85 жалғыз басты қарттар мен мүгедектер жандарға күнделікті тегін ас тегін ұйымдастырылған. Қаржы көлемі мен тамақтандыру, өзге де көмек қомақты болмағанымен, осындай қиын уақытта адам тағдырына деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ.
Бұл жолда қайырымдылықті әлеуметтік процесс, институт деп санаған жас мемлекет қоғам мүшелеріне адам өмірінің екі өрісі барлығын түсіндіріп ұғындыру жолында біршама келелі жұмыстар жасай алды.
Біріншіден, адам өмірінің екі өрісі материалдық өмір. Иә, бұл шындығын айтқанда адамға ең алдымен азық түлік, баспана, киім кешек және тағы басқалар жағдайлар керектігін қоғам мүшелеріне ұғындыру; екіншіден, рухани өмір. Яғни қоғамдағы адамдар бір біріне тәуелді екендігін түсіндіру бағытында біршама жұмыстар жасап, қайырымдылық әлеуметтік ұйымдардың саналы мақсаттық іс- әрекетінде көрініс табатындығын айқындап беруді заңмен бекемдеу.
Осы жолда гуманитарлық ғылымдағы төмендегідей нақты тұжырымдалған анықма мен түсінікті атап кете алмаймыз. Сонымен, қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-« қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.
Әбіл-Серік Әліакбар
Abai.kz