Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3675 2 пікір 8 Наурыз, 2022 сағат 21:25

Отбасындағы зорлық-зомбылық: Қазақстан не істейді?

Елімізде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі өткір тұр. Бұл ашық айтыла бермейтін, табу тақырыбындағы мәселе десек те болады. Алайда аурудың емі оның бар екенін мойындаудан басталатынын ескерсек, бұл мәселені де ашық айтып, талқыға салудың маңызды екенін түсінеміз. Ресми дерек бойынша елімізде жыл сайын отбасындағы зорлық-зомбылықтан көз жұматын әйелдер саны жыл сайын орта есеппен 400 адамнан асады.

Бұл ресми статистика, ал бейресми одан да көп болуы мүмкін. Отбасындағы отбасылық зорлық-зомбылық фактілері көбіне жабық күйінде қалады. Мамандар әйелдер мен балалар ұзақ жылдар бойы отбасында теперіш көрсе де, шындықты айта бермейтінін жасырмайды. Оның ішінде ұру, жәбір көрсету мен күнделікті қанау фактілері бар. Сарапшылар әр он отбасының жетеуінде қылмыс фактілері барын айтады. Яғни жетпіс пайыз отбасында зорлық бар, зомбылық бар. Ұзақ жылдар бойы соққы алудан көз жұматын немесе айықпас дертке шалдыққан жандардың да бар екені айтылады. Алайда оның зардабын отбасындағы зорлықтан деп тіркемейді, сәйкесінше ешкім жазаланбайды.

Отбасындағы зорлықтың сан түрі бар. Ол тіпті отбасын құрған сәтте де басталуы мүмкін. Мысалы БҰҰ бойынша Орталық Азияда қыздың өз еркінен тыс, келісімінсіз алып қашу фактілері жиі кездесетіні айтылады. Көршілес Қырғызстан бұл қылмыстан көш бастап тұр. Қазақстанда да бұл фактілер бар. Тіпті өмірге ұл бала келмегені үшін, тамақтың дәмсіз болғаны үшін, ерте ұйқыдан тұрмағаны үшін де жарына зорлық көрсететін отбасылар бар. Бұл тым қарапайым тақырып болуы мүмкін, бірақ оның артында тағдырлар жатыр.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күнінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін жыл сайын конференциялар мен жиындар өтіп тұрады. 1991 жылы әйелдерді отбасылық қысымнан құтқару бойынша арнайы қозғалыс құрылды. 30 жылда 187 елде 300 миллионнан астам адамды қамтыған гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік табысты іске асып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының 2008 жылы азаматтық қоғамның 16 күндік бастамасын қолдау мақсатында басталған 2030 жылға дейін әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін біріккен науқанын жариялады.
Дүние жүзінде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың бұл деңгейі осы үрдісті жою бойынша тынымсыз күш-жігерге қарамастан, соңғы онжылдықта іс жүзінде өзгеріссіз қалды. Пандемия кезінде кейбір елдерде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық бес есе өсті. Сонымен қатар, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық денсаулық сақтау секторы сияқты әртүрлі секторларда проблема болып қала береді. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жаһандық шығыны әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 2% немесе 1,5 триллион долларға бағаланады. Гендерлік зорлық-зомбылықты азайту бойынша шаралар қабылдау отбасылардың экономикалық қауіпсіздігін арттыру және балалардың жақсы білім алуына мүмкіндік беру арқылы қоғамдық көңіл күйге пайда әкеледі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы бес жылда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылық қылмыстарының тұрақты өсуі байқалады. Егер 2015 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері аз тіркелген болса, 2019 жылы олардың саны 18,7%-ды құрады. Отбасылық және шаруашылық саласында денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру жағдайлары: 2015 жылы – 2%, 2019 жылы 11%. Биылғы жылдың 5 айында ғана тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар 25 пайызға өскен. 2015 жылдың қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 193 мемлекет тұрақты дамуға қол жеткізудегі ілгерілеуді жалғастыру үшін «Әлемді трансформациялау: 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібі» атты жаңа даму күн тәртібін қабылдады. Онда әйелдер мен балаларға қатысты да айтылады. Яғни отбасылық жағдайда зорлық-зомбылық көтермеу мәселесі де айтылады. Сол бойынша әр елдің заңына толықтырулар енгізіп, отбасылық жағдайдағы зорлықты жазасыз қалдырмау мәселесі де көтерілген. Қазақстан ол ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, бүгінде отбасындағы зорлық пен зомбылықты азайту үшін барын салуда. Бұл қолданустағы замнамаларға өзгерістер енгізуден басталды. Сонымен қатар арнайы тренингтер ұйымдастыру, әлеуметтік жағдайды жақсарту (көптеген зорлық фактілері әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан туындаған жанжалдар әсерінен болады), психологиялық кеңес беруді арттыру сынды мәселелерді қамтиды.

Қазақстан әлемнің өркениетті елдері іспеттес, дамудың даңғыл жолына түсуді мақсат еткен мемлекет. Ол үшін түрлі заңнамаларды жетілдіру мен әрқашан ізденіс үстінде болу маңызды. Дамыған мемлекеттер үшін ең маңызды құндылық адам болып табылады. Оның ішінде адамның білім алу, денсаулығын күту, өзін дамыту мен бақытты болуына тиісті факторлар ескерілуі тиіс. Ол отбасылық зорлық-зомбылықты азайтуға да тікелей байланысты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387